«Ауылым Көктөбенің бөктерінде». Балалар фильмі («Қазақфильм», 1986 ж.)
Арманды әкесі қаладағы интернатқа оқыту үшін алып келеді. Алайда, Арманға қала өміріне үйрену қиынға соғады. Себебі, жатса да, тұрса да оның ойынан ауылы шығар емес.
Арманды әкесі қаладағы интернатқа оқыту үшін алып келеді. Алайда, Арманға қала өміріне үйрену қиынға соғады. Себебі, жатса да, тұрса да оның ойынан ауылы шығар емес.
Екі әскери теңізші «еш себепсіз әріптесін өлтірді», деген айыппен сотталады. Олардың қорғаушысы нағыз қылмыскерді табуға бел буады. Сол үшін ол мансабын, сүйікті жарын, тіпті өмірін тәуекелге тігеді.
Бейсбол жұлдызы Бобби Рейберн «San Francisco Giants» тобына кіреді. Енді оны тек журналистер ғана емес, жанкүйер Джил Рейнард та бақылап отырады. Боббидің ісі өрге баспай қалғанда, Джилдің оған көмектескісі келеді.
Анандидің шынымен жоғалып кеткені ме? «Келін» телехикаясының жаңа бөлімдері бүгін Ұлттық арнада сағат 22.35-те!
Ғашық жүрек өз сезіміне ерік берер ме?! «Кешір мені» телехикаясының кезекті бөлімі Ұлттық арнада бүгін, сағат 19.30-да!
Сенім мен сезім сергелдеңі бүгін, Ұлттық арнада сағат 15.55-те «Мұзды жарып шыққан гүл» телехикаясының 40-бөлімінде!
Екі жауынгер бір хикаятқа тап болды... Бүгін Ұлттық арнада, сағат 21.50-те «Көк тарландары» телехикаясы!
Астаналық домбырасүйер қауымының жай ғана кездесуінен басталған бұл шараның қазірде ауқымы кеңейіп, еліміздің бірнеше басты қалаларында апта сайын бейсенбіде өтетін болды. Домбыра Party-дің басты мақсаты — ұлттық аспапты, ұлттық музыканы насихаттау.
Еріктілер шарасының мән-мазмұнын түсіну үшін Алматыда өткен соңғы Party-ға барып, бәрін өз көзімізбен көріп келген едік.


Бейсенбі күні жұмыстан шыққан жастар Арбатқа біртіндеп жиналуда. Алматылық Домбыра Party-дің жұлдызына айналған журналист Назгүл Қожабекова әр апта сайын сыңғырлаған дауысымен шаршамай ән салады:

— Мен бұл жаққа, ең алдымен, домбыра үнін шығару үшін келемін. Одан соң өзім үшін де, яғни сыртқа шықпай жатқан энергиямды ән арқылы тарқатып алу үшін. Ал негізінде арманым — келгенде маған ән айтуға кезек жетпей қалса. Сол кезде нағыз Домбыра Патидің мақсаты орындалады деп ойлаймын. Әрине, кейде жай өтіп бара жатқан адамдар келіп, күй тартып, ән айтып жатады. Ол біз үшін қуаныш.
Ән айтуды негізі өзім үйрендім. Көңіліме жаққан әндерді үйреніп алып айта беремін. Музыкалық сауатым жоқ. Қай мектеп, қай стильге жататынын білмеймін, әйтеуір өзіме ұнағандарын айтамын.





Дінмұхамед Зиядин, Kinostan.kz авторы:
— Домбыра Патиге бірінші рет келіп тұрмын. Мен жеке өзім рухани қорек алып, жақсы ән тыңдау үшін келдім. Мұндай шара, меніңше, белгілі бір стереотиптерді бұзады. Әдетте «домбыра», «терме», «күй» дегенде ойымызға бірден киіз үй, ішік, тымақ, саптама етік елестейді. Ал шын мәнінде домбыраны заманауи, модерн элементтерімен бірге қалыптастырудың маңызы жоғары. Домбыраны, қазақша ән айтуды сәнге айналдыру керек. Домбыра Пати соның алғашқы белгісі деп ойлаймын.

Айдар аға, 55те:
— Мен жай ғана өтіп бара жатып, ән салып жатқан жастарды көрдім де, домбыра тыңдау үшін тоқтай қалдым. Бәрібір де теледидардан көру бір бөлек, тірідей тыңдау бір бөлек екен. Күнделікті өмірде мұндай алаңда домбыра айтып жатқан жастарды бірінші рет көріп тұрмын. Өте ризамын. Өз ұлттық аспабымызды, әндерімізді осылай насихаттағанға не жетсін!



Гүлдара, хор дирижері:
— Құрбым Жазира Арбатта домбыраны насихаттау шарасы болады дегенге келіп тұрмын. Тамаша өтіп жатқан сияқты. Мұндай шара әрі жалғаса берсе екен, жастар дәстүрлі музыкаға құлақ түрсе екен деймін. Өйткені ұлттық аспаптарды насихаттау бәрібір де жастардың міндеті. Ал саз сырнайда ойнауды өз бетімше үйренгенмін.


Тимур Бектұр, IT маманы, блогер:
— Астананың өнерлі қазақ жігіттерінің бастамасымен домбыраны насихаттау мақсатында жасалынған шара. Ұлттық аспабымызды пафостық деңгейде ұстағаннан гөрі, күнделікті өмірде кез келген «әу, дейтін» қазақтың қолына алатын құралы ретінде көрсету. Жастар осындай жерлерде көрінсе деймін. Тек қана үлкен сахналардан емес, қаламыздың алаңдарынан, көшелерінен домбыра дауысы естіліп жатса, бастапқы идея орындалды дер едік. Қазірде Ақтау, Жаңаөзен қалаларының жастары бұл үрдісті белсенді жалғастырып жатыр.

Осылай әсем ән мен тәтті күйге құлақ қандырып біз де қайттық. Күмбірлеген домбыра дауысын сағынғандарды немесе өз өнерімен жұртты тәнті етіп, ізгі мақсатқа қосыламын деушілерді әр бейсенбі сайын сағат 20.00-де Арбатта Домбыра Partу күтеді.
Facebook-тағы парақшасы
Материалды дайындаған: Айжан Кәрібаева
Фото автордікі
![]()
Редакцияның рұқсатынсыз материалды өзге сайттарға көшіруге жол берілмейді
![]()
Теміржолшылар әулетінің негізін қалаған Әлайдар Қалмағамбетов сүйікті кәсібіне 40 жылдан астам өмірін арнапты. Оның жетістіктері мен наградаларын тізіп шығудың өзі біраз уақыт алады, ең бастысы, осы отбасы шын мәнінде мақтаныш тұтатын. нағыз рекорд бар. Біздің республикамыздың теміржолдарында Қалмағамбетовтердің даңқты еңбек әулетінің 16 өкілі жұмыс істейді, ал олардын жалпы еңбек өтілі 300 жылдан асып түсті! http://el.kz/16068