Мазмұнға өту

Жаңа

«Қайрат» жанкүйерімен қауышты

Дәл уақытында Алматыға жеткен чемпиондар ұшағынан алғаш болып Алтын түсті Кубокты көтерген капитан Дінмұхаммед Сүлейменов түсті. Оның артынан ілескен қаһармандар табалдырықтан аттай бере, жанкүйерлерлердің жарқын шыққан дауыстарынан құлақ тұнатын еді.

Футзалдан УЕФА чемпиондар Кубогының жеңімпазы атанған «Қайрат»командасы бүгін елге оралды. Алматы әуежайынан чемпиондарды күтіп алуға асыққан жанкүйердің қатары мол. Камера мен фотоаппартын асынған журналистер де, «Қайрат» академиясында білім алатын жас бүлдіршіндер деәуежайды бетке алған. Дәл уақытында Алматыға жеткен чемпиондар ұшағынан алғаш болып Алтын түсті Кубокты көтерген капитан Дінмұхаммед Сүлейменов түсті. Оның артынан ілескен қаһармандар табалдырықтан аттай бере, жанкүйерлерлердің жарқын шыққан дауыстарынан құлақ тұнатын еді.Құшақ-құшақ гүлдер, бір бірін құттықтап мәре-сәре болған, Кубокты қайта-қайта сүйіп жүрген жанкүйер… Қысқасы, қалған сөзді суреттер айтсын.

«Қайраттың» балғын жанкүйерлері

Кішкентай Ая «Қайраттың» биыл бір ойынын да қалт жіберген жоқ

Алтын Капитан

«Қайрат» қаһармандары

Жұлдызды сәт…

«Қайрат» чемпионн!

«Алаш Арена»

 
0
0
521

Назаров Қытайда төбелеседі

 

Cүйінші! Қазақ жігіттері ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы атанды.

Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров ашқан «ALEM FIGHTERS» кәсіпқой спорт клубының мүшесі Нариман Мұсаев бұған дейін 24 жекпе-жек өткізіп, 23-ін ұтып, біреуінде ғана теңтүскен болатын. Міне, сол оғланымыз 70 келі салмақ дәрежесінде К1 тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанды. Енді К1 тұжырымы бойынша әлемдік додада бақ сынамақ.

Бұған дейін осы мектептің тағы бір мүшесі Жаңқош Тұраров кәсіпқой бокстан Қазақстан Республикасының чемпионы атанған. Енді осы спорт түрінен Америкада өтетін халықаралық сайысқа қатысу үшін бүгін түнде аттанып кетпек.

Тағы бір жақсы жаңалық: Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Бейбіт Назаров 11-мамыр күні Қытайдың Пекин қаласында өтетін әлемдік додада Бразилияның спортшысымен кездеседі.

«АЛАШ АРЕНА»

 
0
0
1114

Қазақстан Қарулы Күштері қорғаныс-өнеркәсібі кешені жаңа зымырандық-артиллериялық кемемен толықты

Бүгін Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында, «Қазақстан инжиниринг»Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін «Орал зауыты-«Зенит» АҚ құрастырған зымыранды-артиллериялық кемесінің салтанатты жағдайда суға түсіру рәсімі болды.
Бұл Қазақстан қорғаныс-өнеркәсібі кешені кәсіпорыны құрастырған екінші кеме. Бұдан тура бір жыл бұрын аталған зауыт өзінің тұңғыш кемесін шығарып, оны «Қазақстан» деп атады. «Зенит» Орал зауыты» бұл өніміне зауыт құрметіне және оның географиялық оналасуына сәйкес «Орал» деп ат қойды.
«Орал» әскери кемесінің толық су сыйымдылығы 250 тоннаға жуық. Отандық кеме озық үлгідегі заманауи қару-жарақтармен және навигациялық-штурмандық байланыс құралдарымен толық жабдықталған. Келешекте осындай кеменің тағы біреуі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштеріне пайдалануға берілуі жоспарланған.
Қазіргі таңда «Орал зауыты-Зенит» АҚ еліміздегі халықаралық талаптарға сай, отандық сапалы су кемелерін жасауда мүмкіндігі мол ірі қорғаныстық-кәсіпорын кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады. Зауыттың су сыйымдылығы 500 тоннаға дейін әскери кеме жасауға және оны  Каспий теңізіне дейін жеткізуге толық мүмкіндігі бар.
Отандық кезекті зымыранды-артиллериялық кемені суға түсіру мерейлі мерекемен тұспа тұс келді. Ағымдағы жылғы сәуір айында Әскери-теңіз күштері өзінің құрылғанына 20 жыл толуын атап өтті. Осыған байланысты Ақтауда Әскери теңіз-күштері қолбасшылығы өкілдерінің, сондай-ақ қала жұртшылығының қатысуымен салтанатты шаралар өткізілді. Мереке құрметіне Каспий жағалауында әскери кемелер шеруі ұйымдастырылды.
Кеме құрылысының аяқталып, оның суға түсірілуі қазақстандық теңізшілер үшін  үлкен мереке. Ал Әскери теңіз күштері өкілдері үшін бұл қос қуаныш. Себебі бұл маңызды оқиға Отан қорғаушылары мерекесі қарсаңында жүзеге асырылып отыр. Мереке құрметіне Жауынгерлік парад өткізіліп оған Әскери-теңіз күштері де қатыспақ. Жауынгерлік парад шеңберінде онлайн-трансляциялау арқылы Каспий теңізіндегі кемелердің жауынгерлік атуларын қазақстандық көрермендер өз көздерімен көретін болады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
410