Целью проведение акции стало консолидация молодежи к угрозам и вызовам религиозного экстремизма, противодействие распространению экстремистских идей, воспитание в духе казахстанского патриотизма, уважение к национальной культуре, традициям и обычаям, как основа успешной социализации молодежи.
В мероприятии приняли участие более 8 тысяч студентов ВУЗов и ССУЗов области.
Перед молодежью с патриотическими призывами выступили: аким Атырауской области - С.Измухамбетов и Председатель Агентства по делам религий - К.Лама Шариф, председатель Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан - Г. Абдикалыкова, депутат Мажилиса Парламента РК Б. Смагул, а также авторитетные и уважаемые лидеры общественного мнения области.
В ходе молодежной акции перед молодежью в исполнении патриотичиских песен выступили звезды казахстанской эстрады: Мадина Садвокасова, Маржан Арапбаева, Ерболат Кудайбергенов, известный поэт Еркебулан Кайназаров и популярный дует Каракат-Кыдырали.
Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери комитетінің бірінші отырсы өтті.
Оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Армения елдерінің қарулы күштері, бас штабтарының басшылары қатысты. Ресей астанасында бас қосқан әскерилер, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытуды қажет ететін негізгі басымдықтарын талқылады.
Жаңа құрылған әскери комитет аймақтарда ұлттық қарулы күштерді ұйымдастырып бақылаумен бірге, қалыптасқан мәселелерді жедел шешу мақсатында жұмыс істейтін болады. Биыл әскери комитетке Қырғыз республикасы төрағалық етуде.
Ілиясбек СҰБАНҚҰЛОВ, ҰҚКҰ ӘСКЕРИ КОМИЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Әскери комитетті құру мәселесі бірнеше жылдан бері қарастырылып жүрген. Өткен жылдың желтоқсан айында ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуінде бұл мәселе шешілді. Бүгін комитет өзінің алғашқы отырысын өткізді.
Аталған шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері, ғалым-сарапшылар, жоғары оқу орындарының студенттері мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері қатысты.
Конференцияның мақсаты – ел жастарының назарын діни экстремизмнің қатеріне аудара отырып, оның Қазақстанда таралуына идеологиялық тұрғыда қарсы әрекет етуге жұмылдыру.
Конференцияда Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қ.Лама Шариф, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Ертаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Е.Маямеров, қоғам қайраткері А.Айталы, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Н.Сыдықов, «Тарлан-Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ж.Қадырғазиева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті А.Жұмабаев және тағы басқа азаматтар сөз сөйледі.
ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қ.Лама Шариф өз сөзінде «Дін және жастар» атауымен жүзеге асып жатқан іс-шара тақырыбының көкейкесті екендігіне ешкімнің де күмән келтірмейтіндігін атап өтті. Әлеуметтік белсенділігінің жоғарылығымен ерекшеленетін және де тіршілік пен өмірдің мәнін іздеуден талмайтын жастар ортасы қоғамның ерекше тобы ретінде теріс пиғылды діни насихатқа оңай олжа болуда. Яғни, өзіне ғана тән идеологиялық әсерлерге еліккіштігімен тұзаққа ілінуде. Қазіргі таңда жастар қылмыстық элементтердің аса айлакерлікпен құрған идеологиялық торларына жиі түсетін болды.
Конференция қатысушылары әлеуметтік өзгерістермен қоса қоғам өмірінде дін рөлінің артуы жағдайындағы жастар ортасында туындап жатқан түйткілдерді талқылай келе, өскелең ұрпақтың діни экстремизмнің таралуына қарсы әрекет ету бойынша азаматтық ұстанымдарын белсенді етуге қатысты нақты ұсыныстар әзірледі.
Жиын нәтижесі бойынша іс-шараға қатысушылардың Қазақстан Республикасы жастарына арнаған Үндеуі қабылданып, онда діни экстремизмнің қоғамға қатер төндіретіні атап өтілді. Яғни, жастарға елінің патриоты болу керектігі, мемлекеттік органдар, ғылыми қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар мен дәстүрлі діндер өкілдерімен бірге радикалдық діни ағымдардың жастар арасына және қоғамға өз идеяларын таратуына қарсы күресу мен еліміздің өсіп өркендеуіне атсалысу қажеттілігі түсіндірілді.
Бүгін Тәжікстанның Душанбе қаласында Бірлескен бақылау тобының 28-ші сессиясы өз жұмысын аяқтады. Оның жұмысына құрамында Сыртқы істер және Қорғаныс министрліктерінің өкілдері бар әскери сарапшылар қатысты.
Қазақстан Республикасының делегациясы 1996 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісімге және 1997 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге сәйкес құрылған.
Келісімдерді іске асырудың жұмыс органы – Бірлескен бақылау тобы болып табылады.
Сессия барысында Қазақстан, Қырғызтан, Ресей, Тәжікстан бірлескен тараптар делегациясы мен Қытай әскери сарапшылары бірқатар пленарлық отырыстар мен кездесулер өткізді.
Сессия достық, іскерлік және сындарлы жағдайда өтті, соның нәтижесінде Сенімді нығайту және Қарулы күштерді қысқарту туралы келісімді орындау мәселелері бойынша тереңдетілген сенімді пікір алмасу жүзеге асырылды.
Өскеменде жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу шаралары аясында «Әскерге шақырылушылар күні» атап өтілді. Оны «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері ұйымдастырды.
Жасөспірімдердің алдында осы өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Василий Рысбаев сөз сөйлеп, аталған шараның мән-мақсатын түсіндірді.
Әскери қызметшілер болашақ сарбаздарға қарумен сапта жүрудің әдіс-тәсілдерін паш етті. Барлаушылар болса қоян–қолтық айқас элементтерін көрсетті. Мектеп оқушылары атыс қаруларын тамашалап, Калашников автоматын шашып-жинаудан өзара жарысқа түсті. Көптеген жастар бұл міндеттерді өте шебер орындап, Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысы ардагерлерін қуанта білді.
Әскерге шақырушылардың алдында әскери қызметшілер мен облыс артистері концерт қойды. Шараға қатысушылар сарбаз ботқасынан дәм татып, «Әскерге шақырылушылар» аллеясына ағаштар отырғызды.
Өскемен гарнизонында бұған дейін «Армия сәби көзімен», «Ерлік сабақтары», сондай-ақ оқушылар арасында әскерилендірілген эстафета сияқты патриоттық шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
13 сәуір күні, сағат 22.20-да «Хабар» арнасында жаңа республикалық көлемде өтетін «Жігіт сұлтаны» республикалық телебайқауы басталады. Жоба ерекшелігі, байқаудың аты айтып тұрғандай, мұнда тек ер жігіттер қатысады. Бағдарлама қатысушыларына қойылған басты талаптар: жасы 18 бен 29 аралығында, бойының ұзындығы 170 см-ден кем емес, қазақ тілінде еркін сөйлей алатын, қазақ дәстүрі мен тарихынан сусындағын, өнерлі әрі спортпен шыныққан азамат болу.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда елімізде нәзік жандылар қатысатын көптеген байқаулар бар: «Қазақ аруы», «Мисс Қазақстан», «Қазақстан топ-моделі», «Қазақ ханшайымы» және т.б. Бірақ ер жігіттерге ғана арналған байқаулар біздің елде әзірге болмай тұр. Осыдан 20 жыл бұрын, 1993 жылы алғаш және соңғы рет сондай байқау өткен еді.
Ол дода баршамызға М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актері, тележүргізуші және әнші Жалғас Толғанбай атты жаңа есімді сыйлаған болатын. Финалда Жалғас автокөлікті ауызбен бірнеше метрге сүйрегені көптеген отандастарымыздың әлі есінде шығар.
Ақпан айында Астана қаласында байқауға қатысуға үміткерлер арасында іріктеу өтті. Қазылар алқасы бәйгеге қатысуға лайық деген 16 үміткерді таңдап алды. Ал сәуір айынан бастап қатысушылар ән сайысы, актерлік шеберлік, цирк өнері, би жарысы, ұлттық қолөнер, спорттық бәсеке және т.б. сайыстарда бақтарын сынайды. Әр байқау күнінен кейін бір үміткер жобадан шығып отырады. Финалдық жарыста үздіктің үздігі атану үшін 6 адам сынға түседі деп жоспарланып отыр. Жүлдегерлерді құнды сыйлықтар күтіп тұр, ал бас бәйге – автокөлік.
Қазылар алқасы – әр бағдарламаның тақырыбына сай шақырылған белгілі кәсіптің майталмандары. Жобаның алғашқы шығарылымдары, яғни 13 сәуір мен 20 сәуірде эфирге шығатын бағдарламалар көптеген қызықты оқиғалардың куәсі болған іріктеу кезеңіне арналады.
-«Жігіт сұлтаны» жобасы – қазақстандық көрермендер үшін тың, жаңа, күтпеген бағдарлама, – дейді «Хабар» Агенттігінің бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсері Ринат Кертаев. – Алдыңғы буын өкілдеріне де, кейінгі буын өкілдеріне де қызықты болатын жоба. Бағдарламаның әр саны әр түрлі өнер түріне арналады, сонысымен қалың көрерменді еліктіріп отырады деп ойлаймыз. Төл жобамызда ұлттық нақыш пен заманауи талаптар жақсы үйлесім тапқандықтан, жігіт төресін анықтайтын бұл байқау телевидение айдынында өзінің лайықты орнын алады деп үміттенеміз.
Жігіттің сұлтаны атануға үміткерлер тек қана сырт келбеті мен сымбатына иек арта алмайды. Қазылар қатысушылардың өнерін бағалап, ақылын, тапқырлығын сынайды. Өз білімі мен ақылына сүйенген қатысушылар интеллектуалдық сұрақтарға жауап беру арқылы қосымша ұпай жинауына мүмкіндігі бар.
13 сәуір күні, сағат 22.20-да «Хабар» арнасында жаңа жоба – «Жігіт сұлтаны» республикалық телебайқауының тұсаукесерін жіберіп алмаңыздар. Әр сенбі сайын нағыз ер жігіттердің нағыз сайысын көріңіздер!