Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Алматы» сенімді ақтамады

Иран астанасы – Тегеранда өткен додаға аттанарда бас бапкер Геннадий Паршин кем дегенде жартылай финалға шығуды жоспар еткендерін айтқан. Бірақ жерлестеріміз ширек финалдан аса алмай қалды.

   

Бірнеше жылдан бері еліміздің ішінде қарсылас шақкелтірмей жүрген «Алматы» волейбол командасы клубтықдеңгейдегі Азия біріншілігінде 5- орынға табан тіреді. Иран астанасы – Тегеранда өткен жарысқа аттанарда бас бапкер Геннадий Паршин кем дегенде жартылай финалға шығуды жоспар еткендерін айтқан. Бірақ жерлестеріміз ширек финалдан аса алмай қалды.

 

Топтық бәсекені сәтті бастаған ұжымымыз кейінірек Катар елініңкомандасы – Әл-Райаннан» ұтылды. Бұл кездесуде Паршин шәкірттері біраз тайталасып бақты. Ойынның бірінші партиясында катарлықтар 25:23 есебімен басым түсті. Жерлестеріміз сеттің соңына таман жиіқателесіп, қарсыласына жол беріп қойды. Екінші партияда да осыған ұқсас жағдай орын алды. Бұл жолы катарлық волейболшылар бес ұпай айырмасымен жеңді. Соңғы сәтте де қазақстандық ұжым басымдықтанытпады. Ойынның бұл бөлігінде 25:21 нәтижесі тіркелді.

Осы топтағы өзге кездесуде Ирактың «Соут Гас Клаб» клубы жапонның «Тойода Госсей Трефуэрса» ұжымынан ойсырай ұтылды.Сөйтіп, біздің топтан үздік шыққан «Алматы» мен жапониялық команда ширек финал жолдамасына ие болды. Жүлде үшін талас жүргізу үшін жерлестеріміз Қытайдың «Ляонин» командасын жеңуге тиіс болатын. Бірақ бұл бәсекеде қытайлық спортшылардың шеберлік деңгейі басым түсті. Матч төрт сеттен тұрды. Алғашында қарсыластарымыз 25:21 есебімен жеңді. Одан кейін «Алматы» волейболшылары 25:23 нәтижесіменқарымта қайырды. Өкінішке қарай, қалған екі партияда да Қытай елініңөкілдері жинақылық танытып, жеңісті жұлып әкетті.

Осылайша алматылықтар Тегерандағы турнирде 5- орынды қанағат етті. «Алматы» командасы Иран жеріндегі жарыста мына құрамда өнер көрсетті: Стулов Юрий (1980), Базарқұлов Әсет (1987), Юдин Антон (1982), Стольников Александр (1988), Кузнецов Сергей (1993), Горбатков Дмитрий (1981), Мироненко Виталий (1985), Қадырханов Нодирхан (1991), Эрдштейн Виталий (1992), Веригин Олег (1992), Вориводин Виталий (1990). Айта кетуге тиіспіз, Вориводин Оралдың «Конденсат» команда­сының сапындағы волейболшы. Ол виза ала алмай қалған Алексей Гутор­дың орнын басқан болатын. Клубтық деңгейдегі Азия чемпионатыныңтарихына тоқтала кетсек. Бұл жарыс 1999 жылдан бері қарайұйымдастырылып келеді. 2005 жылы біздің «Рахат-ЦСКА» ұжымымыз осы додада топ жарып, мерейімізді асырған болатын. Оның алдында «Атырау» командасы екі рет қатарынан (2002 және 2004 жылдары) қола жүлдені еншілеген еді. Сол сияқты «Алматы» командасы да құрлықтықжарыстың күміс жүлдесін екі рет олжалап (2008 және 2011 жылдары),қазақ волейболының даңқын асырған-тын. Жалпы, осы бәсекеде Иран елінің командалары өте сәтті өнер көрсетіп жүр. Ирандықтар барлығы 14 рет ұйымдастырылған додада 8 мәрте топ жарған екен.

 
0
0
188

Осы тақырып бойынша

«Алматы» сенімді ақтамады - Yvision.kz