Мазмұнға өту

Жаңа

«Дала қыраны-2013» жаттығуын жоспарлау конференциясы

Алматы қаласындағы «Казбриг» бітімгершілік бригадасының базасында «Дала қыраны» арнайы тактикалық бітімгершілік жаттығуын жоспарлаудың негізгі конференциясы болып өтті. Конференцияға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Тәжікстан, Швейцария, Қырғыз Респуликасы қарулы күштерінің, сондай-ақ НАТО штаб-пәтерінің өкілдері келді. «Дала қыраны» жаттығуы 2003 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын НАТО-ның «Бітімгершілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы аясында өткізіліп келе жатыр. Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов «Дала қыраны» арнайы тактикалық бітімгершілік жаттығуының форматы барған сайын өзгеріп, күрделеніп отырады. Оны өткізу аумағы да ұлғайып келеді. Халықаралық жаттығуды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін барлық мәселелерді егжей-тегжейлі талқылап, тыңғылықты дайындалуы…

0
0
416

«Қорғас» бойынша қылмыстық іс сотқа тапсырылды

Бүгінгі күні айыпталушылар мен олардың қорғаушыларын «Қорғас» және «Қалжат» кеден бекеттерінде экономикалық контрабандамен айналысу және ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істің материалдарымен таныстыру процедурасы аяқталуда. Ағымдағы жылғы 3 сәуірде 1575 томды құрайтын қылмыстық істің материалдары әрі қарай сотқа тапсыру үшін айыптау қорытындысымен Алматы қаласының прокуратурасына жолданды. 11 сәуірде қылмыстық іс материалдарын мәні бойынша қарау үшін Мамандандырылған әскери сотқа жіберу басталды. Бұл қылмыстық істер бойынша айыпталушы ретінде 45 тұлға өтіп отыр, олардың 42-сі қамауда, 3-не қатысты ешқайда шықпау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалған. Бұдан басқа, 19 адам іздеуге жарияланған, оларға…

0
0
391

«Oral — B» қаласы (1-нші бөлім: Нысандар)

Орал – Батыс Қазақстан Облысының әкімшілік орталығы, еліміздегі көне қалалардың бірі. Қала Каспий теңізіне құятын Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан, үш жағынан Жайықтың, Шағанның суларымен қоршалған. Жалпы аумағы 700 шаршы шақырымды құрайды. Қаланың атауы бірнеше рет өзгертілді. Қазақтар "Теке", "Орал" десе, ал орыстар - "Яицкий городок", "Уральск" деп атады. 1775 жылы Пугачев көтерілісін халықтың жадынан мүлдем шығарып, ұмыттыру мақсатында патшайым өзінің жарлығымен "Яицкий городок" атауын "Уральск" деген атауға өзгертеді. Ежелгі ғасырларда қала маңында көшпелі тайпалар - сарматтар, исседондар мекендеген. Орта ғасырда осы тұстан Шығыстан Батысқа қарай ең қысқа сауда жолы төселді. Аталмыш қала туралы қосымша мағлұматтарды уикипедия арқылы біле аласыздар. 18-нші наурызда Орал қаласы…

Бұлdirty ауылы

Орал — Ақтөбе трассасы бойында, қаладан 200 шақырым жерде орналасқан Бұлдырты ауылы – Батыс Қазақстан Облысы Сырым ауданындағы ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы —Жымпиты ауылының оңтүстік-шығысына қарай 55 шақырым жерде, Тамды өзенінің жағалауында орналасқан. Тұрғындар саны 3000 адам. Ауыл құрғақ қоңыржай агроклиматтық белдемде жатыр. Жері шөлейтті, сұр, бозғылт-сұр топырақты. Жусан, бетеге, селеу, көде, ши өседі. Шаруа қожалықтары мен өндірістік шаруашылықтар жұмыс істейді. Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаториялық пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Сырым ауданынан елімізге белгілі тұлғалар шыққан, оның ішінде батыр-шешен Сырым Датұлы-Шынтемір, белгілі ақын Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қадыр Мырзалиев, Ал…

-4
3
7385

Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздік мәселесі

Таяуда "Болашақ" газетінің бетінде Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздік мәселесі талқыға түскен болатын. Аталған өзекті сұраққа қатысты мен де өз пікірімді білдірген едім.- Меніңше, бұл мәселені біржақты қарастыру дұрыс емес. Біріншіден, еліміздегі көлік бақылау қызметінің босаңсып кеткендігінің айғағы. Себебі, көліктің техникалық жағдайына қатаң бақылау жоқ. Мұның соңы апатқа, адам шығынына соқтырып жатады. Екіншіден, жеке тасымалдаушылар бірінші орынға жолаушылардың қауіпсіздігін емес, қалтаның қамын қояды, яғни олар ескі, жарамсыз көлікті шашылып қалғанша пайдаланып, байып қалу маңызды. Тағы бір маңызды себеп, ол - еліміздегі автожолдардың жағдайы. Ескіріп, тозғаны былай тұрсын, кейбір автожолдар тар, көлік ағынын сыйдыра алмайды. Кей жағдайды жүргізушілердік кәсібі дайындығы да күмән ту…

0
0
535

Қазақстан Қорғаныс министрінің Ауғанстанға алғашқы ресми сапары

Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ауғанстан Ислам Республикасына алғашқы ресми сапармен барды. Сапар барысында Қазақстан Қорғаныс министрін Ауғанстан Президенті Хамид Карзай қабылдады. – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстанның аймақтағы интеграциялық үдерістерге белсенді араласуын, өзара экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың нығая түсуін қолдайды, – деді Әділбек Жақсыбеков. – Біздің ел ауған қоғамын ынтымақтастыруға және елді тұрақты демократиялық мемлекетке айналдыруға бағытталған Ауғанстанның ұмтылысын қуаттайды. Әділбек Жақсыбеков пен Ауғанстан Қорғаныс министрі Бисмилла Хан Мұхаммедтің кездесуінде әскери саладағы ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Қазақстанның қорғаныс өнеркәсіп кешенінің әскери техника мен қа…

0
0
389

Жауынгерлік парадқа дайындық басталды

Астанадан «Отар» 40-шы әсери базасына Жауынгерлік парадқа дайындық мәселесін пысықтау үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің жедел тобы жүріп кетті. Оған Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев басшылық жасайды. Жедел топтың құрамына Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштері түрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері енген. Офицерлердің алдында Жауынгерлік парадқа дайындық жөніндегі барлық мәселелерді үйлестіру міндеті тұр. Бұрын хабарлағанымыздай ол осы жылдың 7 мамырында, Отан қорғаушылары күні өтеді. Қазіргі уақытта әскери база аймағында Жауынгерлік парадқа қатысатын жауынгерік техникалар мен бөлімшелердің жеке құрамы шоғырланып жатыр. Жауынгерлік парадқа барлығы 7 мың әскери қызметшілер, 400-ден астам бронды машиналар, автотехникалар, 80-нен астам ұшақтар мен…

0
0
406

Қазақтың кейбір сөздері...

Жасымнан ойнап-күліп өскен біздің өлкеде (Қызылорда облысы) жүріс-тұрысы ебедейсіз, олақ кісілерді «Дәйіс» деп атайды . «Дәйіс» арабша «Дәюс» сөзінен шыққан. Дініміз Исламда «Дәюс» деп анасын, апа-қарындасын басқа еркектерден қызғанбайтын, көрінгеннің қойнына салуға даяр еркектерді атайды. Олар үшін жәннат харам етілген екен. Ал біздегі «дәйіс» атағын алған сол бейбақтар расымен опасыздар ма? Жоқ, әрине! Табиғатынан аңғал болғаны үшін ғана қоғамға айыпты болған адамдар. Сондай-ақ, қазірдің өзінде қолданыста жүрген «көрбақ» деген сөзді құлағым көп шалды (әлхамдулилаһ, өз адресіме аталмыш қарғысты естім көрген емеспін). Мұны айтып отырған ана өз баласының жетім қалуын тілегендей әсер қалдырады. Өзіне және сүйіп қосылған жарына мезгілсіз өлім сұрап, баласының тұл жетім болып, көрді төңіректе…

0
0
15717

ҚАЗАҚСТАН-ИРАН ҚАТЫНАСТАРЫ (жалғасы)

3. Иранның уранды байытуына Қазақстанның көзқарасы қандай болуы керек? Қазақстанның соңғы бірнеше жылға дейін Иранның уран байыту бағдарламасын қолдамаса да, оған қатысты «бейтарап» позицияда болып келгендігін жоғарыда атап өттік. Алайда 2012 жылдан бастап Астана бұл позициясын өзгертіп, Иранның уран байыту бағдарламасын қолдамайтындығын ашық білдіре бастады. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан (ядролық қарудан алғаш бас тартқан ел ОАР), оның зардабын шеккен ел ретінде Иранның атом бағдарламасын сынауға көшті. Астананың бұлай позициясын өзгертуі қаншалықты орынды? Халықаралық қауымдастық түрлі санкциялар салғанына қарамастан Иран уранды байытуды жалғастырып келеді және райларынан қайтар түрі де байқалмайды... Ресми Тегеран өздерінің «бейбіт мақсатта, яғни энергетикалық мақсат…

0
0
572