Мазмұнға өту

Жаңа

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы жаңа база мен стадионға ие болады

 

«Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы жаңа база мен стадионға ие болады», — деп хабарлады BNews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен Қазақстанның кәсіби футбол лигасының төрағасы Михаил Гурманның кездесуінде айтылғандай, 2014 жылғы бірінші кварталда Қызылордада Сырдарияның сол жағалауында жаңа төбесі жабық стадион салу жоспарланып отыр. «Қайсар» ФК базасына қала орталығынан жер бөлінеді. Бұғанға дейін бұл жерде дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейі мен интернаты болған. Клубтың балансына барлығы беріледі, оның қатарында тұрғын үйлер мен лицей корпустары да бар.

0
0
462

«Қайрат» жанкүйерімен қауышты

Дәл уақытында Алматыға жеткен чемпиондар ұшағынан алғаш болып Алтын түсті Кубокты көтерген капитан Дінмұхаммед Сүлейменов түсті. Оның артынан ілескен қаһармандар табалдырықтан аттай бере, жанкүйерлерлердің жарқын шыққан дауыстарынан құлақ тұнатын еді. Футзалдан УЕФА чемпиондар Кубогының жеңімпазы атанған «Қайрат»командасы бүгін елге оралды. Алматы әуежайынан чемпиондарды күтіп алуға асыққан жанкүйердің қатары мол. Камера мен фотоаппартын асынған журналистер де, «Қайрат» академиясында білім алатын жас бүлдіршіндер деәуежайды бетке алған. Дәл уақытында Алматыға жеткен чемпиондар ұшағынан алғаш болып Алтын түсті Кубокты көтерген капитан Дінмұхаммед Сүлейменов түсті. Оның артынан ілескен қаһармандар табалдырықтан аттай бере, жанкүйерлерлердің жарқын шыққан дауыстарынан құлақ тұнатын еді.Құшақ…

0
0
498

Назаров Қытайда төбелеседі

Cүйінші! Қазақ жігіттері ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы атанды. Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров ашқан «ALEM FIGHTERS» кәсіпқой спорт клубының мүшесі Нариман Мұсаев бұған дейін 24 жекпе-жек өткізіп, 23-ін ұтып, біреуінде ғана теңтүскен болатын. Міне, сол оғланымыз 70 келі салмақ дәрежесінде К1 тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанды. Енді К1 тұжырымы бойынша әлемдік додада бақ сынамақ. Бұған дейін осы мектептің тағы бір мүшесі Жаңқош Тұраров кәсіпқой бокстан Қазақстан Республикасының чемпионы атанған. Енді осы спорт түрінен Америкада өтетін халықаралық сайысқа қатысу үшін бүгін түнде аттанып кетпек. Тағы бір жақсы жаңалық: Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Бейбіт Назаров 11-мамыр күні Қытайдың Пекин қаласында өтетін әлемдік додада Бразилияның спортшысыме…

0
0
1079

Қазақстан Қарулы Күштері қорғаныс-өнеркәсібі кешені жаңа зымырандық-артиллериялық кемемен толықты

Бүгін Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында, «Қазақстан инжиниринг»Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін «Орал зауыты-«Зенит» АҚ құрастырған зымыранды-артиллериялық кемесінің салтанатты жағдайда суға түсіру рәсімі болды. Бұл Қазақстан қорғаныс-өнеркәсібі кешені кәсіпорыны құрастырған екінші кеме. Бұдан тура бір жыл бұрын аталған зауыт өзінің тұңғыш кемесін шығарып, оны «Қазақстан» деп атады. «Зенит» Орал зауыты» бұл өніміне зауыт құрметіне және оның географиялық оналасуына сәйкес «Орал» деп ат қойды. «Орал» әскери кемесінің толық су сыйымдылығы 250 тоннаға жуық. Отандық кеме озық үлгідегі заманауи қару-жарақтармен және навигациялық-штурмандық байланыс құралдарымен толық жабдықталған. Келешекте осындай кеменің тағы біреуі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күшт…

0
0
386