ҰҚШҰ Әскери комитетінің алғашқы отырысы өтті
Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери комитетінің бірінші отырсы өтті.Оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Армения елдерінің қарулы күштері, бас штабтарының басшылары қатысты. Ресей астанасында бас қосқан әскерилер, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытуды қажет ететін негізгі басымдықтарын талқылады.
Жаңа құрылған әскери комитет аймақтарда ұлттық қарулы күштерді ұйымдастырып бақылаумен бірге, қалыптасқан мәселелерді жедел шешу мақсатында жұмыс істейтін болады. Биыл әскери комитетке Қырғыз республикасы төрағалық етуде.
Ілиясбек СҰБАНҚҰЛОВ, ҰҚКҰ ӘСКЕРИ КОМИЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Әскери комитетті құру мәселесі бірнеше жылдан бері қарастырылып жүрген. Өткен жылдың желтоқсан айында ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуінде бұл мәселе шешілді. Бүгін комитет өзінің алғашқы отырысын өткізді.
11.04.2013
Kazakh TV
