Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2013 жылдың 30 сәуір күні Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі Астана қаласының әкімдігімен бірлесе түрде дін тақырыбына маманданған журналистерге арналған «Дін туралы заңның тиімділігі» тақырыбында семинар-дәр

Семинар-дәріске Дін істері агенттігінің, Астана қаласы әкімдігі, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, отандық сарапшылар, Қазақстанның танымал дінтанушы ғалымдары, БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесудің басында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А. Абуов Дін мәдениетінің тарихы және дәстүрі туралы айтып, бүгінгі күнгі бапасөз беттеріндегі жалпы ахуалы туралы айтып өтті. Бас редакторлар Клубының вице-президенті, «Әділет БАҚ медиа» газеті бас редакторының орынбасары М. Тоқтағазин Діни мәселелердің баспасөзде жазылуы инструменттерімен таныстырып, өзінің журналистік шеберлігімен бөлісті.

Сонымен қатар жаңа занның тиімділігі туралы Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Ә. Жуанышпаева баяндама жасап, дін саласында заңгер мамандардың жетіспеушілігі туралы сауалға салды. Агенттіктің Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы жөніндегі басқармасының бастығы А. Әбдірәсілқызы  Дін туралы заң аясында дінтану сараптамасын жүргізудің міндеттері мен мәселелері туралы тоқталып, осы бағыттағы журналистердің көкейіндегі жиналған көптеген сұрақтарына жауап берді.

Кездесуде елімізде қалыптасқан этникааралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы қоғамдағы радикалды діни ағымдар идеологиясынан қорғау бағытында, халықтың діни сауатын арттырып, халқымыздың ұлттық дәстүрлері мен рухани құндылықтарын сақтау және радикалды идеяларды ашып көрсету мақсатында, еліміздің саяси тұрақтылығы мен тұтастығын сақтау барлығымызға ортақ міндет екені туралы пікірге келіп, Агенттік пен журналистер арасында осы бағытта бірлесе жұмысты жалғастыратыны туралы айтылды.

 
0
0
402

Осы тақырып бойынша

2013 жылдың 30 сәуір күні Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі Астана қаласының әкімдігімен бірлесе түрде дін тақырыбына маманданған журналистерге арналған «Дін туралы заңның тиімділігі» тақырыбында семинар-дәр - Yvision.kz