«Қолы ашықтың – жолы ашық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
‘Кедергісіз келешек’ партиялық жобасы аясында «Шонжы» БПҰ төрағасы Р.Суджековтың қолдауымен ауылдағы тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлары төмен, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «Қолы ашықтың – жолы ашық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында «Шонжы» БПҰ төрағасы бұл отбасыларға әрқашанда көмек көрсетуге және әрқашанда әкім аппараты атынан біз сіздермен біргеміз деген сөздерін айтып, апарған азық-түлік, киім-кешек, үйге қажетті заттарын тапсырды. Сонымен қатар жастар мүгедек жандарға көмек қолдарын созып үй шаруаларына көмектесіп мүмкіндігі шектеулі азаматтардың алғыстарын алып қайтты.
