Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жағымды жаңалық

Сәлеметсіздер ме, құрметті достар!

 

2010 жылдан бастап «Ассалазар» қазақ тілі орталығының жанында  үкіметтік емес ұйым «Тілдауа» ҚҚ жұмыс атқарады.

 

Бәлкім, жаңа істі бастар кездегі белгісіздік сезімі бәріңізге таныс шығар. Тап солай біз де жұмысымызды миссиямызға, мақсаттарымыз бен міндеттерімізге сай құру жөнінде көп ойландық. Ақыры, оны да айқындап алдық!

 

Қазір бізде сегіз бөлімнен тұратын Сұхбат клубы жұмыс істейді:

 

1. Өзім және отбасым;

2. Жұмыс пен мансап;

3. Қарым-қатынас;

4. Денсаулық;

5. Демалыс және бос уақыт.

6. Өзіндік және рухани даму;

7. Әуесқойлық және шығармашылық;

8. Елтану.

 

Біздің «әңгіме-дүкендерімізге» өз ойларымен бөлісуге кәсіби мамандар шақырылады. Олардың арасында бизнесмендер, ақындар, өмірлік тәжірибесі мол зейнеткерлер, дәрігерлер, педагогтар мен психологтар бар.

Сенбі сайын қызығушылық бойынша Сектор отырыстары болып тұрады.  Секторлардың жұмыс тілі - ҚАЗАҚ ТІЛІ. Бүгінге дейін отырыстарымызда келесі  тақырыптар талқыланды:

-       Ананың отбасындағы орны;

-       Отбасыдағы аға ұрпақ пен жас ұрпақтың қарым-қатынасы;

-       Тәні саудың – жаны сау;

-       «Тән мен жан  үйлесімділігі» коучинг-сабағы.

 

Сенбі және жексенбі  күндері  тілек білдіргендер үшін психологиялық кеңестер  және коуч сессиялары ұйымдастырылып отырады.

«Тілдауа» ҚҚ-ның  ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан іс-шаралар клубқа қатысушылардың лайықты ықласына бөленуде. Пікірлес ортада, өзінің ана тілінде қоғамға, күнделікті тұрмысқа, отбасыға, денсаулыққа және басқа да көптеген толғақты мәселелерге қатысты ойыңды ортаға салғанға не жетсін!

Біздің клубқа қазақ тілін жақсы меңгерген жандар ғана емес, сондай-ақ қазақ тілінде еркін сөйлеп үйренгісі келетіндер де көптеп келеді. Тілді жетік меңгерем деушілерге алдын ала тақырыптық  глоссарий  дайындалады. Құлағының құрышын қазақ тілінің әуезді үніне  қандырған тыңдаушылар, біртін-біртін ортақ әңгімеге де араласа бастайды. Тіл үйренушілердің айтуы бойынша, тілдік ортада олардың бір-біріне бойы үйреніп, «сөйлеу үрейі», «тіл жасқаншақтығы» сияқты кедергілер азая бастайды екен.  Келешекте  көптеген маңызды да қызықты іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Келем деушілерге біздің клубтың есігі әрдайым айқара ашық.

     
0
0
671

Осы тақырып бойынша

Жағымды жаңалық - Yvision.kz