Мазмұнға өту

Жаңа

«Айқап»: Топырағымыз алтын

ТОПЫРАҒЫМЫЗ АЛТЫН Біздің қазақта бір жаман мінез бар, мал болса болғаны сол малдың төліменен байимын дей, діңкесі құрып жүргендері, бұл кәсіптің де пайдалы екенін білмей ме? Болмаса, біле-көре-ақ кәсіп істегісі келмей ме? Болмаса, баяғы белгілі ата-бабасынан қалған сүйекке сіңген жалқаулық па? Сол өздерінің жақсы көретін малы қайдан шығады екен. Ойлап келгенде мал да сол кәсіптен шықса керек?! Қаншама көп жерге ие болып, ен даланы игере алмай меңгере алмай жүрген уақытта жалғыз малдың артынан кетемін деп қанша мың, миллион пайдадан құрып қалған, әрі айт та, бері айт баяғы надандық, жалқаулық. Аяғының астында жатқан алтынды алып, пайдалана білмегендері, міне осы күнде кім пайдаланып отыр. Бір қарасыз неше мың шықырым жерден шұбырып келіп, жерге ие болып, бір-екі жылдың ішінде соқалық өгізд…

6
1
2514

Мәскеудің бүгінгі тынысы немесе КСРО елесі

Мәскеу мемлекеттік тіл университетінің қабырғасында үш жылдан бері Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында магистранттардың тәжірибе жинақтау курсы ұйымдастырылып жүр. Міне, сол жолдама биыл маған да бұйырып, Мәскеудің тынысын іштей бақылауға мүмкіндік туды. Бір топта үш қазақ, үш қырғыздың қарадомалағы оқыдық. Барлығымыз да егемендіктің еркін ауасымен тыныстап өскен өрімдей жастар екенбіз. Кеңестік үкіметтің құлар шағында дүние есігін ашқанымыз болмаса, ешқайсысымыздың мұрнымызға Кеңес идеологиясының исі де бармайды. Мәскеу... Өткен ғасыр оның дүркіреп тұрған бал дәурені еді. Ет сататын дүкенде кешегі етті менсінбей, жаңа түскен етке кезекке тұрып, әбден дайын асқа тік қасық салып үйреніп алған шақтарын ара-тұра еске алып, күрсініп қояды мәскеуліктер. Қанша дегенмен, орталық болды ғой. Не іше…

1
1
555

Балаларға ертегілер, қазақ және орыс тілдерінде

Жолбарыстың баласы мен лақ (Эфиоп халық ертегісі) Жолбарыстың ба­ла­сы мен ешкі­нің баласы тау бөктерін­де кездесіп қалып, күні бойы бірге ойнап асыр салады. Кеш батқан кезде олар үйлеріне тарайды. Жолбарыстың баласы өз анасына келіп: - Мен бүгін кішкентай лақпен бірге сондай жақсы ойнадым! Өте көңілді болды! – дейді. Жолбарыс:- Сен не деген ақымақ едің! Сен өз әкеңе лайық емессің! Сен ол лақты өлтіруің керек еді. Сол жерде біз оның қанын ішіп, етін жейтін едік. Ертең таңертең оған бар. Оны алдап, оған “Кел, ойнайық!” деп орманға қарай алып жүр. Содан кейін тұншықтырып осында алып кел. Нағыз жолбарыстар, міне, осылай жасайды! – дейді.- Жақсы, – деді жолбарыстың баласы, — мен дәл солай жасаймын.Лақ та өз анасына келіп:- Анашым, мен бүгін кішкентай жолбарыстың баласымен сондай тамаша ойнады…

0
3
27038