Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Қорғаныс министрін Тәжікстан Президенті қабылдады


Қазақстан Қорғаныс министрін Тәжікстан Президенті қабылдадыБүгін Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің Тәжікстан Республикасына ресми сапары басталды. Душанбеде Қорғаныс ведомствосының басшысын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қабылдады.

«Біздің елдің басшылығы маңызды өңірлік серіктес ретінде Тәжікстанмен арадағы байланыстың дамып нығаюына үнемі баса назар аударады. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы саяси, экономикалық сондай-ақ қорғаныс саласындағы екі жақты байланыс серіктестік аясында дамуда»,-деді  Әділбек Жақсыбеков.

«Біздің өңірлік қауіпсіздік мәселесіндегі тығыз қарым-қатынасымыз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ҰҚШҰ жедел әрекет ету күштерін дер кезінде құруымызға Сізбен бірге басқа да мемлекеттер басшылары қолдау көрсетті»,-деп атап өтті Қорғаныс министрі Эмомали Рахмонның қабылдауында болған кезінде.

Тәжікстан Президенті Қазақстан мемлекетінің басшысына екі жақты қарым-қатынастағы жемісті ынтымақтастыққа алғысын білдіріп, келешекте қорғаныс саласындағы байланыс өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікті сақтауға жаңа серпін беретіндігіне сенім артатындығын жеткізді.

Екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық пен келешекте әскери білімді дамыту сұрақтарын Әділбек Жақсыбеков түстен кейін Тәжікстанның қорғаныс министрі Шерали Хайруллоевпен талқылайтын болады.

Қазақстан мен Тәжікстан қорғаныс ведомстволары арасында екі жақты құжаттарға қол қою жоспарланған.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
281

Кел, жастар, оқылық!

12 апреля 2013 года  состоялась презентация «Клуба для любителей книг» в Казахской классической гимназии, в рамках проводимой Молодежным крылом «Жас Отан» НДП «Нур Отан» Республиканской кампании «Кел, жастар, оқылық!». Учащиеся данной школы представили на обозрение книги – бестселлеры и поделились с присутствующими своими впечатлениями о прочитанном. Стоит отметить, что все бестселлеры были приобретены школой при участии спонсоров, было затрачено около 200 тысяч тенге, специально куплены в магазинах Астаны и Петропавловска.

На презентации были представлены книги современной литературы, такие как «Секреты великих ораторов», «Алхимик», «7 навыков высокоэффективных людей», «Главное внимание главным вещам», «Правила Джобса», «Стратегия жизни», «Искусство системного мышления», «Стив Джобс думал иначе» и т.д.

Ученики гимназии предложили перевести хотя бы часть этих книг на казахский язык, ведь они являются наиболее интересными сегодня и из них можно почерпнуть много полезной информации для будущего поколения. Лично для себя я выделила ряд книг, которые необходимо прочитать в ближайшее время, ведь чтение исполняет очень важную социальную функцию: оно развивает воображение, любознательность, кругозор, влияет на грамотность человека; приучает людей к анализу больших объёмов информации и системному подходу к решению проблем

Несмотря на всю пользу интернет-ресурсов, но никогда не смогут восполнить хотя бы часть того что дает чтение той или иной книги. Мне хотелось бы отметить, что Руководство школы, в лице и.о директора школы-гимназии Данияра Уалиева, поддерживая начинания своих воспитанников, позволяет им не только расширить свой кругозор, но и определиться с выбором дальнейшей жизни, собственного пути успеха.

В этой связи, считаю, что настала пора задуматься о пользе книг, ведь именно в них сотни авторов во все времена делились своим жизненным опытом, мировоззрением, и во все времена именно в книгах люди находили ответы на волнующие их вопросы. Поэтому как гласит пословица: «Книги следует читать также неторопливо и бережно, как они писались!».

Жетписова Гульжан

активист Петропавловского городского филиала

Молодежного крыла "Жас Отан"

 
3
0
592

Америкалық кадеттер Құрлық әскерлерінің әскери институтында болып қайтты

Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына АҚШ Қарулы Күштері «Вест-Пойнт» Әскери академиясының кадеттері тәжірибе алмасып, екі оқу орыны арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында келді. Олардың бұл сапары Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастық жөніндегі бес жылдық жоспардың жүзеге асырылуы шеңберінде өткізілді.

 

Институтқа келген оншақты кадеттердің кейбірі қазақстанның әскери оқу орнында өткен жылы әскери тағылымдамадан өткен болатын. Қазақстанға қайта барамыз деп тілек білдірген олар өздерінің курстастарын да ала келіпті.

Әскери тағылымдамадан өту кезінде «Вест-Пойнт» курсанттары институттың оқу-материалдық базасымен танысып оқу жоспары бойынша өткізілетін сабақтардың бәріне қатысты.

Өз оқу тапсырмаларының негізінде кадеттер өздерінің болашақ мамандықтарының тұсаукесерлерін жасады, сонымен бірге  Америкадағы ең ежелгі әскери оқы орны «Вест Пойнт» Әскери академиясының тарихы туралы, қазіргі кездегі дамуы жөнінде әңгімелеп берді.

Америкалық курсанттардың Қазақстан туралы кеңірек мағлұмат алуы үшін Құрлық әскерлері әскери институтының басшылығы оларға экскурсиялар ұйымдастырды. Кадеттер Ұлттық мұражайды, Офицерлер үйін, 28 панфиловшы-батырлар паркін, Абай атындағы опера және балет театрын, Лермонтов атындағы орыс драма театрын және басқа мәдени орындарды аралады.

Өз Отандарына қайтар алдында «Вест Пойнт» кадеттері Құрлық әскерлерінің әскери институтында әскери кадрларды дайындау өте жоғары деңгейде жүргізілетіндігін атап өтті.

– Сіздердің институттың оқу-материалдық базасы, сапалы білім беруге арналған класстар, далалық жаттығулар өткізетін алаңдар заманауй қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықталған екен деп өз таңқалысын білдірді «Вест Пойнт» кадеті Ричард Хансен.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі


0
0
441

Қарулы Күштерде мемлекеттік тілдің қолданысы кеңеюде

Қорғаныс министрлігінде Министрдің орынбасары И. Ақпомбаевтың жетекшілік етуімен Қарулы Күштердегі Тіл туралы заңның орындалуы бойынша отырыс болып өтті. Оған Қазақстан Республикасы Бас әскери прокуратурасының өкілдері, әскер түрлері бас қолбасшыларының, Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелері бастықтарының орынбасарлары мен мемлекеттік тіл мамандары қатысты.
 

ҚР ҚМ Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы полковник Х. Омаров Қарулы Күштердегі мемлекеттік тілдің жай-күйі туралы баяндама жасады.   Б

ас әскери прокуратура басқармасының әскери прокуроры әділет майоры Ә. Рүстембаев Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік тілді дамыту бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтіп, кейбір мәселелер бойынша өзінің ұсыныстарын айтты.

Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы іс қағаздарын жүргізуді қазақ тілінде жүзеге асырылуын қадағалаумен қатар, әскери қызметшілер үшін қазақ тілін оқыту курстарын жүргізеді.

Қазақ тілі кабинеттері заманауи құралдармен толықтай жабдықталған. Тіл үйренушілерге білікті мамандар сабақ береді.

Жиналысты қорытындылаған Қорғаныс министрінің орынбасары И. Ақпомбаев Қарулы Күштерде мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарын одан әрі жалғастыру бойынша нақты тапсырмалар қойды.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
0
477

Windows 8 интерфейсін қазақ тіліне ауыстыру | Установка казахского интерфейса на Windows 8

Жуырда Yvison-дегі Microsof блогында Windows 8 туралы қазақ тілінде жазба шықты. Жазба өте пайдалы болғанымен бір кемшілігі көзімнен шықпай койды - автордың суреттерінде Windows интерфейсі орыс тілінде екен. Осыны көріп көпшілікке бейтаным бұл Windows-тың ерекшелігі оның қазақшаға аударудың мүмкіндігі бар екенін туралы жазайын дедім.

Егер сізде Windows-тың орысша нұсқасы болса Win+Q басып "Параметры" терезесінде "Язык" деген сөзді теріңіз.

Недавно в блоге Microsoft на Yvision-e был опубликован пост о Windows 8 на казахском языке. Пост был отличным, но с одним недостатком - скриншоты интерфейса Windows были на русском языке. Многие наверное не знают, но интерфейс этой Windows можно перевести на казахский язык. О чем я и решил написать пост

Если у вас Windows на русском языке, нажмите Win+Q и наберите в строке Параметры слово "Язык.


Windows 8 интерфейсін қазақ тіліне ауыстыру/ Установка казахского интерфейса на Windows 8
Іздеу нәтижелерінде "Добавление языка" деген пунктты таңдасаңыз мынандай терезе шығадыВ результатах поиска выберите "Добавление языка" и у вас появится следующее окно

Windows 8 интерфейсін қазақ тіліне ауыстыру/ Установка казахского интерфейса на Windows 8

Жүйеде бар тілдер тізімінің үстінде "Добавить язык" батырмасын басыңызНажмите "Добавить язык" над списком установленных в системе языков.

Windows 8 интерфейсін қазақ тіліне ауыстыру/ Установка казахского интерфейса на Windows 8

Қазақ тілін тауып таңдаңыз   Найдите и выберите Казахский язык  

Windows 8 интерфейсін қазақ тіліне ауыстыру/ Установка казахского интерфейса на Windows 8

Енді қазақ тілінің параметрлеріне кіру керек   Теперь нужно зайти в параметры казахского языка  

Windows 8 интерфейсін қазақ тіліне ауыстыру/ Установка казахского интерфейса на Windows 8

Осы жерден "Загрузка и установка языкового пакета" деген сілтемені бассаңыз интернеттен Windows 8-дің қазақша интерфейсі жүктеліп қойылады.Нажимаем на кнопку "Загрузка и установка языкового пакета" и скачиваем,а затем и устанавливаем казахский языковой пакет.

Windows 8 интерфейсін қазақ тіліне ауыстыру/ Установка казахского интерфейса на Windows 8

Қазақ тілін Windows интерфейсінде басты тіл қылу үшін оны алдындағы терезеде "Вверх" батырмасын басып басқа тілдерінің үстінен шығарып қойыңыз.Что бы сделать казахский язык основным нажимаем кнопку "Вверх" и ставим его вверх списка языков.

Windows 8 интерфейсін қазақ тіліне ауыстыру/ Установка казахского интерфейса на Windows 8

Ал енді соңғы әрекет - компьютерды сөндіріп қайта қосыңыз!   Ну а теперь последнее действие - перезагрузка!  

Windows 8 интерфейсін қазақ тіліне ауыстыру/ Установка казахского интерфейса на Windows 8

Қазақша Windows 8 осындай екен!   Вот и Windows 8 на казахском!  
7
8
3052

Қозы Көрпеш — Баян Сұлу күніне мерекелік анонс

Бүгін еліміздің барша жастары Махаббат күнін тойлауда. «Екпін» журналы Қазақстанның әр қаласы бұл мерекені қалай тойлайтынын алдын ала біліп алып, сіздермен бөлісіп отыр.


Астана:

Астана қаласында сағат 21:00-де Астана орталық саябағында жастар жиналып, жанатын гелий шарларын ұшырады.

Алматы:

— сағат 15:00-де Қарасай батыр мен Масанчи көшелерінің қиылысында, ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің студенттері ұлттық ғашықтар күніне арнайы қойылым қояды.

— сағат 18:00-де ADK сауда-ойын-сауық кешенінде ғашықтарға арналған кеш ұйымдастырылады. Романтикаға толы ән мен биден тұратын кештің соңы жанатын гелий шарларын ұшыруға ұласады.

— сағат 18:30-да Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Махаббат сазы» атты поэзия кеші өтеді.

Семей:

— сағат 17:00-де Абай драма театрында қалалық ғашықтар байқауы өтеді.

— сағат 22:00-де Абай атындағы орталық алаңда «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» күніне орай жастар жиналып, аспан шамдарын ұшырады.

Шымкент:

— сағат 16:00-де облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы 15 сәуір күні нәрестелі болған жас аналарды құттықтап «Нұрсәт» ықшам ауданындағы перзентханаға барады.

— 16 сәуір күні сағат 19:00-де, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың кәсіподағының ұйымдастыруымен «Сапфир» мейрамханасында «Ғашықтар кеші» өтеді.

Қарағанды:

— сағат 17:00-де Кеншілер мәдениет сарайында «О, Махаббат» атты поэзиялық кеш өтеді.

— сағат 19:30-да «ЦУМ» сауда орталығының алдында қарағандылық жастар жиналып, аспан шамдарын ұшырады.

Теміртау:

— сағат 17:00-де Теміртау политехникалық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитететінің ұйымдастыруымен «Қозы Қөрпеш — Баян Сұлу» күніне арналған кеш басталады.

— сағат 21:00-де, Орталық стадионда теміртаулық жастар жиналып, аспан шамдарын ұшырады.

Павлодар:

— сағат 20:00-де Орталық жағажайда павлодарлық жастар жиналып, аспан шамдарын ұшырады.

— 19 сәуір күні сағат 15:00-де С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің концерт залында «Ғашық болуға 7 қадам» атты шоу-байқау өтеді.

Қостанай:

— бүгін 21:00-де «Кіші көпірде» қостанайлық жастар жиналып, аспан шамдарын ұшырады.

Орал:

сағат 19:00-де Жастар мәдениет үйінде «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» күніне арналған «Ғашықтың тілі — тілсіз тіл» атты мерекелік кеш өтеді.

Ақтөбе:

— сағат 17:00-де, «Нұр Отан» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен «Mega Ақтөбе» сауда-ойын-сауық орталығында «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу» байқауы өтеді.

Қызылорда:

— сағат 18:00-де Қызылорда қаласының орталық алаңында жастар кеші басталады. Қала қонақтары мен тұрғындарын керемет кештің куәсі болуға шақырамыз.

Қапы қалмаңыздар, достар!

4
4
3432

Өтірікті анықтау детекторы [Lie Detector]

"Өтірікті анықтау детекторы" деген қысқа метражды фильмнің қазақшаға аудармасы.

Қазақ тілін дамыту мақсатымен әлемдегі белгілі кітаптарды, фильмдерді, роликтерді аудару қажет.

Ұсыныстарыңыз болса, комментарий жазып білдіріңіз. Назарлыңызға көп рақмет!

6
7
905

Шохан: «Мен үшін махаббат — бақыт кілті»

«Екпін» журналы қазіргі жастар үні мен тынысынан әрдайым хабардар болып, оны оқырманға жеткізіп отыруға тырысады. Қазірде қазақ жастары арасында қазақша рэп тыңдармандары көбейіп келеді. Қазрэптің жарқын өкілдері AshҚазақPro, Жақаумен сіздерді таныстырып үлгердік. Енді бүгін тағы да бір рэп майталманы, бас қала Астанамызды таныстырып жүрген, рэп оқуда өзінің ерекше техникасымен көптеген тыңдармандарын баурап алған Шоханмен таныс болайық. Сондай-ақ бүгінгі ғашықтар күніне орай Шоханмен бірге оның сүйікті жары Сабинаны да әңгімеге тартып, махаббат жайлы сөз қозғадық.


— Сәлем, Шоқан! Алдымен әңгімемізді шығармашылығыңнан бастасақ. Қазір рэп сен үшін жұмыс па әлде хобби ме?

— Негізі рэп айтуды мектеп бітіріп жатқан кезде бастағанмын. Брейк биімен әуестенгеннен басталды ғой бәрі. Сол кезде рэп хобби болатын. Бірақ хобби бола тұра, концерттерге шығып, бейнебаян түсіріп жүргендіктен, жастар арасында тыңдармандарым көбейе бастады. Олардың әр концертте мені жақсы қарсы алып жатқандары маған талпыныс берді. Сол себепті ол хобби дәрежесінен бастапқы жұмыс дәрежесіне көтерілді.

Қазірде жұмысым тек қана рэп айтумен шектелмейді, басқа рэперлерге бейнебаяндар түсірумен, студияда дыбыс жазу, өңдеумен айналысамын.

— Тек қана рэп айтумен күн көруге бола ма?

— Болады. Егер рэпердің ерекшелігі, басқалардан өзгешелігі болса. Егер халыққа берерің болса, онда саған деген сұраныс жоғарылайды. Сұраныс болған жерде, табыс та болады. Алайда ол, әрине, 50 Cent, Eminem сияқты бай болып кетесің деген емес. Ондай біздің елде мүмкін емес қазір. Бір жағынан продюсерсіз әрекет ету біршама қиындық туғызады. Бірақ бүгінде ақырындап өз күшімізбен алға жылжып келеміз. Өз-өзімізге продюсер болып жүрміз. Ағаларға барып, өзіңді таныстырып, әрекет етесің. Кейде өзіңді таныстыру да бір түрлі көрінеді. Мақтанып жатқандай боласың.

— Концерттер жиі болып тұратын шығар?

— Иә, қазірде менің концерт беретін аймақтарым негізінен Оңтүстік жақ. Бұрында Павлодар, Көкшетау, Өскемен, Бурабай жерлерінен шықпасақ, соңғы кездері көбінесе Қызылорда, Шиелі, Қазалы, Байқоңыр, Жетісай, Тараз өңірлері болып кетті. Ол жақтарда қазақша сөйлейтін халық көп болғаннан кейін сұраныс көбейді.

— Ал өзің қай жерде туылдың?

— Негізі туылған жерім Ресейдің Санкт-Петербург қаласы. Бірақ бір жасымнан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында өстім. 7-сыныптан кейін Астанаға оқуға келіп, осында қалдым.

— Қазақша рэп айтудың тіл мәселесіне тигізіп жатқан әсері бар ма?

— Қазақша рэптің қазақ тілі дамуына қосып жатқан үлесі бар деп ойлаймын. Өйткені осы жақтағы орыс достарым қазақ рэпінің айтылу техникасына қызығады. «На вашем языке тоже оказывается можно рэп читать» деп таң қалады. Өз тілін менсінбейтін, сөйлемейтін қазақ жастарының өздері де «біздің тіл заманауи бола алады екен» деп жатады. Қазақ тілінің көптеген сөздерін сәнді бағытта естіген кезде тілге деген қызығушылықтары арта бастағанын көрдік.

— «Әке мен бала» қақтығысы әр кезде болған ғой. Аға буын кейінгі ұрпақты түсінбей жатады. «Хабар» арнасындағы ток-шоудан соны айқын түсінгендей болдық...

— Бағдарламадағы көптеген ағалар сендер ақындардың өлеңдерін оқыңдар, онда мағына бар деп бізге үйреткендей болды. Бірақ біздің өлеңдерде де мағына жоқ емес. Негізі біздің жақсы тексттерімізді талқыламай қойды олар. Сахна сыртында ол ағалар «ойбай, біз рэп туралы түк білмейміз, не айтамыз? Рэп деген не?» деп не айтарларын білмей тұрғанын өз көзіммен көрдім. Әйтеуір ойдан шығарып, сендер қарсы боласыңдар дегеннен кейін бір нәрсе айтып жатты. Енді ол шоу ғой.

Біздің мәтіндерде өзіміз күнделікті қоладанатын сөздер ғана бар, ондағы мақсатымыз өз замандасымызға түсінікті болу. Қиыннан қиыстыратын болсақ, бізді тыңдарманымыз түсінбей қалады, тыңдамайды да. Рэп пен поэзия екі түрлі нәрсе. Осыны түсіну керек. Рэпте кейде бір қатардың өзінде 15-16 сөзге дейін жетіп жатады. Ол төрт шумақты өлеңге мүлде ұқсамайды.. Өлең рэп емес, рэп өлең емес.

— Рэп жасаудағы басты мақсатың қандай? Тыңдарманыңа жеткізер идея, ұстанымың бар ма?

— Ең алдымен, рэп айту маған ұнайды. Осы өнерге ғашықпын. Екіншіден, мектеп кезінде Шымкенттен Астанаға көшіп келдім. Орысша білмейтінмін. Балалар мені «орысша білмейтін мамбетсің» деп жабылып ұратын. Сонда неге бір қазақтың баласы екінші қазақ бауырына «сен қазақша сөйлеме, бұл Астана, бұл солтүстік аймақ, бұл жерде орыс тілі сәнде » деп соққыға алады? Бұл жағдай намысыма тиетін. Оларға әрқашан қарсы тұратынмын. Сол себепті осы рэпті бастағанымда, қазақ тілінің сәнде, оның керек екенін өзіммен жасты жастарға, іні-қарындастарыма жеткізгім келді. Өз басымнан өткен жағдай сияқты, «сен қазақша сөйлеме, ол ескі тіл» деген мазақтауалар болмау үшін, қазақ тілін көне тілге жатқызып жібермеу үшін осының бір көмегі болар деп ойлаймын. Рэп деген тіл дамуының мыңдаған құралдарының тек бірі ғана.

— Рэптің болашағын қалай елестетесің?

— Қазіргі таңда рэпер көбейіп кетті. Ресейдің Драго деген рэпері: «қазір кімнің аузы бар, сол рэп айтатын болып кетті» дейді (күліп). 5-6 жыл бұрынғымен салыстырғанда рэп дамып келе жатыр. Шын мәнінде тыңдармандар көбейіп, үлкен концерттер жиналып жатыр. Мысалы, алдында бір «Біз» деген бағдарламаға қатысқанмын. Тақырып ән туралы болды, тек соңында ғана мен рэп туралы сөз қозғап жібердім. Сонда сол жерде шаршап отырған жастар, үлкендер өздері шапалақтап, шулап, ысқырып қолдау көрсетіп кетті. Содан-ақ рэптің жаңа өнер ретінде бір серпініс әкелгенін көрдім. Оның болашағы бар, 15-20 жылдан кейін рэп шоу-бизнеске толықтай кіреді. Қазірше бізді «сендерге болмайды» деп, аяқпен теуіп жатқандай.

— Рэперлер бас қосқанда осындай мәселелерді талқылайсыңдар ма?

— Жақау бауырым, Қызылорда жақтан Саддам, Шымкенттен Баллер, Баги бауырлармен бас қосамыз. Бірігіп жақсы дүниелер жасауға кірісіп жатырмыз. Жақында Жақаумен «Діл мен тіл» деген тақырыпта жаңа ән шығады.

— Жалпы рэп саласының деңгейге көтерілуі үшін рэперлерге бір арнада, біріге жұмыс істеуі керек шығар. Ал сендердің керісінше баттл, айтыстарыңның пайдасы бар ма?

— Баттл деген бұрында Қазақстанда болмаған. Ол пайда болуының өзімен қызықты болды. Батыста Жақау, Алматыда Шыңғыс, мына жақта мен, т.б. көптеген рэперлер баттл, дисс, айтыс жасаған себебі — рэпке назар аударту. Рэп өнері деген алдын ала жазып, дайын нәрсені айтып беру емес, ол қазақтың айтысы сияқты суырыпсалма өнері. Сол себепті біздің дисстердің жастарды қаратуға көмегі тиді. Бір-бірімен қырылысып жатыр екен деп тыңдармандар интернетті қоймай іздеді, негізі бір жарылыс болды. Бірақ ол кездері біз боқауыз, жаман сөздерді қолданып кеттік. Ол кезде бізге басымыздан нұқып, айтуға болмайды дейтін аға да болған жоқ.

— Қазірде сол боқауыз сөздерді айтқандарың қате деп ойлайсың ба?

— Иә, боқауыз сөздер қателік болды. Бірақ дисс деген қате болмады. Өйткені жастар тапқырлығымен айтысты. Бір-бірін балағаттамай, өнерімен озу керек болды. Жаман сөз айтып, әркім көтеріліп кете алады. Жақсыны көрсету қиынырақ. Қазірде бірақ ол әрекеттерді қойдық, балалық қой. Бұрында айтысып жүрген Жақау бауырымызбен жақсы араласып тұрамыз, мысалы. Бірақ өнерде де, өмірде де араласпайтын адамдар бар. Әркім өз қатесін біледі.

— Тыңдармандарыңа жақын арада қандай жаңалықтар дайындап жатырсың?

— Өлеңдерің азайып жатыр дегенді көп еститін болдым соңғы кезде. Бұрынғыдай асығып шығару деген жоқ қазір, асықпай ойланып-толғанып 2-3 аптадай тыңдап қойып, өңдеп жаңа деңгейде өлеңдер дайындап жатырмын. Аллаға шүкір, қазір «Муззон» арнасында ЖанСакс, Сабина үшеуіміздің клуб стилінде жазылған Астананың 15 жылдығына арналған әнімізді беріп жатыр. Ол біз үшін жетістік. Сондай-ақ жаңалық: Айдос деген кішкентай кезінен мүгедек болып қалған жігіт екеуіміздің «Талпыныс» деген әнімізге бейнебаян түсірдік. Ол да жақында шығады. Және де өзімнің жеке альбомымды дайындап жатырмын. Ол тыңдармандарға тосын сый болады.

— Енді 15-сәуір ғашықтар күніне орай сіздің біраз жеке өміріңізді де көрсетсек, жұбайыңыз Сабина екеуіңіз қалай таныстыңыздар?

— Студияда таныстық. Кейін бірге ән айтып, концерттерге шығып жүріп араласып, бір-біріміз үшін жаралғанымызды түсіндік. Бас қостық.

Сабина:

— Оны жалпы мен дұрыстап айтып берейін: Шоқанға әнші қыз керек болып, ол продакшнда кастинг жариялаған болатын. Бұған дейін мен бірақ рэпер ретінде оны білмедім. Өзім Астанаға Қарағандыдан жұмыспен келген болатынмын. Сосын хабарламаны көріп қалып, кастингке келгенде алғаш рет таныстық. Кастингте ол мені таңдап, кейін жұмыс істеп кеттік. Алдымен, екеуіміз жақсы дос болдық. Өмірде бір қиындық туындап қалғанда кеңес сұрап оған баратынмын. Оның әр мәселеде терең ойлайтыны маған ұнайтын. Біраз әңгімелесіп, оның ашық ойларын тыңдасам болды, бәрі де түсінікті бола қалып, дұрыс шешім қабылдайтынмын. Уақыт өте келе достықтан махаббат пайда болды.

— Ал Шоқан қалай ұсыныс жасады?

Шоқан:

— Ол негізі қызық болды (күліп). Бір кеште клубта концерт болатын болды. Оның алдында тамақтанып алайық деп, бір кафеге кіре салдық. Манты жеп отырғанда тосыннан «Сабина, маған тұрмысқа шық» деп қалдым. Сабина оны мүлде күткен жоқ еді.

— Отау құрғандарыңызға қанша болды?

— 1 жыл болды, Аллаға шүкір.

— Сабина, сен де әншісің, екі өнер адамына бірге тұру қиын емес пе?

— Мен үшін қиын емес. Керісінше, біз бір-бірімізді өнер адамы ретінде түсінеміз. Бірге жұмыс істеп, гастрольге де бірге шыққандықтан, біз үшін ол тек қана плюс.

Шоқан:

— Телепатиялық түсіністік. Біздің Сабина да көптеген байқаулардың жеңімпазы: «Жас Қанат», «Жастар жұлдыздары», т.б.

Сабина:

— 2 апта бұрын дүниеге қызымыз Риана келді (сұхбат 2 ай бұрын алынған - ред.). Әкесі есім таңдау ісіне шындап кірісіп, анықтамалар оқып, мұсылманша мағына беретін есім таңдады.

Шоқан:

— Бейсенбіден жұмаға қараған түні және де Пайғамбарымыздың туған күнінен кейін туылған соң, Аллаға ризашылығымызды білдіріп атын Риана деп қойдық. Риана есімінің жұмақтың гүлі, көзі ашық, т.б. жақсы мағыналары көп.

— Жас ата-ана рөліне үйреніп қалдыңыздар ма?

Сабина:

— Алғашқы күндері, әрине, қиын болды. Өйткені өзім жаспын (Сабина 23-те - ред.), анам Қарағандыда, қасымда көмектесер жақыным болмады. Бірақ қазірде енді мен анамын деген ойға үйренісіп, біраз жеңілдеп қалдым. Әкеміздің көмегімен, әрине.

Шоқан:

— Маған әке рөлі қиын болмады. Өйткені бұған дейін Бекнұр, Нұрайым деген екі нәрестем бар.

— Махаббат сіздер үшін...?

Сабина:

— Махаббат деген сүйген адамыңсыз өмір сүре алмау. Әрдайым оны көргің, сезгің келіп тұру. Және де әрине бір-біріңе қамқор болу, сену.

Шоқан:

— Мен үшін махаббат — бақыт кілті.

— Шоқанның мінезі қандай?

Сабина:

— Оны танымайтын адамға мінезі ауыр болып көрінуі мүмкін. Ал мен үшін оның мінезі мінсіз, маған бәрі жағады. Ең бастысы, ер мінезді, өз позициясын, көзқарасын қорғай алады. Бірақ отбасына, маған келгенде басқаша. Үйде де көп шешімді ол қабылдайды. Менің де сөзіме құлақ түріп, егер ойымды дұрыс деп тапса, қолдайды.

— Ал Шоқанның қыз тыңдармандары мазаламайды ма?

— Кейде көшеде кетіп бара жатқанда қыздар келіп суретке түсуін өтініп жатады. Ондай кезде мен керісінше ол үшін қуанамын. Өйткені тыңдармандарының сүйіспеншілігінен ол риза болады. Оның риза болғаны мені қуантпай қоймайды. Мүмкін, ең басында, енді ғана жүріп жүрген кезде біраз қызғану болған шығар, бірақ қазірде жақын адамың болып кеткеннен кейін толықтай сенім бар.

Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева

Фото автордікі

_________________________________________________________________________

Материалды өзге сайттарға көшіруге редакцияның рұқсатынсыз жол берілмейді

8
5
5362

Ұлыстың ұлы күнін атап өтті

Наурыз-Шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни Ұлыстың Ұлы күні. Наурыз мерекесі мыңдаған жылдар бұрын шығыс халықтарында жыл басы ретінде тойланып, ерекше аталып өтетін болған. Ол бүгінде жалғасын тауып достыққа ынтымақтастыққа, бірлікке, татулыққа шақыратын мереке ретінде көпшілікке танымал болып отыр.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы Наурыз мерекесін ерекше бағалап, жыл сайын атап өтуді әдетке айналдырған.
«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс-шарада басқарманың жеке құрамы ұлттық киім киіп, салт-дәстүрлерімізді,ұлттық ойын түрлерін, ұлттық тағамдарды көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.

Сонымен бірге бас басқарманың жеке құрамы арасында теннистен турнир өтті. Әйелдер арасындағы жарыста жүлде аға лейтенант Ш. Жанбосыноваға бұйырса, ерлерден майор М. Боранбаев ешкімге дес бермеді.

Наурыз тойының өзіне тән үлкен дәмді тағамы-наурыз көже.Ол жаңа жылда молшылық, мәнді де сәнді, тату тәтті өмір болсын деген ниетпен көпшілікке ұсынылады. Бас басқарманың әскери қызметшілері наурыз көжеден дәм татып, бір біріне ізгі тілектерін білдірді.Ынтымағы жарасқан  ұжымның бұл қадамы көпшілікке  үлгі болары анық.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
473

А.ж. 12 сәуірде Атырау қаласындағы «Мұнайшы» стадионында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі мен Атырау облысының әкімдігі бірлесіп «Жастар экстремизмге қарсы» атты жастар акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты жастарды діни экстремизмнің қатерлері мен сын-тегеуріндеріне қарсы жұмылдыру, экстремистік идеялардың таралуымен күресу, жастарды тиімді әлеуметтендірудің негізі ретінде ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлерді құрметтеу мен қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Іс-шараға облыстық жоғары оқу орындары мен арнайы орта білім беру мекемелерінің 8 мыңға жуық студенті қатысты.

Жастар алдында баршаны патриотизмге шақыра отырып, Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қ.Лама Шариф, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіхалықова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Б. Смағұл, сондай-ақ облыстағы қоғамдық пікірдің аса беделді көшбасшылары сөз сөйледі.

Жастар акциясының барысында жастар алдында Қазақстанның эстрадалық жұлдыздары – Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Ерболат Құдайбергенов, белгілі ақын термеші Еркебұлан Қайназаров және Қарақат пен Қыдырәлі отансүйгіштік рухындағы әндерді шырқап, өз өнерлерін көрсетті.

 
0
0
427