Нұрлан Әлімжан бізде қонақта

Сымбатты да сұлу, сабырлы да өнерлі Нұрлан талай қыздың жүрегін жаралап, талай сұлудың түсіне кіріп жүр.
Нұрланның ән айтатын қабілетін айтсаңызшы... Өзі ерекше әндерді таңдайды, талғамы да керемет.
Міне, жеті өнердің өзін аздық еткен Нұрлан біздің кеңсемізде қонақ болды. Бұл - біз үшін үлкен қуаныш.
Біздің ұжыммен емен-жарқын әңгіме айтып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаруға келісім берді.

Алдағы уақытта тек қана сіздер үшін Нұрлан Әлімжанның өз қолынан алған видеолар мен әндерді порталымызға жүктейміз. Ешқашан, еш жерден көрмеген видеоларды Нұрланның өзінен алып, сіздерге ұсынатын боламыз.
Суретте біздің ұжымның жартысы ғана :)
Біздің порталдан көз алмай, үнемі қарап жүріңіздер! :)
