Мазмұнға өту

Жаңа

Қаржы полициясы агенттігі жалған кәсіпкерлер мен салықшылардан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі

Бұрын біз Оңтүстік Қазақстан облысында Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері 4 жылдан астам уақыт жалған кәсіпкерлікпен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкерелегендігін хабарлаған болатынбыз.

Қылмыстық топтың құрамына Л. Әзімова, Б. Сарыбеков, олардың сенімді адамдары Ж. Дүйсебаева мен оның қызы           К. Оразбаева, есепшілер И. Ли, А. Ли, Д. Кәрібаева, С. Кауц,        О. Зиновьева, Сұлтанбекова З., Әбдіқасов Е., Сарыпбекова Л. және Оңтүстік Қазақстан облысының салық органдарының қызметкерлері кірген.

Топтың басшылығын Әзімова мен оның күйеуі Сарыбеков атқарған.

2008-2012 жылдар аралығында қылмыстық топ 60 астам жалған кәсіпорын тіркеген. Олардың есеп-шоттары арқылы жалған шот-фактуралар жазып беру және қолма-қол ақшаға айналдыру жолымен коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару қызметтері көрсетілген.

Мемлекет бюджетіне төленбеген салық түріндегі залал 18 млрд.теңгеден астам сомманы құрады.

Әзімова мен Сарыбеков қылмыстық топты ұйымдастырушы және басқарушы ретінде жалған шот-фактуралар және қолма-қол ақшаға айналдыру қажет кәсіпорындарды іздеумен айналысты.

Дүйсебаева мен Сарыбеков ақшалай қаражатты екінші деңгейдегі банктерде қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

А. Ли, Оразбаева және Сарыпбекова жалған кәсіпорындарда бухгалтерлік құжаттарды жүргізді және контрагенттерге сатылуға арналған жалған құжаттарды дайындады.

Осыдан кейін Кәрібаева және И. Ли жалған кәсіпорындардың салықтық есептік құжаттарын дайындап, оларды салық органдарына тапсырып отырған.

Сонымен бірге, ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне жалпы қамқорлықты Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары А. Садықовтың жүзеге асырғандығы тергеу барысында анықталды. Ол аймақтың салық органдарында түрлі басшылық лауазымдарды атқара отырып, ұйымдасқан топтың қылмыстарын жасыруын қамтамасыз етіп отырған.

Садықовқа қатысты қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша, Әзімова мен топтың басқа мүшелеріне қатысты жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Оған қоса аталған тұлғаларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оның қызметіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әзімова, Сарыбеков, И. Ли, Дүйсебаева және Садықов қамауда, топтың басқа мүшелері ешқайда кетпеу туралы қолхат берген.

2013 жылғы сәуірде Қаржы полициясы агенттігі аталған қылмыстық істердің тергеуін аяқтады.

Бүгінгі күні айыпталушылар мен олардың қорғаушыларын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру процедурасы жүргізілуде.

 
1
0
356

Қазақстанда жаңартылмалы электр энергиясы көздері белгіленген тарифтер бойынша сатып алынады – БҰҰДБ

Жаңартылатын көздердің электр энергиясы белгіленген тарифтер бойынша бірыңғай есептік орталықпен сатып алынады, деп хабрлады ҚР-да БҰҰ дамыту бағдарламасының энергия тиімділігі мен энергетиканың жаңартылатын көздері бойынша кеңесшісі Геннадий Дорошин Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/05/3124-81/

 
0
0
631

«Жұлдызды сәт».

«Қазақстан» Ұлттық арнасы ұсынады! Тікелей эфирде бірегей жобада жартылай финал жалғасуда! Екі жолдама мен екі үміткерге таңдауды Сіз жасайсыз! Әр сенбіде сағат 21.05-те Ұлттық арнада лайықты өнерпазға дауыс беріңіз!

0
0
260

«Айгөлек».

Дүйім жұрт сағына күткен ән мен би байқауы қайта басталды! Алда жарқын сәттер мен жаңа үміттер! 1 маусым күні сағат 10.30-да Ұлттық арнада «Айгөлек» балалар байқауының жаңа маусымының ашылуынан қапы қалмаңыз!

0
0
285

«Алаң». Ток-шоу.

Қазақтың өткен шежіресіндегі әлі де ашылмаған кейбір деректерді бүгінгі таңда жариялау қажет пе? Тарих қойнауында құпиялар қалуы тиіс пе? Бұл туралы осы аптада, 2 маусым күні Ұлттық арнадағы «Алаң» бағдарламасынан көріңіз!

0
0
187

«Қыз Жібек» қойылымының тұсаукесері

"Бүгін - ПРЕМЬЕРА, қазақ өнерінің хас шеберлері - Ғ.Мүсірепов, Е.Брусиловский, Н.Тілендиевтер шығармашылығындағы "Қыз Жібектің" тұсаукесері өтеді.

Актер, ұстаз - Сайлау Қамиевтың режиссурадағы алғашқы қадамы, алғашқы сахналық қойылымы көрерменге жол тартпақ.

Премьераның аяқ алысы да жаман емес, арайлап атқан ақ таңмен "Қазақстан" арнасының "Таңшолпан" бағдарламасы "Қыз Жібектің" тұсаукесерін барша көрерменге насихаттап, режиссерді қонаққа шақырды. Түске дейін "Мәдениет" арнасы сұхбат алды, енді патша көңілді көрерменді күтудеміз.

Басталуы сағат 18.30-да. Бүгінгі премьераны көре алмаған көрермен үшін, ертең де екінші күн премьерасы болады," деп хабарлайды Қалеки - қазақ театрының баспасөз хатшысы.

Егер уақытыңыз болып, нағыз өнерді тамашалап қайтқыңыз келсе, Қазақ театрына қарай жол тартыңыздар, астаналықтар...

0
0
1555

Нұрлан Әлімжан бізде қонақта

"Ағайындылар" фильмінің басты рөлін сомдаған мына бір сымбатты жігітті қазірде танымайтын жан жоқ. Киноларда сомдаған рөлдерінен бөлек бұл жігіт театрда да керемет рөлдерді сомдайды.

Сымбатты да сұлу, сабырлы да өнерлі Нұрлан талай қыздың жүрегін жаралап, талай сұлудың түсіне кіріп жүр.

Нұрланның ән айтатын қабілетін айтсаңызшы... Өзі ерекше әндерді таңдайды, талғамы да керемет.

Міне, жеті өнердің өзін аздық еткен Нұрлан біздің кеңсемізде қонақ болды. Бұл - біз үшін үлкен қуаныш.

Біздің ұжыммен емен-жарқын әңгіме айтып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаруға келісім берді.

Алдағы уақытта тек қана сіздер үшін Нұрлан Әлімжанның өз қолынан алған видеолар мен әндерді порталымызға жүктейміз. Ешқашан, еш жерден көрмеген видеоларды Нұрланның өзінен алып, сіздерге ұсынатын боламыз.

Суретте біздің ұжымның жартысы ғана :)

Біздің порталдан көз алмай, үнемі қарап жүріңіздер! :)

 
0
0
1668

Жағымды жаңалық

Сәлеметсіздер ме, құрметті достар!

 

2010 жылдан бастап «Ассалазар» қазақ тілі орталығының жанында  үкіметтік емес ұйым «Тілдауа» ҚҚ жұмыс атқарады.

 

Бәлкім, жаңа істі бастар кездегі белгісіздік сезімі бәріңізге таныс шығар. Тап солай біз де жұмысымызды миссиямызға, мақсаттарымыз бен міндеттерімізге сай құру жөнінде көп ойландық. Ақыры, оны да айқындап алдық!

 

Қазір бізде сегіз бөлімнен тұратын Сұхбат клубы жұмыс істейді:

 

1. Өзім және отбасым;

2. Жұмыс пен мансап;

3. Қарым-қатынас;

4. Денсаулық;

5. Демалыс және бос уақыт.

6. Өзіндік және рухани даму;

7. Әуесқойлық және шығармашылық;

8. Елтану.

 

Біздің «әңгіме-дүкендерімізге» өз ойларымен бөлісуге кәсіби мамандар шақырылады. Олардың арасында бизнесмендер, ақындар, өмірлік тәжірибесі мол зейнеткерлер, дәрігерлер, педагогтар мен психологтар бар.

Сенбі сайын қызығушылық бойынша Сектор отырыстары болып тұрады.  Секторлардың жұмыс тілі - ҚАЗАҚ ТІЛІ. Бүгінге дейін отырыстарымызда келесі  тақырыптар талқыланды:

-       Ананың отбасындағы орны;

-       Отбасыдағы аға ұрпақ пен жас ұрпақтың қарым-қатынасы;

-       Тәні саудың – жаны сау;

-       «Тән мен жан  үйлесімділігі» коучинг-сабағы.

 

Сенбі және жексенбі  күндері  тілек білдіргендер үшін психологиялық кеңестер  және коуч сессиялары ұйымдастырылып отырады.

«Тілдауа» ҚҚ-ның  ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан іс-шаралар клубқа қатысушылардың лайықты ықласына бөленуде. Пікірлес ортада, өзінің ана тілінде қоғамға, күнделікті тұрмысқа, отбасыға, денсаулыққа және басқа да көптеген толғақты мәселелерге қатысты ойыңды ортаға салғанға не жетсін!

Біздің клубқа қазақ тілін жақсы меңгерген жандар ғана емес, сондай-ақ қазақ тілінде еркін сөйлеп үйренгісі келетіндер де көптеп келеді. Тілді жетік меңгерем деушілерге алдын ала тақырыптық  глоссарий  дайындалады. Құлағының құрышын қазақ тілінің әуезді үніне  қандырған тыңдаушылар, біртін-біртін ортақ әңгімеге де араласа бастайды. Тіл үйренушілердің айтуы бойынша, тілдік ортада олардың бір-біріне бойы үйреніп, «сөйлеу үрейі», «тіл жасқаншақтығы» сияқты кедергілер азая бастайды екен.  Келешекте  көптеген маңызды да қызықты іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Келем деушілерге біздің клубтың есігі әрдайым айқара ашық.

     
0
0
734

«Менің атым Қожа». Балалар фильмі («Қазақфильм», 1963 ж.)

Ауылдың сыйлы азаматының баласы Қожа мектепте сотқарлығымен аты шығады. Соған қарамастан, ол шын жүректен түзелгісі келеді. Қасында Сұлтан досы жүрген кезде, бұл іс оған мүлдем қиынға соғады.

0
1
603