Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақ тілінің ең үздік әскери оқытушылары мен аудармашылары анықталды

Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінде мемлекеттік тілді дамыту мамандарының тәжірибе алмасу жиыны болып өтті. Астана қаласында ұйымдастырылған бұл ауқымды шараның алғашқы күні алдымен «Саптық байқау» өткізілсе, бұдан кейін жиынға қатысушылар «Көшет отырғызу» рәсіміне куә болды. Сондай-ақ, аталмыш шара аясында өтетін «Мемлекеттік тілдің үздік оқытушысы – 2013» және «Қазақ тілінің үздік аудармашысы – 2013» атты байқауларға қатысатындарды іріктеу ісі де осы күннің еншісіне тиді. Алғашқы байқау бойынша Құрлық әскерлеріндегі 26 оқытушы үміткер ретінде тіркелген болса, олардың қабілет-қарымын сараптау нәтижесінде негізгі байқауға 12-і іріктеліп алынды. Байқау барысында қазақ тілі мамандары ашық сабақ өткізді, әртүрлі нормативті-құқықтық құжаттардың мәтіндерін аударды. Байқауға қатысуш…

0
0
385

Домбыра party: «Күй ойнайды қазағымның қанында»

Астаналық домбырасүйер қауымының жай ғана кездесуінен басталған бұл шараның қазірде ауқымы кеңейіп, еліміздің бірнеше басты қалаларында апта сайын бейсенбіде өтетін болды. Домбыра Party-дің басты мақсаты — ұлттық аспапты, ұлттық музыканы насихаттау. Еріктілер шарасының мән-мазмұнын түсіну үшін Алматыда өткен соңғы Party-ға барып, бәрін өз көзімізбен көріп келген едік. Бейсенбі күні жұмыстан шыққан жастар Арбатқа біртіндеп жиналуда. Алматылық Домбыра Party-дің жұлдызына айналған журналист Назгүл Қожабекова әр апта сайын сыңғырлаған дауысымен шаршамай ән салады: — Мен бұл жаққа, ең алдымен, домбыра үнін шығару үшін келемін. Одан соң өзім үшін де, яғни сыртқа шықпай жатқан энергиямды ән арқылы тарқатып алу үшін. Ал негізінде арманым — келгенде маған ән айтуға кезек жетпей қалса. Сол кезде на…

Қалмағанбетовтер әулеті

Теміржолшылар әулетінің негізін қалаған Әлайдар Қалмағамбетов сүйікті кәсібіне 40 жылдан астам өмірін арнапты. Оның жетістіктері мен наградаларын тізіп шығудың өзі біраз уақыт алады, ең бастысы, осы отбасы шын мәнінде мақтаныш тұтатын. нағыз рекорд бар. Біздің республикамыздың теміржолдарында Қалмағамбетовтердің даңқты еңбек әулетінің 16 өкілі жұмыс істейді, ал олардын жалпы еңбек өтілі 300 жылдан асып түсті! http://el.kz/16068

0
0
331

Қыздар рингке шықты

Бүгін Ақмола облысының Шучинск қаласында бокстанәйелдер арасында ірі халықаралық турнир басталады. Оған Әзірбайжан, Украина, Ресей және Қазақстан құрамаларықатысады. Бұл бәсеке матчтық кездесу жүйесі бойынша өткізіледі. Яғни әр команда бір-бірімен күш сынасу арқылы жеңімпазды анықтайды. Еңбастысы, барлық елдің ұлттық құрама бапкерлері өздерінің үздік былғарықолғап шеберлерін осы турнирге қатыстыруды құп көрген екен. Бұл – жарыс деңгейі жоғары болады деген сөз. Бақ сынаушылар арасында Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында жүлде алған спортшылар да бар. Ал Қа­зақстан құрамасы сапында әлем чемпио­на­тының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 келі), Азия чемпионы Жайна Ше­кер­баева (51 келі), ел біріншілігінің жүлдегері Сания Сұлтанқызы (54 келі), Қазақстан чемпионы Оксана Королева (57 ке…

0
0
297

Сочи Олимпиадасына киім тіктіруге 90 млн теңге шамасында қаржы жұмсалмақ

Фото Азат Есембековтікі, BNews.kz Сочи Олимпиадасына баратын спортшылардың киімін тіктіруге 90 млн теңге шамасында қаражат жұмсалмақ. Бұл жөнінде бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінде өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Ванкуверде өткен Олимпиадаға бір спортшыны киіндіру үшін 370 мың теңге шамасында қаржы жұмсаған едік. Бір киім жиынтығына отызға жуық әр түрлі киім кіретінін айта кетейік. Ал Сочи Олимпиадасына баратын ұлттық құраманың спорттық киімін тіктіру үшін бір спортшыға кемінде 500-600 мың теңгедей жұмсаймыз деп отырмыз. Тек мемлекет қаражаты ғана емес, демеушілерді де тартамыз. Әрі кеткенде 5 мың доллар, одан көп болмайды», — деді баспасөз мәслихаты барысында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми өкілі Диас…

0
0
286

Елордада Медицина қызметкерлері күніне орай спартакиада өтті

Кеше Астанада Медицина күніне орайластырылған елордалық медицина қызметкерлері арасында қалалық спартакиадасы өтті, деп хабарлайды astana.kz сайты қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Астана қаласының медицина қызметкерлері арасындағы спартакиада ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың «СаламаттыҚазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жаппай спортты насихаттау, халықтың басым бөлігін жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға, жұмыс қабілеттілігін арттырып, еңбеккерлер арасында ауруды төмендеу бағытында өткізілуде»,- деп жазады Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан. Спортты іс-шараны салтанатты түрде Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Марат Құрманов пен Астана қаласы денсаулық сақтау қызметкерлері кә…

0
0
368

Шалқар Мұхитқа жолын берді

«Қазақстан Барысы» турнирінің екі маусымында жүлдегерлер тұғырынан көрініп, алыптардың талайын тізе бүктірген шығысқазақстандық Шалқар Жоламанов биылғы қатысушылар қатарында жоқ. Шалқар іріктеуден өтпей қалды ма, әлде басқадай себептері болды ма екен?.. Шалқар Жоламанов – Бейбіт Ыстыбаев се­кіл­ді «Қазақстан Барысы» додасыныңекі маусы­мында да жүлдеге қол жеткізген білекті балуан. Қазақ күресінің жілігін ша­ғып, майын ішкен Шал­қар бұл жобаның кү­міс және қола белдік­терін еншілеген. Енді оған «Қазақстан Барысы» деген ат қана жет­пей тұрған. Биыл іріктеу турнирі басталған тұста республикалық арналардың біріне сұхбат берген Шалқар «Биыл бірінші орын­нан үміттімін» деген болатын. Бірақ финал­дықбәсекеге жолдама алған 33 балуан­ның қа­та­рына Жоламанов ілікпей қал­ды. Оныңсе­бебі… Шығыс Қаза…

0
0
890

Белоруссия Қазақстанға қарсы құрамын анықтады

11 маусымда өтетін ойынға Боровский әлі жастар құрамасының тізімін жариялаған жоқ. Ал белорустар дайындықты кеше бастап кетті. Бірінші турда Исландиямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған ақ орыстар қазақ жастарынан үш ұпайды еншілеуді көздейді. Маусымның 11-інде футболдан Қазақстан жастарқұрамасы (U-21) «Еуро-2015» іріктеу додасын бастайды. Алғашқы қарсыластарымыз – Белоруссия. Кездесу аталмыш елдің Борисов қаласында өтеді. Осыған орай, белорустардыңаға бапкері Алексей Вергеенко Қазақстанға қарсы дайындалар футболшыларының тізімін жариялады. Естеріңізге сала кетейік, «Еуро – 2015» турнирінің іріктеу додасында белоруссиялық маман Сергей Боровский баптайтын Қазақстан жастарқұрамасы Франция, Армения, Исландия және Белоруссия құрамаларымен бірге 10-топқа түскен болатын. Алғашқы қарсыласым…

0
0
362