САЯХАТ 3, Каджурахо-өнер ме әлде пасықтық па?
1 Джанси қаласының темір жол станциясындағы үйреншікті көрініс. Пойыз күтушілерінің осылайша кез келген жерде көлбейінен жатуы ғажап емес. 2 Демалып жатқан күтушілерге (мүмкін жергілікті тұрғындар) станцияның сыртынан да жолықса болады. 3 Бэкпэкер саяхатшыларының сүйікті sleeper вагоны. Бұл вагондар ақысы арзан болғандықтан, кейде ине симайтындай жұртқа толы болады. Әттен-ай, вагон еденінде ұйғасқан бауырластардың кіші інісі сүретте көрінбейді, себебі ол төмен сол жақ полкасының астында рахаттанып жатыр. 4 Каджурахо Делиден 620 шақырым онтүстік-шығыс бағытта орналасқан. 5 Бұл ғажап храмдар кешені Х-ХІІ ғасырлар аралығында Чандела династиясының орталығы болған кездерде салынған. 6 Заман алға басқан сайын, кей династиялар топыраққа айналса кейбіреулері сол топырақтан пайда болады. Чандела д…