Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру
#ҚазақстанРеспубликасыАқпаратжәнеқоғамдықдамуминистрлігі

#ҚазақстанРеспубликасыАқпаратжәнеқоғамдықдамуминистрлігі
Кәсіпкер Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне уәкілетті органның келісім шарттағы қалдықтарды қабылдау міндеттемелерін орындамауы бойынша өтінішпен жүгінген болатын.
Өтініште кәсіпкер ағымдағы жылдың 27 қаңтарында олармен 100 тонна көлемінде қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау бойынша шарт жасалғандығын көрсеткен. Алайда, алдын-ала жасалған төлемге қарамастан, квазимемлекеттік орган қызметкерлері шартта көзделген міндеттемелерін орындаудан бас тартып, өз кезегінде кәсіпкердің толыққанды жұмыс атқаруына кедергі келтірген.
Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мүдделі тұлғалардың қатысуымен кездесу өткізіп, тиісті ұсынымдар жолдады. Нәтижесінде аталған мәселе шешіліп, шартта көзделген міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілді.
3 жыл ішінде кәсіпкер пайдалы қазбаларды өндіруге оң лицензиясы болған жағдайда да жер учаскесін ала алмады.2019 жылы Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерге Талғар ауданында орналасқан жер қойнауы учаскесін көрсете отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия берді.Осы лицензия негізінде облыс әкімдігі ауданы 0,8 га жер учаскесін беруге тиіс еді. Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізілген әуре-сарсаңдар мен уақтылы шаралар қабылдамау қаңтар оқиғалары кезінде кәсіпкердің құқық белгілейтін құжаттары мен өтініштерінің жоғалуына әкеп соқтырды. Бұл кәсіпкердің "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментіне жүгінуіне негіз болды.Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінд…
Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет парасатты кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда. Мәселен, балабақшалар мен аудандардың білім бөлімдері арасындағы шарттарда соңғысына мектепке дейінгі ұйымдарда Тексеру және бақылау іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік берген пункттің болу фактісі анықталды. Білім бөлімдері өз ережелеріне сәйкес тексерулер жүргізуге құқылы емес, әсіресе Мемлекет басшысының тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий енгізу туралы Жарлығына және Қазақстан Республикасына барып қадағалауға қайшы келеді. Мониторинг қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары негізінде шарттарға осы норманы алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілді, бұл өңірдің 942 кәсіпкерінің құқықтарын қорғ…
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерге жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша негізсіз бас тартуды анықтады. Жеке кәсіпкер кәсіпкерлер палатасы арқылы жергілікті атқарушы органдардың Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан өз аумағында дүкен салу үшін жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша бас тартуына қатысты өтініш білдірді. Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігінің бас тартудың себебі, жер учаскесі республикалық мақсаттағы автожолдың жол бойындағы белдеуінің қоныстану аумағында орналасқандығынан болған. Департамент өкілдерінің қатысуымен жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен және "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ өкілдерімен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Оның барысында кәсіпкердің жер учаскесінде дүкен салуға мәселесі қаралып, оң шешімін тапты. Кәсіпкерді…
1 қаңтардан бастап қазақстандықтар өз құқықтарын қорғау үшін Конституциялық сотқа жүгіне алады. Бұрынғы Конституциялық кеңеске қарапайым азаматтың тікелей жүгіну құқығы болмаған еді. Азамат Конституциялық сотқа келесі жағдайда өтініш бере алады: 1. Сот дауында қолданылған заң немесе құқықтық актіні даулау үшін. Өтініш сот шешімі шыққан уақыттан бастап бір жыл ішінде берілуі тиіс және іс бойынша апелляциялық шағым түсірілген болу керек. 2. Сот дауы бойынша апелляциялық шағым берілмесе де, дауланып жатқан заңның қолданылуы туралы Жоғары соттың не мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмесі болса. 3. Заңның сот дауынсыз-ақ адамның құқықтарын шектеу түрінде қолданылатыны анық болса. Өзімде бірнеше іс бойынша Конституциялық сотқа жүгіну ойым бар. Олар жайлы каналда жазатын боламын.
Елімізде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы конституциялық заң қабылданды. Енді Уәкіл кез-келген мекемелер мен ұйымдарға еш тосқауылсыз кіріп, барлық қажетті ақпараттарды сұрата алады. Оған өзге де бірқатар кепілдіктер мен өкілеттіктер берілді. Қазақстандықтар Уәкілге өз мәселелері бойынша өтініштерін жібере алады. Өтінішті қарау нәтижесінде Уәкіл келесі шешімдерді қабылдайды: 1) өтініш берушінің құқықтарын қалпына келтіру үшін қабылдануға жататын тиіс шараларға қатысты ұсынымдар жібереді; 2) адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзған адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық іс қозғау туралы өтінішхатпен жүгінеді; 3) адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін талап арызымен сотқа жүгінеді.
Майнерлердің қызметін реттейтін заң жобасы Мемлекет басшысының цифрлық майнинг өндірісін құқықтық реттеу мәселелері бойынша тапсырмаларын орындау мақсатында Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смышляеваның айтуынша, «Цифрлық активтер туралы» заң жобасын әзірлеу екі себепке байланысты болды. Біріншіден, ел аумағында цифрлық майнингті реттеу қажеттілігі, екіншіден, Мемлекет басшысының Digital Bridge форумында Қазақстан аумағында криптовалюталық экожүйені дамыту туралы берген тапсырмасы негіз болып отыр.– Майнерлер Қазақстан экономикасының толыққанды қатысушыларына айналады. Негізінен бұған дейін майнинг жұмыстарын резидент емес адамдар бұлтты сервистерде жүзеге асырған. Қазақстан блокчейн индустриясының шикізат қосымшасы ретінде пайдаланылды. За…
«Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қызметінде тұрақтандыру қорына бөлінген 400 млн. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын мақсатсыз және тиімсіз пайдалану фактілері анықталды», – деді Тимур Темірәлиев.
Кәсіпкерлер азық-түлік өнімдерін сатып алудың орнына, берілген қаржыны айналымда ұстады. Ал кейбіреулері жеке мақсаттары үшін пайдаланған.
Сондай-ақ «Жетісу» ӘКК қарыз бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуына бақылау жүргізбеген.
Еске салсақ, биыл Алматы облысы бойынша Антикоррупциялық қызмет «Жетісу» ӘКК қызметіне сыртқы талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде құқық қорғау органы басшысының бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев 27 қауіп анықтағанын баяндады.
Құрметті, Судья Айгүл Қанатқызы! Сіз жер бетіндегі мен үшін нағыз ең әділетті адамсыз! Сіздің осындай қасиетіңізге ата анаңыз шексіз қуануы керек! Сіздей әділ жанды тәрбиелеп шығарған ата анаңыз мың жасасын! Сіз өмірде жанұяңызбен бақытты болыңыз!
Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын! Енді ғана Жаңа Қазақстанның лебін сезінгендеймін!
Құрметпен, Оспанов Береке Топанбайұлы ағаңыз.
10.08.2022 ж.