Мазмұнға өту

Жаңа

Әскери медицина қызметкерлерінің жиыны

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Қарулы Күштері медицина қызметтері басшылық құрамының жиыны болып өтті. Оған қатысу үшін Астанаға әскер түрлері әскери-медициналық басқармаларының, өңірлік қолбасшылықтар медицина қызметтерінің, әскери-медициналық бөлімдердің, мекемелердің, дәріханалардың командирлері келді.

Жиын жұмысын Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов бастады. Өткен кезеңдегі медициналық қызметтің қорытындылай отырып, Бас штабтың басшысы әскери медицина қызметкерлерінің жалпы 2012 жылға арналған міндеттерді орындап шыққанын атап өтті. Медициналық көмек қажетті көлемде көрсетілді. Мұның өзі әскери қызметшілер негізгі құрамының толық сапта болуын қамтамасыз етті.
Сонымен бірге генерал Жасұзақов әскери медицинаның әлеуетін арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Бұл үшін ол әскери-медициналық мекемелер – госпитальдерді, лазареттерді, медпункттерді өз сипаттамалары бойынша заман талабына сай қазіргі заманғы жабдықпен жарақтандыруды жалғастыру қажеттігін атап өтті.
– Еліміздің және Қорғаныс министрлігінің басшылығы көрсетіп келе жатқан қолдаудың арқасында қазіргі уақытта Қарулы Күштердің мұқтажы үшін елеулі қаражат бөлінуде. – деп Бас штаб бастығы атап өтті. – Біздің ең жаңа жабдықтарды сатып алуға мүмкіндігіміз бар, оның бір дәлелі – Астана және Алматы қалаларындағы ірі госпитальдердің жабдықталуы. Осы бағытта жұмысты жалғастыру керек. Біздерден, әскери медицина қызметкерлерінен нақты ұсыныстар қажет. Біз армиямыздың әскери медицинасын жоғары деңгейге көтеруге тиіспіз.
Сондай-ақ әскери медицина қызметкерлерінің жиыны барысында әскерлер буынындағы медицина қызметкерлерін взводтан бастап даярлау қажеттігі туралы мәселе көтерілді. Бөлімшелерде келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатарынан даярлығы жоғары санитарлардың болуы уақтылы және сауатты көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде тез сауығу мүмкіндігін арттыра түседі.
Осы және басқа да мәселелердің аясында Қазақстан Қарулы Күштері медицина қызметтерінің басшылық құрамы алдағы кезеңге перспективалар мен жұмыс ауқымын жоспарлады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
807

Открытый городской Турнир по асық ату “Алтын сақа” пройдет 07.07. в 11.00 в спорткомбинате «Даулет» в Астане

Открытый городской Турнир по асық ату “Алтын сақа” пройдет 07.07. в 11.00 в спорткомбинате "Даулет". В прошлом году в рамках празднования Дня столицы проводился открытый городской турнир по данному виду спорта, в котором приняли участие более 500 участников.
В целях популяризации национальных видов спорта в этом году соревнования по асық ату «Алтын сақа» пройдут в столице уже в пятый раз и он будет приурочен памяти ученого-этнографа, писателя, обладателя государственной награды Ақселеу Сейдімбека. В этом году так же планируется проведение Турнира по асық ату “Алтын сақа” в широком масштабе, с привлечением жителей и гостей столицы, где будут розыграны ценные призы.

В прошлом году в рамках празднования Дня столицы проводился открытый городской турнир по данному виду спорта, в котором приняли участие более 500 участников. В целях популяризации национальных видов спорта в этом году соревнования по асық ату «Алтын сақа» пройдут в столице уже в пятый раз и он будет приурочен памяти ученого-этнографа, писателя, обладателя государственной награды Ақселеу Сейдімбека. В этом году так же планируется проведение Турнира по асық ату “Алтын сақа” в широком масштабе, с привлечением жителей и гостей столицы, где будут разыграны ценные призы.

0
0
555

Республиканский конкурс «Ән жүрегім – Астана!» открывает новые таланты

В честь празднования 15-летия Астаны в Казахстане пройдет ежегодный республиканский песенный конкурс «Ән жүрегім – Астана!». Уже три года подряд этот конкурс собирает талантливую молодежь со всей страны, воспевающую в своем творчестве уникальность и красоту главного города страны - Астаны, демонстрирующую высокое чувство любви к родному дому, городу, Родине и пропагандирующую чувство патриотизма. Кроме того, он дает прекрасную возможность для одаренных и талантливых людей проявить себя и заявить о своем творчестве на всю страну.

Как отмечают организаторы конкурса, основная цель - это поиск талантов среди молодежи, пропаганда творчества композиторов, поэтов и молодых исполнителей, и выявление авторских песен, повышающих имидж Астаны.

Принять участие в нем могут таланты со всех регионов Казахстана, любительские и профессиональные творческие коллективы, ансамбли и отдельные исполнители, в возрасте от 18 лет до 30 лет.

По словам организаторов, главным критерием для участников конкурса является то, что песня должна быть авторской и посвящена Астане.

Победители данного конкурса примут участие в Гала-концерте, который пройдет в преддверии Дня города в Астане.

Для участия в конкурсе необходимо предоставить заявку-анкету участника, аудиозапись песни на цифровых носителях (СD-диск, мини-диск), фото участника. Конкурсные работы принимаются по адресу: 010000, Республика Казахстан,  ул. Бейбітшілік 25 (Деловой центр «Оркен», каб. 401, тел.: (+77172) 910845, или на e-mail: [email protected] с обязательной пометкой - «На конкурс «Ән жүрегім – Астана!»)

 
0
0
994

Ресейлік Евгений Зиновьев «Сарыарқаның» бас бапкері болды

Фото дереккөзі:sports.kz

 

«Сарыарқа» хоккей клубы команданың бас бапкер кандидатурасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz қарағандылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сарыарқа» Хоккей клубы басшылығы команданың бас бапкері қызметіне ресейлік маман Евгений Александрович Зиновьевті тағайындады»,-деп жазылған хабарламада.

Евгений Александрович Зиновьев шайбалы хоккейден спорт шебері, 1966 жылы 8 қазанда Челябинскте туған.

«Металлург» хоккей мектебінің тәрбиеленуші (Челябинск).

1984 -1996 жылдары «Молот» (Пермь), «Металлург» (Челябинск), «Трактор» (Челябинск) хоккей клубтарында ойнаған.

1996 — 2009 жылдары— «Трактор-2», «Мечел-2», «Мечел», «Газовик» клубтарының бас бапкері болған. Евгений Зиновьев соңғы үш маусымда «Южный Урал» командасын басқарды.

 
0
0
391

Қазақстандық Аслан Тоқтарбаев және Ермек Тлауов «Мәскеу түбіндегі шайқас 12» турниріне қатысады

 

 

Sports.kz хабарлауынша, 20 маусым күні Мәскеудегі Крокус-Ситиде өтетін FIGHT NIGHTS промоутерлік компаниясының кезекті «Мәскеу түбіндегі шайқас 12» турнирінің қатысушыларының есімдері белгілі болды.

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша қазақстандық Аслан Тоқтарбаев ресейлік Аскер Барагуновпен қарсыласады. Ермек Тлауов (68 келіге дейін) тағы бір Ресей өкілі Олег Борисовпен жекпе-жекке шығады.

Қарсыласатын жұптар:

ММА. 75 келіге дейін. Илья Кушнерик (Ресей) — Нұрсұлтан Ниязбек Уулу (Қырғызстан)

ММА. 61 келіге дейін. Аскер Барагунов (Ресей) — Аслан Тоқтарбаев (Қазақстан)

ММА. 93 келіге дейін. Константин Ерохин (Ресей) — Евгений Ерохин (Ресей)

ММА. 77 келіге дейін. Олег Багов (Ресей) — Виктор Чернецкий (Ресей)

ММА. 77 келіге дейін. Альберт Туменов (Ресей) — Тарренс Уильямс (АҚШ)

ММА. 68 келіге дейін. Олег Борисов (Ресей) — Ермек Тлауов (Қазақстан)

ММА. 93 келіге дейін. Абдул-Керим Эдилов (Ресей) — Шарлез Андраде (Бразилия)

ММА. 57 келіге дейін. Юлия Березикова (Ресей) — ТВА

ММА. 79 келіге дейін. Гасан Умалатов (Ресей) — Грегор Херб (Германия)

ММА. 70 келіге дейін. Зубайра Тухугов (Ресей) — Васо Бакоцевич (Черногория)

ММА. 77 келіге дейін. Шамиль Завуров (Ресей) — Ясубей Эномото (Швейцария).

 
0
0
481

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грузия командасымен ойнайды

 

Қазақстан мен Грузияның ұлттық құрамасы Астанада жолдастық кездесу өткізеді. Мұндай уағдаластыққа екі ел федерация басшыларының деңгейінде қол жеткізіліп отыр, деп хабарлайды Sports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Грузия УЕФА рейтингісінде 40-шы, ФИФА рейтингісінде 96-орында тұр. Ең атақты ойыншылары ретінде Леван Кобиашивили («Герта» Германия) мен Александр Иашвилиді («Бохум») атауға болады. Әлем чемпионаты –2014 іріктеу кезеңіндегі команда көшбасшылары: Александр Амисулашвили («Крылья Советов») және Джаба Канкава («Днепр» Украина).

Грузия ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы – Темури Кецбая, жұрт оны кипрлік «Анортосис» командасындағы жемісті еңбегінің арқасында жақсы таниды. Кецбая ағылшынның «Ньюкасл» және грекиялық АЕК командаларында ойнаған.

 
0
0
423

Талғат Байсуфинов: «Бізге бірнәрсе жетіспей жүр»

Премьер-лиганың 13-туры. Бапкерлердің көзімен

«Астана» — «Ордабасы» 0:1

Виктор Пасулько, «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері:

- Бүгін командамды қалай мақтасам да жарасады. Әсіресе бірінші таймдаөте жинақы ойнап, қарсы қақпаға талай қауіпті шабуылдарұйымдастырдық. Дегенмен, екінші таймда ойын тізгінін қолымыздан шығарып алдық. Әйтеуір, жеңісті есепті ұстап тұру үшін допты қалай болса солай, алға қарай тебе бердік. Иә, жігіттерді де түсінуге болады.Қатарынан екі рет жеңіліп қалған футболшыларым осы жолы қалай да жеңіске жеткісі келді. Не десек те, «Ордабасы» бүгін жеңіске лайықты болды. Ал алаң иелері қауіпті мүмкіндіктерді өзіміздің қателіктерден кейінұйымдастырып жатты.

 

Мирослав Беранек, «Астана» футбол клубының бас бапкері:

- Осындай ойын боларын сезіп едім. «Ордабасыға» қарсы ойнау әрдайымқиын. Олар қарқынды ойнайды. Ал біз өз мүмкіндіктерімізді голға айналдыра алмадық. Екінші таймда гол соғатын біраз мүмкіндіктеріміз болған еді. Тіпті, қонақтарды қыспаққа алып, әбден састырдық. Бірақфутболда гол соқпасаң, жеңіске жетпейсің.

«Ақтөбе» — «Ақжайық» 2:0

Погос Галстян, «Ақжайық» футбол клубының бас бапкері:

— «Ақтөбені» жеңісімен құттықтаймын. Өте керемет команда. Көш бастауы кездейсоқтық емес. Бірақ менің футболшыларым да бүгін намысты қолдан берген жоқ. Ойыншыларымның қалай ойнағандарына көңілім толады. Жылдам гол жіберіп алғандарына қарамастан жігіттерім соңына дейін тырысты. Екінші таймда есепті теңестіретін мүмкіндіктеріміз болды. Бірақ, әттеген-ай, доп қақпаға кірмей қойды. Егер тым болмағанда бір гол соға алғанымызда ондай ойын тіптен тартысты болар еді. Кездесудің соңына таман орталық қорғаушы Хлебоунды да алға шығардым. Шабуылға көмектессін деген ойым болды. Бірақ »Ақтөбе» футболшылары артқы шебіміздің ашық қалғанын пайдаланып кетті де,қақпамызға тағы бір гол соқты.

 

Владимир Никитенко, «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері:

- Жеңіске жеттік, Әйтсе де, ойын өте ауыр болды. «Ақжайық» оңы мен солын ажырата алатын өте шебер команда. Үш жыл бойы бұл ұжымды жеңе алмай келдік. Оның үстіне, бұған дейін екі кездесуімізді түздеөткіздік. Қарағандыда «Шахтермен» кездескенімізді білесіздер. Сол ойыннан кейін футболшыларымның біразы шаршаңқырап қалды. Бір жағынан сол да бар шығар, әйтеуір өкінішке қарай, жанкүйерлер талап еткендей, ірі есеппен жеңе алмадық. Сауатты қорғанғанымызбен шабуылдаөткірлік жетіспей жатты. Дегенмен, қанша қиын болса да, бар өнерлерін көрсетіп, жеңіске жете білген жігіттеріме алғысым шексіз.

   

«Атырау» — «Қайрат» 1:1

Владимир Вайсс, «Қайрат» футбол клубының бас бапкері:

- Несін айтайын, өте ауыр ойын болды. Өткен турда біздің қақпамызға соңғы минутта гол соғылып жеңіліп қалдық. Осы жолы өзіміз соңғы минутта есепті теңестірдік. Одан бөлек талай гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды. Бірақ тең есепке өкпе жоқ.

 

Миодраг Радулович, «Атырау» футбол клубының бас бапкері:

- Жеңісті қолдан жіберіп алғанымыз өте өкінішті. Өткен үш турда ұпай ала алмадық қой. Жігіттерде бүгін де сондай қорқыныш болған тәрізді. Жеңісті ұстап қалу үшін барын салды. Бірақ қолдан келмеді. Оның үстіне,өздеріңіз де білесіздер командамыздың тең жартысы жарақат алып қалған. Сондықтан, өз ойынымызды әлі де таппай жүрміз.

«Ертіс» — «Шахтер» 2:2

Виктор Кумыков, «Шахтер» футбол клубының бас бапкері:

- Жарақаттарына байланысты бірнеше ойыншымыз саптан шығып қалды. Араларында  Василевич, Лунин, Симчевич сынды саңлақтар да бар. Сондай-ақ, Көкеев те ауырып қалды. Сондықтан, тең нәтиженің өзіне де шүкір.

 

Талғат Байсуфинов, «Ертіс» футбол клубының бас бапкері:

- Жеңе алмай жүрміз. Жанкүйер қауым да «Алға!» деп командаға барыншақолдау білдіруде. Өзім де жігіттерге «Алға!» деп айқайлап жатырмын. Бірақбірнәрсе жетіспей тұр. Бүгін соңына таман қонақтарды әбден қыстық. Нәтиже шықпады. Шынын айтсам, айтарға сөзім де жоқ. Рас, қақпамызға гол жіберіп алсақ, көп ұзамай теңестіреміз. Бірақ бірінші болып гол соғу дегенді ұмыттық. Сіздерге бірінші тайм ұнады ма? Ал маған мүлдемұнаған жоқ. Жігіттер шаршаңқы сияқты көрінді. «Чемпиондар лигасыныңфиналын қарамаңдар! Ұйықтап, демалыңдар» деп айттым. Тыңдамады.Ұйқылы-ояу жүрді. Тек қақпамызға екінші гол соғылғанда ғана оянды.

   

«Жетісу» — «Восток» 0:0

Владимир Фомичев, «Восток» футбол клубының бас бапкері:

- Екі команданың шеберлік деңгейі де, әлеуеті де бірдей. Бірінші таймда ойын тізгіні алаң иелерінің қолдарында болды. Бірақ олар да, біз де гол соғатын шабуылдар ұйымдастыра алмадық. Екінші таймның бас жағыөзім күткендей-ақ алаң иелерінің қарқынды шабуылдарымен өрбіді. Алайда кездесудің соңына таман жағдай қайта теңелді. Тең есепке өкпем жоқ.

 

Омари Тетрадзе, «Жетісу» футбол клубының бас бапкері:

- Қысқа ғана айтайын: әріптесіммен толық келісемін. Ойын тең жағдайдаөтті. Өкінішке қарай, жеңіс голын соға алмадық.

 
0
0
519

Құранды «құр ән» демеңіз!

Ассалаумағалейкүм, оқушы жамағат! Бісміллә деп бастап қолға қалам алып, аз-кем дүниені сөз қылмақпын. Иә, Құранды «құр ән» дей көрмеңіз! Себебі Құран – Алланың сөзі. Ал Алланың сөзі анамыздың да, әкеміздің де, тіпті ата-бабаларымыздың да сөздерінен жоғары тұрмақ. Жалпы, Құран Кәрім – өмір сүру заңдылығы, дұрыс та бақытты ғұмыр кешудің дара формасы. Үйіңізде Құран кітабы жай ғана шаң басып тұрса, ештен кеш жақсы. Дәрет алып, оны тазалап, оқуға үлгересіз. Арабша білмеймін, қалай оқимын десеңіз, қазақшасын оқуыңызға да болады. Тіптен жақсы! Сіз қазақшасын оқи отырып, ондағы жазылған Алланың бұйрықтарын оқи аласыз. Алайда барлық аяттар түсінікті болады деп айта алмаймын. Түсінбеген жерлеріңіз болса, уайымдамаңыз. ҚМДБ-ға қарасты жергілікті мешітке барып, ақ шапан киген имамға жолығып, сәлеміңізді беріп, әлгі түсінбеген аятыңызды сұрау қылыңыз. Имам бауырымыз, әлбетте, кеңінен жауап беруге тырысып бағады. Тек мешітке, Алланың үйіне, баруға ұяла көрмеңіз.

Сонымен қатар Құранды тыңдауыңызға да болады. ҚМДБ сайттарына (www.muslim.kz, www.azan.kz, www.muftyat.kz) кірсеңіз, Құранды онлайн түрде тыңдай аласыз, жүктеуге де болады. Бірақ Құранды аяқ асты тыңдай салуға болмайды. Оған да ниет, дайындық керек. Алдымен дәрет алыңыз, сонан соң Аллаға ниет етіп, ыңғайлап отырып тыңдаңыз. Ескерте кетейін, Құран жай ән емес. Сондықтан музыка тыңдағандай болудан сақ болыңыз!

Әбу Үмәма (р.а.): «Алла елшісінің (с.а.у.): «Құран оқыңдар, өйткені Қиямет күні Құран оқығандарға шапағатшы болады», — деп айтқанын естідім», — деген (Мүслим, салатүл-мусафирин 252). Мінеки, Құран құр ән емес, ол Қиямет күні шапағатшы бола алады.

Осман ибн Аффан (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (с.а.у.): «Ең жақсыларың Құран (оқу мен ілімін) үйреніп, оны басқаларға да үйреткендерің», — деп айтты» — делінген (Бұхари, фадайлул-Құран 21). Тәжуид ілімін үйреніп, сол үйренгеніңізді басқаларға да жеткізсеңіз, сауаптарға кенелесіз. Егер Тәжуид үйренуге уақытыңыз болмаса, ұл-қызыңызды немесе жақындарыңызды ҚМДБ-ға қарасты мешіттерге діни сауат ашу курстарына жіберсеңіз болады. Сол жақта ұстаздар жақсылап үйретеді.

Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі (с.а.у.): «Құранды нақышына келтіріп оқитын мұсылман кісі адамдардың амал дәптерін толтыратын әс-Сәфәра әл-Карим әл-Бәрара періштелерімен тең дәрежеде болады. Ал Құран оқуға тілінің икемі келмегеніне қарамастан, шын ықыласымен ежіктеп болса да оқыған адам екі бірдей сауапқа кенеледі», — деп айтты», — деген (Бұхари, таухид 52; Мүслим, салатүл-мусафирин 243). Мінеки, қалай да болса Тәжуидке қатысып, Құранды нақышына келтіріп оқуды үйреніп алсаңыз, амал дәптерін толтыратын періштелермен дәрежеңіз теңесе түспек екен.

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Расында, Алла тағала осы Кітаппен (амал еткен) қауымның (екі дүниеде де) мерейін өсіріп, ал (амал етпеген) қауымның дәрежесін түсіріп, қор қылады», — деп айтты» — делінген (Мүслим, салатүл-мусафирин 269). Құранды құр ән демеңіз деп отырғаным да осы болмақ. Жәрар, арабша оқуға шамаңыз жетпеді делік, бірақ қазақшасын оқып, амал етуге шамамыз жететіні ақиқат. Тек шайтан азғырмасын! Жоғары айтқанымдай, Құраннан түсінбеген жеріңізді ҚМДБ-ға қарасты мешіттердегі имамдардан сұрасаңыз болады. Ол кісілер сауалыңызға жауап беруге әрдайым дайын. Тым болмаса екі күнде бір аятты оқып, соған амал етуге машықтансаңыз, дағдылансаңыз нұр үстіне нұр игілік. Сол аяттарға, яғни Алланың бұйрықтарына амал қылсаңыз, қор болмайсыз, зор боласыз.

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (с.а.у.): «Құранды аз да болса жатқа білмеген адам қирап қалған үй тәрізді», — деп айтты» — делінген (Тирмизи, фадайлул-Құран 18). Кешіріңіз, бірақ аз да болса Құранды жатқа білмесек, қирап қалған үй тәрізді болмақпыз. Ал қирап қалған үйде жан баласының тұрақтамайтыны белгілі. Демек, Құранды аз да болса, шамамыз жеткенше жаттап алсақ, ұтылмайтынымыз хақ. Аллаға ниет етіп, бойыңыздағы нәпсіңізге қарсы тұрып, ықыласыңызды күшейтіп, намаз оқып үйренсеңіз, Құранның қысқа сүрелерін де жаттап аласыз. Оған күмән келтіре көрмеңіз. Намаз оқи бастасаңыз, ештеңеден де ұтылмайсыз. Қайта ақиқат іліміне жолыңыз ашылады, көкірек көзіңіз көре бастайтын болады.

Жалпы, ата-ананы ренжітпей, айтқанын бұлжытпай орындауды; туған-туыстарға жәрдемдесуді; мұсылман бауырларға қол ұшын беруді; арам нәрсеге жоламауды; арам нәрсені жемеуді (себебі арам нәрсе адам баласына зиян); т.б. өмірлік көріністердегі іс-әрекеттердің қандай болғанда екі дүние бақытына жеткізетінін Алла тағала Құран Кәрімде айтқан болатын. Демек, Құран құр ән емес, жай ғана әуен емес. Құран – өмір кітабы. Құрандағы аяттарға амал қылсақ, екі дүние бақытына бөленеміз.

 

Күні мен түні ауысқан

Өмірде болмай сауысқан

Ағайын, ғұмыр кешейік!

Хақ жолына атсалысқан.

 

Исламнан қашып безбеңіз,

Алладан қашып не етпексіз?

Бабалар келген өмірден

Біздер де қайтып кетпекпіз.

 

Аятпен амал етсеңіз,

Бақытты ғұмыр кешесіз.

Алланың айтқан сөзі сол

Құранды құр ән демеңіз.

 
0
0
1417