Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы жаңа база мен стадионға ие болады

 

«Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы жаңа база мен стадионға ие болады», — деп хабарлады BNews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен Қазақстанның кәсіби футбол лигасының төрағасы Михаил Гурманның кездесуінде айтылғандай, 2014 жылғы бірінші кварталда Қызылордада Сырдарияның сол жағалауында жаңа төбесі жабық стадион салу жоспарланып отыр. «Қайсар» ФК базасына қала орталығынан жер бөлінеді. Бұғанға дейін бұл жерде дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейі мен интернаты болған. Клубтың балансына барлығы беріледі, оның қатарында тұрғын үйлер мен лицей корпустары да бар.

 
0
0
434

Осы тақырып бойынша