Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» қорытындысы тақырыбында кітап көрмесі ашылды.

Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығы бастамасымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 15 жыл бойы өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.

Жыл сайын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында еліміздің барлық кітапханаларында көптеген іс-шаралар мен кітап көрмелері ұйымдастырылып, акция мен таңдаулы авторлар, олардың кітаптары туралы ақпарат беріледі, сондай-ақ Қазақстанның көрнекті жазушыларының шығармалары оқырмандар назарына ұсынылады.

«Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ-сі де республикадағы арнайы кітапхананың әдістемелік орталығы ретінде жыл басында «Бір ел – бір кітап» акциясы, «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» ЖОБАсын әзірлеген болатын. 2021 жылдың 10 желтоқсан күні «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» қорытындысы тақырыбында шара өткізді.

Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында «30 кітап - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.

Жыл басында Қазақстан Республикасындағы арнайы 17 кітапханалар арасында нүктелі-бедерлі Брайль қарпінде және дыбыстандырылған аудио кітаптарды зағип оқырмандарға арнап басып шығаруға мундеттелген болатын.

Жоба бойынша аталған акция шеңберіндегі кітаптарды еліміздегі зағип жандарға қызмет көрсететін арнайы кітапханалар өзара бөліп алып, зағип және нашар көретін азаматтарға қолжетімді нүктелі-бедерлі Брайль қаріпінде (БНҚ) және МР3 аудионұсқада басып шығарып, кейін «duxbury» және МР3 нұсқаларымен алмасып, жыл аяғында әр кітапхананың кітап қоры 30 кітапқа толығады деп жоспарланған болатын.

Бүгінде әр арнайы кітапхана өзіне міндеттеп алған кітапты зағип жандарға қолжетімді нұсқада шығарып, арнайы кітапханалар өзара келіскендей алмасып, бүгінгі күні ЖОБА аясында шығарылған кітаптардан кітап көрмесі жасақталды.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында үздік деп танылып, бүкілхалықтық оқуға ұсынылған 30 кітап, бүгін, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана төрінен орын алды.

Осы акция аясында нүктелі-бедерлі Брайль қарпінде және МP3 форматта жарыққа шыққан 30 кітапты атап айтатын болсақ:

Поэзия жанры бойынша 5 НБҚ және 3 шығарма МP3 аудио нұсқада жарыққа шықты.

Проза жанры бойынша 2 шығарма нүктелі-бедерлі қаріпте болса 4 кітап МP3 форматта жарыққа шықты.

Драматургия жанры бойынша Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр» шығармасы Брайль қарпінде басылып, қалған 5 шығарма МР3 аудио нұсқасында жарыққа шықты.

Балалар әдебиеті бойынша Толымбек Абдырайымның «Алабұға аулаған күн» және Мәди Айымбетовтың «Бар болғаны он төрт жас» шығармалары нүктелі-бедерлі Брайль қарпінде де және МР3 аудио нұсқасында жарыққа шықса, қалған 4 шығармалар МР3 форматта шықты.

Ал, аударма жанры бойынша Шымкент арнайы кітапханасы Ахметов Әділ, Агата Кристидің «Ғайып болған миллион» атты кітабын НБҚ және МР3 форматта басып шығарса, ал қалған аудармалар МР3 аудио нұсқасында жарыққа шығарылды.

Жыл кітабы қатарына енген ең үздік туынды болып танылған тағылымы мол бұл 30 кітаптың әрқайсысының барлық тақырыптардағы оқиға желісі зағип оқырмандарымыз үшін өте қызықты боларына сенімдіміз.

Қазақстанның әдеби мұрасына деген қызуғышылығының арттырып, өскелең ұрпақтың рухани дамуына ықпал ететін барлық кітапханалармен тығыз байланыста жұмыс жасап, алдағы уақытта да кітап алмасу үрдісі жалғасын табады деген ойдамыз.

Сіздерді кітап көрмесіне шақырамыз!

Асхат Байузаков,

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған

республикалық кітапхана директоры

#кітапхана #Бірелбіркітап #Балаларәдебиеті #Проза #Драматургия

0
0
227

Осы тақырып бойынша