Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бірлескен бақылау тобының 28-ші сессиясы жұмысын аяқтады

Бүгін Тәжікстанның Душанбе қаласында Бірлескен бақылау тобының 28-ші сессиясы өз жұмысын аяқтады. Оның жұмысына құрамында Сыртқы істер және Қорғаныс министрліктерінің өкілдері бар әскери сарапшылар қатысты.

Қазақстан Республикасының делегациясы 1996 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісімге және 1997 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге сәйкес құрылған.

Келісімдерді іске асырудың жұмыс органы – Бірлескен бақылау тобы болып табылады.

Сессия барысында Қазақстан, Қырғызтан, Ресей, Тәжікстан бірлескен тараптар делегациясы мен Қытай әскери сарапшылары бірқатар пленарлық отырыстар мен кездесулер өткізді.

Сессия достық, іскерлік және сындарлы жағдайда өтті, соның нәтижесінде Сенімді нығайту және Қарулы күштерді қысқарту туралы келісімді орындау мәселелері бойынша тереңдетілген сенімді пікір алмасу жүзеге асырылды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
448

Осы тақырып бойынша