Генерал Черняевті қудырған Датқа
Астана. 19 наурыз. Baq.kz- Молда Қошықтың азан шақырып қойған аты – Қожық. Әкесінің аты – Тоқбай. Ол жастайында діни білімді игерген. Алдымен Тәшкендегі «Көкалташ» медресесін, сосын Бұхарадағы жеті жылдық «Мір-Араб» медресесін тәмамдайды. Ол мыңбасы, би, аға би, датқа, Ташкент қаласының дәруғасы (басшысы), әскербасы, Қоқан ханының Ресейдегі елшісі қызметтерін атқарған. Сондықтан оны ел ішінде Молда-би, Батырбасы, Ләшкербасы, Датқа деген лақап аттармен атаған.Молда Қошық 18 жасында 1814 жылы Қоқан хандығы тарапынан Түркістан өлкесіне датқа болып тағайындалады. Бұл – ханның жай ғана өкілі емес, биік мансап иесі. Датқаның ұлан-байтақ елі, қолында жеке мөрі бар, шексіз-шетсіз билігі болды. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Бақтияр Сманов «датқа» сөзі парсы т…

