Мазмұнға өту

Жаңа

Құранды «құр ән» демеңіз!

Ассалаумағалейкүм, оқушы жамағат! Бісміллә деп бастап қолға қалам алып, аз-кем дүниені сөз қылмақпын. Иә, Құранды «құр ән» дей көрмеңіз! Себебі Құран – Алланың сөзі. Ал Алланың сөзі анамыздың да, әкеміздің де, тіпті ата-бабаларымыздың да сөздерінен жоғары тұрмақ. Жалпы, Құран Кәрім – өмір сүру заңдылығы, дұрыс та бақытты ғұмыр кешудің дара формасы. Үйіңізде Құран кітабы жай ғана шаң басып тұрса, ештен кеш жақсы. Дәрет алып, оны тазалап, оқуға үлгересіз. Арабша білмеймін, қалай оқимын десеңіз, қазақшасын оқуыңызға да болады. Тіптен жақсы! Сіз қазақшасын оқи отырып, ондағы жазылған Алланың бұйрықтарын оқи аласыз. Алайда барлық аяттар түсінікті болады деп айта алмаймын. Түсінбеген жерлеріңіз болса, уайымдамаңыз. ҚМДБ-ға қарасты жергілікті мешітке барып, ақ шапан киген имамға жолығып, сәлемің…

0
0
1388

Бекболат ТІЛЕУХАН. Дүниенің бәрі махаббаттан тұрады.

Ассалаумағалейкүм, Қазақия! Қазақтың біртуар азаматы, жырау, қоғам қайраткері, қазақтың жанашыры, айтқан сөзі Абаймен тең Бекболат Тілеухан ағамыз «махаббат» жайлы бұрындары айтқан болатын. «Ештен кеш жақсы» - дейді, көбісі білмейді ау шамасы, сондықтан жазба нұсқасын ұсынып отырмын. Жалпы, махаббат дегеніміз не? Махаббат дегеніміз тек қана бізге бір қыз бен жігіттің арасында болатын бір сезім сияқты болып қалыптасқан және оның бәрі айналып келгенде аяғы хайуани институтқа айналып келіп тірелетте отырады. Тіпті болмаса да, төсектің ләзатына тіреліп қалатын бір сезім сияқты. Сондай ауқымын тарылтып жіберетін, сондай бір ғажайып сезімді түкке тұрғысыз қып тастаған сыңайлы. Біздің қоғамдық ой – пікірден тану қиын емес. Жалпы махаббат деген не? Сүю. Махаббат деген сөзді біздің қолданбайтын же…

0
2
2763

«Егемен Қазақстан» Республикалық газеті. Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым Шойкиннің «Ар-ождан бостандығы» атты мақаласы

Ар-ождан бостандығыаясында толеранттылық пен діни төзімділік дәстүрлерін дамыту шарттары туралы бірер сөз Полиэтностық және поликонфессиялық қазақстандық қоғам жағдайында сан алуан діни конфессия өкілдерінің бірі-бірімен үнқатысуы, сондай-ақ, олардың мемлекетпен арақатынасы дұрыс жолға қойылуы аса маңызды әлеуметтік мәселе. Осы орайда, өмір шындығында болмай қалмайтын қайшылықтар мен шиеленістер құқықтық негізде және зайырлылық пен ар-ождан бостандығы қағидаларын сақтау арқылы шешілуге тиіс. Бұл қағидаттар қазіргі әлемде құқықтық мемлекет пен демократияның ажырамас бөлігіне айналып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қа­зақстан-2050» «Стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «Дін мәселелерінде ойластырылған қадам және өте мұқияттылық қажет. Мемлекет дін…

0
0
12352

Қаржы полициясы агенттігі Алматы қаласының жылжымайтын мүлік орталығының директоры басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі

Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері ұзақ мерзімді жедел іздестіру іс-шаралардың нәтижесінде Алматы қаласының жылжымайтын мүлік орталығының директоры Оразақынов басқарған және оның қарамағында жұмыс істейтін Жылжымайтын мүлік орталығының 5 аудандық бөлімшелерінің бастықтарының құрамындағы ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Тергеумен анықталғандай, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік орталығының директоры Оразақынов 2012 жылғы шілдеде ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Қылмыстық топтың құрамына оның көмекшісі Е.Әсенов және Алматы қаласының жылжымайтын мүлік орталығының Әуезов, Түрксіб, Алатау, Медеу және Бостандық аудандары бөлімдерінің бастықтары Д.Маусымбаев, С.Шантиев, К.Қоңырбаев, М.Садыбаев және А.Исабеков кірген. Ұйымдасқан қылмыстық топ жылжымайтын мүліктің техникал…

0
0
476

«Айтуға оңай...».

Сізді мазалаған сан сауалдың жауабын «Айтуға оңай...» ток-шоуынан табасыз! Дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 21.05-те «Қазақстан» Ұлттық арнасынан «Айтуға оңай...» бағдарламасын тамашалаудан қапы қалмаңыз!

0
0
256

«Алаң». Ток-шоу.

Қазақтың өткен шежіресіндегі «қара дақтарды», әлі де ашылмаған кейбір деректерді бүгінгі таңда жариялау қажет пе? Тарих қойнауында құпиялар қалуы тиіс пе? Бұл туралы осы аптада, 2 маусым күні Ұлттық арнадағы «Алаң» бағдарламасынан көріңіз!

0
0
195

«Қанмен жазылған хат». Арнайы тележоба.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, «Қазақстан» Ұлттық арнасында арнайы тележоба! Атпал азаматынан айрылып, аяусыз азап пен ауыр қасірет шеккен қазақтың әзиз аналары - ұлт басына төнген зобалаң жылдардағы «халық жаулары» атанған есіл ерлеріміздің жарларының тағдыры арқау болған тарихи қасіретнаманы Ұлттық арнадан 31 мамыр күні, сағат 18.20-да тамашалаңыздар!

0
0
809

«Көкпар».

«Көкпардан» көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир! Финалдағы Қырғызстанның «Қожамқұл» және «Қабылан» командалары арасындағы дүбірлі доданы 2 маусым күні, сағат 15.50-де Ұлттық арнадан тамашалаңыз! Ұлттық арнада - ұлттық ойын!!!

0
0
219