Саяси қуғын-сүргін құрбандарына ұрпақ құрметі
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай оқырмандардың отаншылдық сезімін шыңдау, қиындыққа төзу, болашаққа деген сенімдерін арттыру мақсатында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына ұрпақ құрметі» атты дауыстап оқу сағаты өткізілді.Шара барысында Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасалып, танымдық ақпарат беріліп, тақырыпқа орай деректі фильм көрсетілді.Қазақ халқының тарихында абыройы асқақтаған мәртебелі дәуірлерімен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» қиыншылық кезеңдердің де орын алғаны ащы ақиқат.Өткенге көз жүгіртсек, 1925 жылы қазақ халқына билік жасауға келген Ф. Голощекин Қазақстанда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұс…