Жаңа
Бүгін Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы болып өтіп, онда атыс қаруларының, оқ-дәрілердің және жарылғаш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес және олар
Кеңестің жұмысына Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары, Ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар, индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің, Кедендік бақылау комитетінің жетекшілері қатысты.
Бас Прокурор атап өткендей, құқық қорғау органдары басшыларының заңсыз қару айналымы мәселесін талқылауының өзектілігі ең алдымен қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігімен, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстың өсуінің теріс үрдісінен туындап отыр.
Қабылданып отырған шараларға қарамастан, қару айналымы саласындағы жағдайдың түйінді күйде қалуы жалғасуда. Атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстар санының артуы ерекше алаңдатушылық туғызады. Соңғы бес жылда атыс қаруын қолданумен байланысты тіркелген 2 328 қылмыстың 93%-ы заңсыз айналымда жүрген қарумен жасалған.
Травматикалық қаруды қолданып жасалатын қылмыстардың саны 8 есеге – 2008 жылы 46-дан 2012 жылы 375-ке дейін өскен. Биылғы жылдың басынан бері 139 осындай қылмыс жасалған, бұл қару қолданумен байланысты барлық тіркелген қылмыстардың 60%-дан астамын құрап отыр.
Осының барлығы қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, травматикалық қаруды бақылаусыз пайдалануды болдырмауға бағытталған қару иелеріне заңнамалық шектеулер жөніндегі бастама көтеру қажеттілігіне алып келді. Ішкі істер министрлігі дайындаған заң жобасы травматикалық қаруды азаматтық айналымнан алып тастап, оны қызметтік топқа ауыстыруды көздейді.
Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері қарудың заңсыз таралуына тосқауыл қою, қару айналымына бақылауды күшейту, оның тиісті есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар ұсынды.
Осы мақсатта өңірлік ішкі істер органдарының әскери-тергеу бөлімшелерімен өзара іс-қимылын күшейту, заңсыз сақталған атыс қарулары мен оқ-дәрілерді алу, олардың сатып алу көздерін табу, заңсыз жеткізу каналдарын анықтау бойынша бірлескен жұмыстардың белсенділігін арттыру ұсынылды. Травматикалық қаруды заңсыз сатып алу, сату, сақтау, тасымалдау және алып жүру үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу ұсынылды.
Бас Прокурор терроризмге және экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа бейімдігі бар тұлғалардың қару сатып алуына және оны алып жүруіне, сондай-ақ осындай адамдарды жарылғыш заттар мен материалдар пайдаланумен байланысты жұмыстарға жіберуге заңнамалық тыйым салуды белгілеу қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Уәкілетті органдарға азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы шаруашылық субъектілерінің қызметіне бақылауды күшейту, жарылғыш заттарды сақтау мен есепке алудың талаптарын қайта қарау, оларға рұқсаты бар тұлғалардың автоматтандырылған мәліметтер базасын жасау мүмкіндігін зерделеу тапсырылды.
Осындайда, ауылға тартып кеткім келеді, шіркін?!

2012 жылдың күзі. Әлі қазанның қара суығы ұрмаған кез. Бес адам болып бақшаға бет алдық. Жол басшымыз Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққошқар ауылының тұрғыны, батыр ана – Қазына әжеміз. Онан бөлек қасымызда әженің 40-тан асқан қызы, 3-4 жасар немересі және менің оператор досым бар. Мақсатым Қазына әжейдің қауынқұрт қайнатып, қақ тілгенін бейнетаспаға түсіру. Жол алыс, жеткізіп болар емес. Ала жаздайғы еңбегінің соңын жинап, тіртінектеген ауыл жұрты жүк көліктерімен бақшаларын көтеріп, ауылға ағылуда. Кенет, Қазына әже: " балам, анау жол шетінде тұрған қауын тиеген камаздың жанына тоқтасаң, аман-саулығын сұрайық" деді. Сәл аялдадық. Мал-жан амандығын сұрадық. Біраздан соң жол болсын деп тарқадық. Тоқтаған кезде қызы да түсіп, бір кісімен сөйлескен болатын. Көлікке мініп, жүре бергенде ол Қазына әжеден:
– "Апа, жаңа камаздан көрші Ақарық ауылындағы пәленшенің баласы түгеншені көрдім. Менің баяғы сыныптасым пәленше сонымен бірге қауын еккен екен. Ол қайда деп ем, біздің бақшадан 5-6 атыз әріде картоп аударып жатыр дейді. Құрдасыммен сөйлескім келіп еді. Ана бала шын айтты ма екен, оның өтірікті соғатыны жоқ па?" деді. Оған Қазына әже:
– "Ол кім еді? А-а, Ақарықтағы пәленшенің баласы түгенше ма?" деп сәл ойланды да апасы: "оның өтірік айтатыны жоқ, ол жақсы бала" деді.
Бұл әңгімелерді тыңдап отырған мен қатты таң қалдым. Бір ауылдың баласына көрші ауылдағы құрдастары болса ештеңе емес, он баланы дүниеге әкелген қария әже сипаттама беріп жатыр. Не деген сенімділік, не деген адалдық десейші?
Осы оқиға есіме түссе, Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбарымыз туралы әңгіме ойыма жиі оралады. Адамзаттың асылы болған Алла елшісіне (с.а.у.) кезінде мүшіріктер қанша қарсы шықса да, оның адалдығын мойындапты. Сапарға шығып бара жатса, дүние-мүлкін тапсырып кететін болған екен. Аманатқа қиянат жасамайды, ешқашан өтірік айтпайды. Сол себепті "сенімді Мұхаммед" (с.а.у.) деп атаған. Міне, осы адалдық, сенімділік сан ғасырлардан бері біздің бабаларымыздың бойынан да көрініс тауып, бүгінге дейін жетті. Осындайда, ауылға тартып кеткім келеді, шіркін?!
«Барып қайт, балам, ауылға».
«Қазақстан» Ұлттық арнасында – белгілі сазгер, қазақтың қазіргі көптеген танымал әндерінің авторы Темірәлі Бақтыгереевтің шығармашылық кеші! 2 маусым, сағат 19.30-да Ұлттық арнадан тамашалаңыз!
«Әзіл әлемі». Мерекелік концерт.
1 маусым, сағат 22.40-та «Қазақстан» Ұлттық арнасынан Тұрсынбек Қабатов және оның жігіттерінің езуге - күлкі, көңілге - қуаныш сыйлайтын әзіл әлемін тамашалаудан қапы қалмаңыз!
«Жерұйық». Тарихи драма («Қазақфильм», 2011 ж.)
«Жерұйық» - жұттан кейін басқа түскен қиын заманға қарамастан, шын көңілімен ілтипат көрсетіп, қайғысына ортақ болғаны үшін қазақстандық корей, неміс, түрік, шешен, күрт және басқа да ұлттардың осы қасиетті жерге әрі қазақ халқына деген алғысы ретінде түсірілген фильм.
«Сыр-сұхбат».
«Сыр-сұхбатта» қонақта - ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді. Ұлттық арнадан 2 маусым күні сағат 11.50-де тамашалаңыз!
Қарақат мектеп-студиясының концерті.
«Қазақстан» Ұлттық арнасында балаларды қорғау күніне орай мерекелік ән-шашу! 1 маусым, сағат 15.15-те Ұлттық арнадан Қарақат мектеп-студиясының жеке концертін тамашалаңыз!
«Біз бақытты баламыз».
Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Қазақстан» Ұлттық арнасында арнайы жоба! Тәуелсіз елі бар, кең байтақ жері бар арман қала төрінде болашаққа бастаған «Біз бақытты баламыз» музыкалық фильмін Ұлттық арнадан 1 маусым күні, сағат 12.50-де тамашалаңыз!
«Телқоңыр».
Бағдарламада өнерсүйер қауым ақын, әнші, композитор Әсет Найманбаевтың «Інжу-маржан» атты әнін таразылап, талдайды. 1 маусым, сағат 12.05-те Ұлттық арнада «Телқоңыр»!