Мазмұнға өту

Жаңа

2021 жылдың қаңтар-қараша айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 750,8 млрд ...

2021 жылдың қаңтар-қараша айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 750,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 696,4 млрд теңге бағытталды. 2021 жылғы қарашада республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,2 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 153,2 млрд теңге бағытталды. 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 233 мың адамды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 99 726 теңгені құрады. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/300585...***С января по ноябрь 2021 года из республиканского бюджета на выплату базовой пенсии было направлено порядка 750,8 млрд тенге, соли…

0
0
160

«Қолы ашықтың – жолы ашық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

‘Кедергісіз келешек’ партиялық жобасы аясында «Шонжы» БПҰ төрағасы Р.Суджековтың қолдауымен ауылдағы тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлары төмен, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «Қолы ашықтың – жолы ашық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында «Шонжы» БПҰ төрағасы бұл отбасыларға әрқашанда көмек көрсетуге және әрқашанда әкім аппараты атынан біз сіздермен біргеміз деген сөздерін айтып, апарған азық-түлік, киім-кешек, үйге қажетті заттарын тапсырды. Сонымен қатар жастар мүгедек жандарға көмек қолдарын созып үй шаруаларына көмектесіп мүмкіндігі шектеулі азаматтардың алғыстарын алып қайтты.

0
0
304

«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында кездесу болып өтті.

«Nur Otan» партиясы Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын таныстырды.

Егемендіктің отыз жылдығына тұспа-тұс келген бұл жаңа Жолдау қазақ елінің жаңа саяси бағдарын анықтап, бірлігі мен тұтастығын бекемдейтін жаңа құжатқа айналмақ. Елбасы ұсынған әрбір тұғыр – тарихпен тамырлас, бүгінгі күнгі өмір талабымен үндес.

Елбасының

«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында "Тиірмен" және "Ават" бастауыш партия ұйымдарында кездесу болып өтті. Аудандық мәслихат депутаттары түсіндіру жұмыстарын жүргізді

0
0
156

«ЗНКААРК» РММ жетістіктері мен міндеттері»

Бүгінгі күні Қазақстанның арнайы кітапханалар ісін алға бастаушы деңгейіндегі ХХІ ғасырдың заманауи Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы 1971 жылы шағын кітапханадан бастау алып, осы уақыт аралығында ұзақ даму кезеңін өткерді. Ашылған жылдары кітапхана штатын 18 қызметкер құраған. 18,5 мың дана кітап қорымен 1300 оқырманға кітапханалық қызмет көрсеткен. Сәл ілгерірек республиканың түкпір-түкпірінде арнайы кітапханалар ашыла бастаған болатын.Бүгінгі таңда Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы республикамыздың өңірлеріндегі, жалпы саны 16 - облыстық, қалалық арнайы кітапханалар мен орталықтандырылған әмбебап кітапханалардағы зағип жандарға арналған арнайы бөлімдердің әдістемелік орталығы болып табылады.Кітапханада 8 бөлім,…

0
0
286

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» қорытындысы тақырыбында кітап көрмесі ашылды.

Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығы бастамасымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 15 жыл бойы өткізіліп келеді.Акцияның мақсаты – халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.Жыл сайын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында еліміздің барлық кітапханаларында көптеген іс-шаралар мен кітап көрмелері ұйымдастырылып, акц…

0
0
262

Жануарларға деген қатыгездік

Адамдардың тірі ағзаға деген қатыгез іс-әрекеттері қоғамдағы моральдық-этикалық мәселелерді көрсетеді. Қазіргі таңда көптеген отбасыларда ата-аналар балалардың бойына жанашырлық пен аяушылық, жануарларға деген қамқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін сіңіруге аса мән бермейді. Мәселенің түбірі содан басталса керек.Қостанай облысы, Рудный қаласында биыл қазан айында далада ойнап жүрген Лиза атты тойтерьер мерт болды. Себебі, бейтаныс әйел оны қуалап келе жатқанын қауіпті санап, жас балалардың көз алдында оны көтеріп, жерге лақтырған. Иесі Светлана Цурканның сөзі бойынша, итіне алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен пайдасы болмаған. Ал Тайга есімді итті өз иесі терезеден тастап жібергені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Көршілері оны иті мас кезінде тістегеніне бұлданып…

0
0
968

Сырдың сырқаты

Сырдарияның бізге жететін суы азайып кеткені жөнінде жыл сайын айтылады. Бірақ соны молайтудың, яғни өзен суының біздің елімізге тиесілі 16 миллиард текше метрін толық алудың жүзеге аспай жатқаны белгілі. Сондықтан Сыр бойындағы диқандар жыл сайын судан тарығып, шу шығарып жатады. Тіпті, қайбір жылдары судың аздығынан егін күйіп кетіп, ораққа ілінбей қалды. Биыл Сырдың суы тартылып, жұрт әлеуметтік желіге арнасы кепкен Сырдың суретін салып жатыр. Сол сияқты Сырдарияның Қызылорда қаласы маңынан ағып өтетін сусыз арнасын бейнежазбаға түсіріп, таратып жатқандар да бар. Мұндай ақпараттар, әрине жұртты мазасыздандырады.Ал бұл жайында тиісті орындар не дейді?Аталған мәселеге байланысты Қызылорда облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысы Бауыржан Шаменов БАҚ өкіл…

0
0
199

Kaspi арқылы ақша аудару: салық төлейтініміз рас па?

Қазақстан үкіметі бизнес өкілдерінің банк қосымшасы арқылы онлайн төлем түрінде алатын табысына салық салу мәселесін тағы да көтерді. Қазір елде Kaspi.kz ақша аудару жүйесін пайдаланатындар көп. Негізгі мәселе ол ақшаның қандай мақсатқа аударылғанын дұрыс ажыратуда болып отыр.Әлихан Смаилов қаржы министрлігі алқасының отырысында "Кәсіпкерлерге тұтынушылардан банктердің мобильді қосымшалары арқылы аударылған ақшаны тіркеу мәселесін шешуге ерекше назар аудару керек. Ақша аудару төлем жүйесі қарқынды дамып, нарық ауқымы ұлғайып жатыр. Бірақ бұған қоса салық төлеуге міндетті кәсіпкерлер тиісті салықты толық көлемде төлеуін қамтамасыз етуге тиіспіз" деді.Бұл жаңалықты естіген қазақстандықтар, әсіресе өзіне оңды-солды айыппұл салынуы мүмкін деп қорыққан жеке кәсіпкерлер оны қызу талқылай бастад…

1
0
223