Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Kaspi арқылы ақша аудару: салық төлейтініміз рас па?

Қазақстан үкіметі бизнес өкілдерінің банк қосымшасы арқылы онлайн төлем түрінде алатын табысына салық салу мәселесін тағы да көтерді. Қазір елде Kaspi.kz ақша аудару жүйесін пайдаланатындар көп. Негізгі мәселе ол ақшаның қандай мақсатқа аударылғанын дұрыс ажыратуда болып отыр.

Әлихан Смаилов қаржы министрлігі алқасының отырысында "Кәсіпкерлерге тұтынушылардан банктердің мобильді қосымшалары арқылы аударылған ақшаны тіркеу мәселесін шешуге ерекше назар аудару керек. Ақша аудару төлем жүйесі қарқынды дамып, нарық ауқымы ұлғайып жатыр. Бірақ бұған қоса салық төлеуге міндетті кәсіпкерлер тиісті салықты толық көлемде төлеуін қамтамасыз етуге тиіспіз" деді.Бұл жаңалықты естіген қазақстандықтар, әсіресе өзіне оңды-солды айыппұл салынуы мүмкін деп қорыққан жеке кәсіпкерлер оны қызу талқылай бастады.

Дәл осы мәселе Қазақстанда 2019 жылы да көтерілген. Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов бақылаушы органдар ақша аудару қызметін ұсынатын барлық банкті тексеріп шығады деп мәлімдеген. Министрлік әр клиенттің шотын тексеріп, онлайн ақша аударымынан табыс тауып отырғандарды анықтамақ болған. Вице-министр бизнес өкіліне табыс түсіп отырғанын "әртүрлі жеке тұлға аударған ақшаға" қарап ажыратуға болатынын айтқан. Ол кезде де қазақстандықтар үкіметтің бастамасына қарсы шығып, ақыр соңында қаржы министрлігі бастапқы райынан қайтқан. 2019 жылғы 1 қарашада қаржы министрінің орынбасары Руслан Еңсебаев "Бүгінде Kaspi Gold төлем әдісі өте танымал механизмге айналды. Бұл қызмет түрі төлем жүйелері туралы заңға сәйкес келгенімен, салық кодексі мен төлемдерді тіркеу тұрғысынан алғанда дұрыс емес. Төлем жүйесіндегі қаржы операциялары салық органында тіркелмейді. Аталған механизмге тыйым салуды ойластырғанбыз, бірақ бұл экономикамызға кері әсер етуі мүмкін" деді. Вице-министр өз сөзінде онлайн төлемдер 10 пайызға артса, жалпы ішкі өнім 1 пайызға өсетінін, ведомство "осы қарқынды сақтап, халықты төлем жүйесін әлдеқайда дұрыс әрі өркениетті түрде пайдалануға көшіргісі келетінін" хабарлады. Министр Әлихан Смаилов ақша аударымдары үшін ешкім қосымша төлемдер талап етіп, салық салмайтынын айтып, кәсіпкерлер сатқан тауар мен көрсеткен қызметіне алатын онлайн төлем үшін де чек өткізуі керегін ескертті.

2021 жылы кәсіпкерлер ақша аударымы үшін салық төлеуі тиіс екені белгілі болды. Осыған дейін "онлайн төлемнің артуы көлеңкелі экономиканың азаюына ықпал етеді" деген министр енді ақша аударымдарына салық салу туралы шешімін "көлеңкелі экономика деңгейін азайтуға бағытталған шара" деп түсіндірді. Кәсіпкерлер мен сарапшылар үкіметтің шешімі онлайн төлем үлесін азайтып, бизнестің бір бөлігі жасырын жұмыс істеуге көшуі мүмкін деп қауіптенеді. Жеке тұлғалардың жеке аударымдарын кәсіпкерлік мақсатта төленетін төлемдерден бөлуі туралы бизнес қауымдастықпен, банктермен бірнеше рет талқыланды. Бұл бастамалардың мақсаты цифрлық кеңістікте бизнесті одан әрі дамыту, және олар қолма-қол ақшаға көшу мақсатын көздемейді, - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

2022 жылдан бастап банктерден тек кәсіпкерлік есепшотқа түсетін төлемдер туралы ақпарат алу жоспарлануда. Осылайша, жеке аударымдарға салық салынбайды. Мәселен, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады. Бұл режим жылына 10,3 миллион теңгеден аспайтын табыс үшін қолайлы. Кассаға келетін болсақ, қазір бірнеше мобильді қосымшалар бар, кәсіпкер кез келген банктің мобильді нұсқасын жүктей алады. Бақылау-кассалық машинаны толығымен заңды негізде қолданыңыз. Ал салық есептілігі E-Salyq Business қосымшасы енгізілгеннен кейін автоматты түрде қалыптасады. Біз кәсіпкерлерді арандатушылыққа бой алдырмауға және уәкілетті органдардың ресми ақпаратын ғана пайдалануға шақырамыз, - деп мәлімдеді қаржы министрлігі. Министрлік жеке кәсіпкерлерге салық салуға ыңғайлы болу үшін бірнеше салық режимдері бар екенін, олардың ішінен ең қолайлысын таңдауға болатынын түсіндірді. Бұл шаралардың барлығы бизнесті жүргізуді одан әрі жеңілдетуге бағытталғанын, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылатынын мәлімдеген болатын.

1
0
195

Осы тақырып бойынша

Kaspi арқылы ақша аудару: салық төлейтініміз рас па? - Yvision.kz