Мазмұнға өту

Жаңа

Мамандықты қалай таңдадым?

Көптен күткен 11-ші сыныпқа да келіп қалдық. Мен (Жүнісов Еділ) Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы Жамбыл Қаппаров атындағы дарынды балаларға арналған №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында оқып жүрген кезім. Бұл мектепке түсуімнің өзі жеке әнгіме және мектептің мамандығыма тікелей әсер еткені белгілі.

Қырқүйектің 1-нен бастап мектепке келген сыныптастарымның әнгімесі ҰБТ (Ұлттық Бірыңғай Тест) мен мамандық жайлы болды. Сыныптастарымның бәрі алда келе жатқан ҰБТ-ға белсенді түрде дайындала бастады. Біздің мектеп техникалық бағытта сабақ беретін болғандықтан сыныптастарымның көп бөлігі таңдау пәні ретінде физиканы таңдады. Олардың ішінде менде бар едім. Ол кезде біздің мамандық жайлы білетініміз көп емес еді, сондықтан біздің арамызда өз мамандығын таңдамағандар көп еді. Қайсы мамандық қандай деп таныстарымыздан сұрап жүретін едік.

Ал менің ақпараттық жүйелер мамандығын таңдайтынымды 10-шы сыныпта анықтап алған едім. Менен екі сынып жоғары оқыған досым (Бекжанов Бақдаулет) Ақпараттық технологиялар (IT)  университетінде ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша оқып жүрген еді. Бақдаулеттің жасаған сайттын http://sen-ushin.kz/ көріп менің де сол секілді сайттар жасағым келді. Сол кезден бастап сайттарға деген қызығушылығым арта түсті. Арманымның бәрі мектепті бітіріп сайт жазуды үйрену болды. Сол сәттен бастап Ақпараттық жүйелер мамандығына түсемін деп мақсат қойдым.

11-ші сыныпты бітіріп, ҰБТ-ны тапсырып болғаннан кейін Алматыға келіп Қазақ-Британ техникалық университетіне (ҚБТУ) ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша түстім. Кәзіргі уақытта осы университеттің 2 курс студентімін.

0
0
1423

20-26 маусым аралығында Астанадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді.

 

20-26 маусым аралығында Астанадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді. Бұл жарыс сары құрлықтың барлық мықты командаларының басын қосады. Бақ сынаушылар арасында Қытай, Оңтүстік Корея, Иран, Таиланд, Филиппин және тағы басқа мемлекеттің өкілдері бар

 

Бұл жарысқа Қазақстан мынадай құрамда қатысады:

 

Ерлер

 

Арли Чонтей (56 келі) – Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогының иегері.

 

Фархад Харки (62 келі) – Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогының иегері.

 

Қуаныш Рахатов (69 келі) – Жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2006), Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы

 

Кирилл Павлов (77 келі) – Азия ойындары ( 2010) мен Азия чемпионатының (2011) қола жүлдегері. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысушы

 

Ербол Мейірманов (85 келі) – Жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2009).

 

Александр Зайчиков (94 келі) – Жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2009).  Жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2011). Қазақстан чемпионы. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысушы

 

Сергей Истомин (105 келі) – Жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2006), Азия чемпионы (2009), Азия ойындарының қола жүлдегері (2010), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2011), Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысушы.

 

Ибрагим Берсанов (+105 келі) – Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы (2009). Жастар арасындағы әлем чемпионы (2012). Қазақстан чемпионы.

 

Әйелдер

 

Маргарита Елисеева (53 келі) – Қазақстан чемпионы

 

Карина Горичева (63 келі) – Жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс (2011) және қола (2011) жүлдегері. Қазақстан чемпионы.

 

Жазира Жаппарқұл (69 келі) – Дүниежүзілік жасөспірімдер ойындарының жеңімпазы (2010). Жастар арасындағы әлем чемпионы (2012), әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2013). Қазақстан чемпионы.

 

Анна Нұрмұхамбетова (75 келі) – Жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2011). Қазақстан чемпионы. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысушы.

 

Александра Аборнева (+75 келі) – Жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2006). Азияның бірнеше дүркін жүлдегері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

 

Надежда Ногай (+75 келі). Жасөспірімдер арасындағы әлемнің үш дүркін чемпионы (2010, 2012, 2013). Жастар арасындағы әлем чемпионы (2013).

Бір ескере кететін жайт, 14 маусым күні бапкерлердің отырыс өтеді. Сол кезде құрамада аздаған өзгерістер болуы мүмкін

Міндетті түрде берілсе. Өтініш

Азия чемпионатының ойдағыдай өтуіне республикалық ауыр атлетика федерациясы, Спортты жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаты қоры барынша қолдау көрсетуде.

   

Соңғы екі Азия чемпионаты жайында мәлімет.

 

2011 жылы. Қытайдың Тонлинг қаласы. Қазақстан құрамасы мүшелері арасында Владимир Седов (94 келі) пен Татьяна Хромова (75 келі) күміс медальді иеленді. Кирилл Павлов (77 келі), Владимир Кузнецов (85 келі), Сергей Истомин (105 келі) және Александра Аборнева (+75 келі) үшінші орынға табан тіреді. Бұл жарыста жүлдеміз мол болғанымен, алтынның жоқтығы жалпы есепте жоғарлауымызға кедергі келтірді. Нәтижесінде 6-орынға жайғастық. Біздер Қытайдан бөлек, Иран (1+1+0), Оңтүстік Корея (1+0+0), Макао (1+0+0) және Солтүстік Кореядан (0+5+1) қалып қойдық.

 

2012 жылы Оңтүстік Кореяның Пуантаек қаласы. Қазақстан құрамасы Александар Аборнева (+75 келі) күміс медальді иемденді. Нұрсұлтан Рахатовқа да бұйырғаны – күміс. Игорь Вашанов (94 келі) пен Гүлназ Наурызова (75 келі) үшінші сатыға тұрақтады. Осы орайда ексерілуге тиіс бір жайт бар. Пуантаекте қола медальді иеленген Гүлназ – қазақ қыздары арасынан шыққан Азия чемпионатының алғашқы жүлдегері. Осы көрсеткішпен жерлестеріміз 7 орынды иеленді. Алдымызда – Қытай (6+5+1), Оңтүстік Корея (2+2+2), Өзбекстан (2+1+2), Иран (2+1+2), Тайпей (2+1+1) және Таиланд (1+0+2).

 
0
0
349

Биылғы Азия біріншілігінде баскетболдан Қазақстан құрамасы «D» тобына түсті

vesti.kz сайтының суреті

 

Бүгін Манилада баскетболдан ерлер арасындағы 2013 жылғы Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы «D» тобына түсті. Қарсыластарымыз – жеңуге болатын командалар, деп жазады alasharena.kz.

«1-11 тамыз аралығында Манилада (Филиппин) өтетін ХХVІІ Азия чемпионатының жеребесі тартылып, Қазақстан құрамасы «D» тобына түсті», деп көрсетілген жазбада.

 

Нақтырақ айтқанда, Үндістан, Бахрейн және електік сындағы Оңтүстік-шығыс аймағының жеңімпазымен бір топта сынға түсетін болды.

Жалпы, Азия чемпионатындағы төрт топ төмендегідей:

«А» тобы: Филиппин, Иордания, Тайпей, Сауд Арабиясы.

«B» тобы: Ливан, Катар, Жапония, Гонконг.

«C» тобы: Қытай, Иран, Корея және Оңтүстік-шығыс аймағында екінші орын алған құрама.

«D» тобы: Қазақстан, Үндістан, Бахрейн және Оңтүстік-шығыс аймағының жеңімпазы.


 
0
0
394

Берешегі барлар жарысқа қатыспайды

 

Керісінше, додада мықтылар ғана қалса, бәсекелестік күшейеді. Бәсекелестік болған жағдайда ойыншылардың шеберлік деңгейі өседі. Расында да ел біріншілігінде материалдық жағдайы жақсы, бапкерлер мен ойыншылардың алдында еш берешегі жоқ ұжымдар ғана ойнауға тиіс.

 

Қазақстан футбол одағында жағымды бір жаңалық бар. Келесі жылдан бастап, ойыншылар мен бапкерлерге берешек ақшалары бар командалар ел біріншілігінеқатыстырылмайды.

Осы мәселеге орай кәсіби футбол лигасының төрағасы Михаил Гурман былай деп түсінік берді: «Бұған дейін біз олардың проблемасына түсінушілікпен қарауға тырыстық. Қарызы бар ұжымдардың жарысқақатысуы енді осымен тыйылады. Премьер-лигада тек өз-өзініңқажеттілігін толықтай қамтамасыз ете алатын командалар ғана ойнауға тиіс».

Бұл жаңалыққа біз кәдімгідей қуандық. Өйткені ел футболындақаржы мәселесіне байланысты дау-дамайлар тым жиілеп кетті. Кейбір команда басшылары бапкерлер мен ойыншыларға еңбекақы төлеуге келгенде сараңдық танытатын «әдет» шығарды. Соның себеп-салдарын сұрасаң, түрлі желеуді алға тартады. Әйтеуір, өздеріне шаң жуытпайды. «Әне-міне, ертең-бүрсүгіні» деп бос уәде беріп, істі сиырқұйымшақтандырып жібереді. Иә, егер осы мәселе ұзаққа созылмай, бір-екі ай көлемінде шешімін тауып жатса, әңгіме ушықпайтын еді. Алайда Қазақстанның Премьер-лигасында күш сынасып жүрген кейбір клуб ойыншыларының жалақы ала алмай жүргеніне жарты жылдан асты. Ал оған қалай төзуге болады? Бапкерлер мен футболшылар да ет пен сүйектен жаралаған адам. Барлығының отбасы, бала-шағасы бар. Оларды тамақтандырып, киіндіріп, басқа да тұрмыстық мәселелерін шешу қажет. Бірақ оған бас ауыртып жатқан басшы жоқ.

Бос уәдеден шаршап, төзімдері әбден таусылған футболшылардыңарасында сотқа жүгінгендері де бар. Бапкерлер арасында бармақтарын тістеп қалғандары да жетерлік. Тіптен, шет мемлекеттерден аттай қалап шақыртып алған легионерлердің өзін оңдырмай «лақтырғанымыз» есімізде. Әділдік іздеп жалыққаннан кейін олар халықаралық құзырлыұйымдардың көмегіне жүгінеді. Ал бұл біздің мемлекет үшін жақсы емес.Қазақстанның спорттық имиджіне, беделіне елеулі нұқсан келеді. Әлем жұртшылығы алдында абыройымыз түседі. Бірақ қарақан қамын ғана ойла-ған кейбір басшысымақтарды бұл мәселе еш ойландырмайды.

Жасыратыны жоқ, бірқатар облыстарда спортқа тиесіліқаражаттың басым бөлігі футболға жұмсалуда. Соның салдарынан басқа спорт түрлері аймақтарда кенже дамып жатыр. Өзге мамандық иелерінеқарағанда теңбіл доп шеберлерінің табысы әлдеқайда жоғары екені де баршаға мәлім. Өзге елдерден легионерлерді де көптеп шақыртып жатырмыз. Бірақ одан отандық футболымыздың көсегесі көгерген жоқ.Әлем және Еуропа чемпионаттарының іріктеу турнирлерінде Қазақстанқұрамасы үнемі сәтсіздікке ұшырауда. Еуролига до­даларында бақ сынап жүрген командаларымыздың ешқайсысы жарытып өнер көрсете алмады. Осы жағдай жанкүйерлерді күйіндіреді.

Осының барлығын қаперге алсақ, жоғарыда көтерілген мәселеніңорынды екені еш күмән туғызбайды. Ел футболындағы елеулі тұлға Михаил Гурманның пікірімен толықтай келісеміз. Біздер үшін Премьер-лигада ойнап жүрген клубтардың саны емес, сапасы маңызды. Тіптен негізгі доп додасында бес-алты команда қалса да, одан айтарлықтай зардап шеге қоймаспыз. Керісінше, жарыс жолында мықтылар ғанақалса, бәсекелестік күшейеді. Бәсекелестік болған жағдайда ойыншылардың шеберлік деңгейі өседі. Ал бұл жайт ел футболыныңөркендетуге бағытталған бірде-бір қадам болары анық. Расында да ел біріншілігінде материалдық жағдайы жақсы, бапкерлер мен ойыншылардың алдында еш берешегі жоқ ұжымдар ғана ойнауға тиіс.

 
0
0
400

«Қазақстан Барысы» на телеканале «Боец»

 

Ежегодно «Қазақстан Барысы» осуществляет прямую трансляцию по казахстанским телеканалам.

В этом году проект расширяет границы вещания. Теперь битву лучших смогут увидеть не только казахстанцы, но и жители СНГ и Балтии. Телеканал «Боец» стал одним из основных информационных партнеров Республиканского турнира по қазақ күресі «Қазақстан Барысы» на призы Лидера Нации — Президента РК Н. А. Назарбаева.

30 июня в республиканском велотреке «Сарыарка» сойдутся лучшие из лучших. Проект получает международную известность, оставаясь при этом по-прежнему народным…


 
0
0
241

Специально ко Дню столицы в Астане создадут «город в городе» 6 и 7 июля в рамках празднования 15-летия Астаны на площади у монумента «Қазақ Елі» пройдут народные гуляния «Шуақты қала».

Специально ко Дню столицы в Астане создадут «город в городе»
6 и 7 июля в рамках празднования 15-летия Астаны на площади у монумента «ҚазақЕлі» пройдут народные гуляния «Шуақты қала».
В течение двух дней для жителей и гостей столицы на площади раскинется уникальный «город в городе», посетителей которого ждет праздничная ярмарка, развлекательные аттракционы, рестораны, выставка современного искусства, а также насыщенная дневная и вечерняя концертная программа.
На сцене под открытым небом зрителей ждет праздничная концертная программа, где пройдет выступление артистов-представителей классического, джазового и эстрадного жанров. Свое искусство зрителям продемонстрируют оркестры духовых и народных инструментов.Гости праздника увидят выступление коллективов, представляющих традиционную тюркскую музыку и джаз.
Вечерняя программа будет представлена грандиозным «Эстрадным марафоном»с участием известных казахстанских исполнителей. В завершение праздника в небе столицы пройдет запоминающийся фейерверк.

Специально ко Дню столицы в Астане создадут «город в городе» 6 и 7 июля в рамках празднования 15-летия Астаны на площади у монумента «Қазақ Елі» пройдут народные гуляния «Шуақты қала». В течение двух дней для жителей и гостей столицы на площади раскинется уникальный «город в городе», посетителей которого ждет праздничная ярмарка, развлекательные аттракционы, рестораны, выставка современного искусства, а также насыщенная дневная и вечерняя концертная программа.На сцене под открытым небом зрителей ждет праздничная концертная программа, где пройдет выступление артистов-представителей классического, джазового и эстрадного жанров. Свое искусство зрителям продемонстрируют оркестры духовых и народных инструментов.Гости праздника увидят выступление коллективов, представляющих традиционную тюркскую музыку и джаз.Вечерняя программа будет представлена грандиозным «Эстрадным марафоном»с участием известных казахстанских исполнителей. В завершение праздника в небе столицы пройдет запоминающийся фейерверк.

0
0
608

Кондиционер – дос па, дұшпан ба?

Адамзаттың қолынан келмейтіні жоқ. Ғарышты бағындырып, небір заманауи технологияларды игеріп жатырмыз. Бүгінгі ХХІ ғасырда техниканың алуан түрі дамып, жайлы өмір сүруге барлық жағдай жасалған. Қолдан келсе адамзат ауа райын өзіне бағындырып, өзгертіп алуға да дайын. Бірақ табиғат-ананың құдіретімен күш сынасуға дәрменіміз қайдан жетсіз? Дегенмен қыстың қаһарлы аязы мен жаздың алқымнан алатын аптап ыстығына төзу үшін мамандар құрал-жабдықтардың небір түрін ойлап тапты. Солардың бірі – кондиционер.

Ең бірінші өндірістік кондиционер 1902 жылы Америка жерінде пайда болған екен. Оны Уиллис Кэрриер есімді инженер Нью-Йорктың баспа үйінің таспырмасымен құрастырып шығарған көрінеді. Ең қызығы – ауа салқындатқыш қызметкерлердің еңбек ету жағдайын жақсарту үшін емес,  баспа материалдарын қорғап, шамадан тыс ылғалданудан сақтау үшін жасалған екен. Көп ұзамай ауа салқындатқыш Еуропада да пайда болды. Тұңғыш кондиционер туралы айтқанда, бірден Кельндегі театр еске түседі. Мұнда көрермен қойылымды тамашалу үшін емес, салқындап қайту үшін жиналатын. Ал АҚШ-тың Детройт қаласындағы  әмбебап дүкен кондиционердің арқасында саудасын үш есеге арттырыпты.

Шыныда да, күні бүгінге дейін біз үшін кондиционер деген қол жетпейтін таңсық дүние болып келді. Ал қазір ауа баптағыштар екінің бірінің үйінде бар. Бүгінде үйде болсын, жұмыста болсын, автокөлікте, қоғамдық орындарда кондиционер қолданысының аясы кеңейе түседі. Әсіресе жаздың ыстық күні ауа баптағыш болмаса жай таппай қалатынымыз рас.  Ал ыстығы ерекше еліміздің батыс өңірлерінде кондиционер барлық үйлер мен мекемелерде дамылсыз күні-түні қосылып тұрады. Ауа баптағыштар адамдарды ыстықтан қорғайды, жайлы микроклимат орнатады. Шілденің шіліңгір ыстығында бөлмедегі ауаның салқын болып, өзіңізді самал жел өтінде отырғандай сезіндіретін кондиционердің болғанына не жетсін. Дегенмен де, кондицонердің денсаулық үшін қауіпті тұстары да бар екенін айта кеткен жөн. Алайда бар мәселе ауа баптағыштың өзінде емес, оны дұрыс пайдалана білмейтіндігімізде!

Ең бастысы – орнатылатын кондицонердің сапасы жақсы болуы тиіс. Сондықтан құрылғыны алған уақытта оны қай жерде, қалай қолданатыңызды нақтылап, мамандардан кеңес алғаныңыз абзал.  Құрылғыны сатып алып, орнатқан соң, пайдалану нұсқасымен жақсылап танысып алу керек. Негізгі талап бойынша, даладағы ауа температурасы мен іштегі температура айырмашылығы 6 градустан аспауы қажет. Мысалы, далада күннің қызуы +30 градусты көрсетіп тұрса, бөлмедегі көрсеткішті  +24 градустан төмендетпеу керек. Екіншіден, кондиционер ауаны құрғатады.  Сәйкесінше бөлменің микроклиматы құрамындағы ылғал азаяды. Салдарынан сол бөлмеде отырған адамдардың тамағы мен мұрын қуысы құрғап, тыныс алуы жайсыздануы мүмкін. Сондықтан бөлмеге арнайы ауа ылғалдатқыш құрал немесе кәдімгі ыдысқа су құйып, бетін ашып қою керек. Соңғы үлгіде шығарылған кондицонерлердің кей бірі ылғалдатқыш құрылғымен жабдықталғанын. Сондықтан оларды пайдалану тіпті жеңіл. Дегенмен кондиционердің тағы бір кемшілігі бар – ол бөлмедегі оттегін азайтып, көмірқышқыл газын көбейтеді. Ал ауа жетіспеушілігі сол бөлмеде тапжылмастан отырған адамның ақыл-ой қызметіне әсер етіп, қан айналу процесін бәсеңдетеді. Сондықтан аракідік сыртқа шығып, ауа жұтқан абзал. Кондиционерді қосып қойып, ұйықтауға да болмайды. Таңертең ұйқыдан тұрғанда аяқ-қолыңыз сырқырап, бұлшықеттеріңіз құрысып қалуы мүмкін. Ол дененің шамадан тыс салқындауының әсері. Суық тиіп, ауырып қалуыңыз да ғажап емес.

Автокондиционерді қолданудың басты ережелері

Аптап ыстықта ауа салқындатқышы жоқ көлікті жүргізу тұрмақ, оның ішінде отыру мүмкін емес. Ауасы тар, ыстық салонда адам есеңгіреп, зейіні нашарлап, алаңғасар болады. Мұндай жағдайда жүргізуші байқаусызда жол ережесін бұзуы да мүмкін. Сондықтан бұл жайт жол қауіпсіздігін сақтауға кедергі келтіреді. Ең бастысы, көліктегі кондиционер адамға барынша жайлы жағдай жасау үшін қолданылады.  Мұнда да ауа баптағышты пайдаланудың өз талаптары бар:

-         кондиционерді қосқаннан кейін 2-3 минутқа терезелерді ашып, салонды желдетіп алу қажет;

-         күн ыстықта көлік салонындағы ауа температурасын бірден мұздатып жіберуге болмайды, ауаны бірте-бірте салқындатқан дұрыс;

-         салондағы ауа температурасын  + 20 °С градустан төмендетпеу қажет;

-         кондиционерің салқын ауа ағымдарын көліктің төбесіне қарай бағыттау қажет;

-         даладан келіп, көлікке отырған кезде салқын ауа лебін өзіңізге қарай тіке бағыттамаңыз, келесі күні салқын тиіп, еңбекке жарамай қалуыңыз мүмкін;

-         салон ауасының сүзгіштерін (фильтрларын) уақытында ауыстырып, кондиционердің өзін мерзіміне сай мамандарға тексертіп, техникалық талаптарын орындап жүру қажет.

Осындай қарапайым ережелерді ұстана отырып, сіз өз денсаулығыңызды күтіп, ауру-сырқаудан сақтанасыз. Сонда ғана ауа баптағыш атына заты сай пайдалы құрал болып, тек игілігіңізге ғана қызмет ететін болады.

 
0
0
1962

«Толқыннан толқын туады, Толқынды толқын қуады...»

Бүгінгі материалда «Қара-ала сырмақ», «Жапырақ жауған күз» өлеңдер жинағының авторы, жас ақын Жақсылық Қазымұратты шығармашылығы, бүгінгі жас ақындардың жағдайы турасында білу үшін әңгімеге тартқан болатынбыз.

— Сәлем Жақсылық, алдымен өзің жайлы, поэзияға келуің жайлы айтып өтсең.

— Мен 1990 жылдың 23 қыркүйегінде қазіргі Қытай Халық Республикасының Шиху қаласында туылғанмын. Отбасында үш баланың кенжесімін. Туған ауылымда мектепті бітірген соң 2008-жылы атақонысымыз Қазақстанға келдім. Сөйтіп бір жылдай осында оқуға түсуге дайындық курсында оқыдым. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдағалы жатырмын.

Әкем оқыған, көзі қарақты кісі болды. Оралхан Бөкейдің бір сөзі бар ғой: "Мен әкемнен қорқатынмын, ол оқымаған оқымысты еді", — деген, сол айтқандай әкемнің әсері болған шығар, 13-14 жасымда аздап бір сөздерді ұйқастыруға, тақпақтарды құрауға, мектепте әдебиет сабағындағы тапсырмаларды ұйқастырып жазуға құмартып жүрдім. Содан 16-17 жасымда ең алғашқы өлеңдерімді, «тырнақ алды» туындыларымды жаза бастадым.

Енді-енді өлеңге құмартып жүрген 13-14 жасымда:
«Мені сондай биіктерге жетеледің,
Анашым!
Мәңгі мені мәпеледің,
Өзіңізді мақтан тұтып өтер едім» деген сынды ұйқастардан тұратын анашыма арналған бір қызық тақпақ шығарып, оны қойын дәптеріме жазып қойдым. Содан бір күні мектептен үйге келсем, тақпағымды анам оқып көріп, керемет бір қуанып отыр екен. Менің жүрегімді сол кезде бір мақтаныш сезімі кернеп: «ойпырмау, ертең мен ақын болсам анам осылай қуанады екен ғой» деген ой келді. Ол кезде арман деген сұмдық қой — жалындап тұрған бала арман. Ана жанарындағы бақытты көргенде құдды бір ертең ұлы ақын болып кететіндей. Сонда мен өз-өзіме іштей «Мен ақын боламын!» деп бекіндім. Кейін өлең жаза бастағанда жұрттар: "Сен неге ақындыққа қызығасың?" десе, мен: "Өйткені мен өлең жазсам, мамам қуанады екен" дейтінмін.

— Өлеңдеріңде көбінде қандай тақырыптарды қозғайсың?

— Өлең жазуды енді бастап келе жатқан жас ақын болғандықтан әркімге бір еліктейміз, біреуден үлгі алғымыз келеді, біреудің ішкі ой иіріміне, сөзді қабыстырып байланыстыруына, оқырманына ой тастауына ұмтылғымыз келеді. Бірақ Мұқағалидің айтқан бір керемет сөзі бар ғой: «Поэзия — махаббатпен басталып, парасатпен аяқталуы керек» деген, жалпы соған ұмтыламын.

Қазір біздің жалындап, жүрегімізді қайда қояр жер таппай жүрген шағымыз ғой. Сондықтан да негізгі өлеңімнің дені ғашықтыққа, махаббатқа, сүюге, өртеніп күюге арналады. Оны ешқандай бір әбестік деп айтуға болмайды. Өйткені жанарымның көргені, жүрегімнің қалағаны, сезім-түйсігімнің сезіп білгені сол. Соны қағазға түсіремін. Мен, мысалы, керемет Отанымды сүйетін шығармын, мен керемет патриот шығармын. Бірақ оның барлығын сезіну үшін уақыт керек. Оны бір үлкен ұлылықпен сезініп поэзияға түсіру дегенде оңай дүние емес.

Дәл қазір өзіме ең бір жүрегіме жақыны — ғашықтық, махаббат жырлары, лирикалық жырлар. Соларды оқып-ізденіп жүремін.

— Тапсырыспен өлең жазуға деген көзқарасың қандай?

— Көп жағдайда өз жақындарың, жанашыр достарың сұрап тұрғанда, әрине, көңілің қалдырғың келмейді. Дастархан басында, той-томалақтарда, туған күндерде өзінің тілегін кішкентай бір тақпаққа сыйғызып айтқысы келетін өзімнің таныстарым болса, шамам келгенше оның ойын бейімдеп, қағазға түсіріп немесе ауызекі ұйқастарды құрып бергенге қарсы емеспін. Ол адамның көңіл-күйі, қуаныш-шаттығы. Оның астында оның шынайы тілегі, пейілі жатыр. Сол үшін қолымнан келіп тұрса, тапсырыспен жазу деген менің табиғатыма жат нәрсе дегеннен гөрі адами тұрғыда жазып беруге болады. Ал былайша нақты бір мекемелердің, газет-журналдардың немесе біреулердің арнайы тапсырысымен біреуге арнап өлең жазу деген менің табиғатымда жоқ. Оны шығарып газетке жариялау немесе телевизияда біреудің алпыс жасы, біреудің жетпіс жасы деген сияқты... Мысалы, алдымызда Астана күні келе жатыр. Мен Астанаға арнап міндетті түрде өлең жазып, оны жариялап, одан бір қызық көріп, сол арқылы өзімнің бір қиыншылықтарымды шешіп алсам деген сияқты нәрселерге барып көрмеппін.

— Жас ақын еліміздегі жастар поэзиясы жайында не айтады екен?

— Жастар поэзиясының соңғы бір буыны өз жемісін оқырманына, халқына беріп үлгерді деп айтуға болады. Олар 80-жылдары дүниеге келген, поэзияға 2000-2010 жылдары еңбек еткен қуатты буын. Қазақ поэзиясында жас болса да өзіндік қолтаңбасын қалдырған Ерлан Жүніс, Тоқтаралы Таңжарық, Мұнарбек Дәли, Ұларбек Нұрғалым қатарлы Құралай Омар, Танагөз Толқын сынды біздің алдымыздағы аға-әпкелеріміздің қуатты жырларының өзектілігі өз уақытында өзіне тиесілі сыншысынан, оқырманынан бағасын алған. Олар енді ары қаратай кемелденуге, үлкен бір дүниелер жасауға бағытталғандар.

Ал тірнек ұқсап енді-енді өскін жарып келе жатқан олардың ізбасарлары бар. Олар бүгінде көпшіліктің назарында жүрген Бауыржан Әлқожа, Олжас Қасым, Қайсар Қауымбек, Еркебұлан Кенехан т.б.

Қашанда бір толқыннан екінші толқынның өзгешелігі, парқы болады. Мысалы, менің айналамда жүрген ақын достарымның алдыңғы буынға қарағанда бір ұлттық бояуы, ұлттық болмысы бар. Әр нәрсені қазақи түсініп, қазақи қара өлеңге жақын етіп жазуы бұл қазақ поэзиясының әлі қалыптасып үлгермеген, енді белең беріп келе жатқан толқынының бір жылт еткен жаңалығы деп ойлаймын. Жас ақындарды оқып көріңізші, Қайсар Қауымбектің өлеңдерін оқи отырып бір керемет отансүйгіштікті, ұлттық идеяларды ұғасыз, Олжастың өлеңдері ауылдың табиғаты, ауылдағы қарапайым адамдардың өмірі, тірлік-тынысының, болмыс бітімінің барлығын сол поэзияға сіңірсе, Бауыржандағы табиғат көрінісін өз күйінде түсіруі, табиғатпен өзін байланыстырып айтуы тым өзгеше.

Бұл буын әлі қалыптасып болмаған, әлі әдеби орта мойындап та үлгермеген. Менің басып айтатыным, оларда ұлттық бояу бар, ұлттық болмыс бар, қазақилық бар. Еңбектенсе, ары қаратай қолдау болса, бұл буыннан да үлкен бір жеміс күтуге болады.

— Елімізде жас ақындарға арналған мүшәйралар жиі болып тұрады ма? Өту деңгейі қандай?

— Жас ақындарға арналған мүшәйралар жыл өткен сайын көбейіп келеді. Өзімнің естігендерімнен жақында Байқоңырда, Ілиястің ауылында, Мұқағалиға арналған мүшәйра Талдықорған қаласында өтті. Ақындарға берілетін сыйлықтар да жақсы, басы 100 мыңдап соңы 30-40 мыңдап алып жатыр. Бұл енді ақындар мүшәйрасының жыл өткен сайын деңгейінің сапа жағынан да, қолдау жағынан да салыстырмалы түрде жақсарып келе жатқандығын көрсетеді. Сол сынды екі жылда бір рет жас ақындардың форумы өтеді, Arzu.kz «Алтын қалам» мүшәйрасын өткізіп тұрады. Ал бұл мүшәйраларға әр ақын өз ыңғайына қарай қатысады.

Міндетті түрде бүкіл республикадағы мүшәйраларды түгендеудің қажеті жоқ. Мысалы, Жамбылдың мүшәйрасы өткізілгелі жатыр, Бауыржан Момышұлының мүшәйрасы өтті деп естідім. Жақында Повлодарда Қожаберген жыраудың 300 жылдығына арналған үлкен мүшәйра өтеді екен. Енді оның бәрін мүмкіндігіміз бен қалауымыз болып жатса, қатысуымыз керек шығар... Бірақ енді міне мүшәйра өтейін деп жатыр екен, мен осыған қатысайын, таң атқанша Қожабергенге арнап өлең жазып соның мүшәйрасынан орын алайын деген сияқты оймен жазу деген дұрыс емес деп ойлаймын. Ал егер қатысу бұйырып жатса, қатыс, бағыңды сынап көр. Оның өзі аламан, оның өзі бәйге. Біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Рухани жағынан алғанда мүшәйраға қатысудың пайдасы өте зор.

— Жас ақындар жиналып поэзия кешін ұйымдастырып, бір-бірінің өлеңдерің тыңдай ма?

— Әрине, ол әлем поэзиясында да, қазақ поэзиясында да ежелден қалыптасқан дәстүр. Мұқағали:

«Ақынды ақын оятпаса болмайды,
Ақынды ақын таяқтаса сол қайғы,
Ақынды ақын сүйемесе болмайды,
Ақынды ақын күйелесе сол қайғы», — деп айтқандай, поэзияға деген құштарлығы мол, ыстық жүректі, кіршіксіз адал ақын-жазушылар жиі-жиі кездесіп тұрамыз.
Өзім жаңа бір өлең жазсам, соларға көрсетіп, оқып бергім келіп тұрады. Арнаулы біз мына жерде бас қосамыз деп айта аламаймын. Бірақ барлығымызға ыңғайлы, тыныш жерде жиналып, өлеңімізді оқып тұрамыз.

Осы орайда Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіндегі ертеден келе жатқан, кезінде «Дос-мұқасандар» құрған елу жылдық тарихы бар «Бәйшешек» деген әдеби клуб жайында айтып өткім келіп тұр. Сол клубтың бір қызығы техникалық университетте бола тұра әр аптаның сейсенбісінде басымызды қосып шақырып отырады. Ол жерге керемет ақындар келеді, өлеңдер оқылады, поэзия тыңдалады, дәстүрлі ән айтылады. Былай қарасаңыз, бұл бір кеңістік. Ал техникалық университетте осындай кеңістік ашу бұл поэзияға деген үлкен жүрегі бар сол жердегі Мұрат, Сағдат қатарлы студент жастардың ұлт руханиятына қосып отырған үлесі деп қарауға болады.

Жалпы басымызды қосып өлең оқып, жыр тыңдап отыру бұрыннан бар және жалғаса береді.

— Қазақ поэзиясындағы жастардың орны қандай? Аға буын оларды қаншалықты бағалайды?

— Өз басым аға буынға дән ризамын. Алдыңғы толқын ағалардың кейінгі толқын інілеріне деген ізеті көңіл қуантады.

Шынын айтқанда, мен ең алғаш Қазақстанға келгенімде осындан 3-4 жыл бұрын «Алматыдағы поэзиялық орта маған қалай қарайды, менің өлеңдерімді тыңдайтын адамдар бар ма екен?!» деген күдік пен күмән болды. Әлі есімде, ең алғаш рет 2009 жылдың күзінде Қазақстан Жазушылар Одағына өлең оқығанымда қазақтың үлкен талантты ақыны Аманхан Әлімұлы ағамыз қолымды алып «Ойпырмай, не деген жақсы өлең» деп маған батасын берген. Кейін Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбайұлы, қазақтың көрнекті ақыны Бауыржан Жақып, Қасымхан Бегіман ағаларым менің бір-екі өлеңімді оқығаннан кейін маған деген ағалық жүрегімен, мейіріммен көңіл бөліп, талантымды ашуға, бағытымның қалыптасуына қол ұшын берді. Мен қазір өз жеке басымды айтып отырмын, бірақ бұл үрдіс бәрінде де бар.

Сонымен қатар, «Жалын» баспасында «Жас толқын» деген сериямен жыл сайын кем дегенде бес-алты ақынның кітабы жарық көреді. Бұның өзі жастар поэзиясына мемлекет тарапынан, ел тарапынан көрсетіп жатқан құрмет. Сіздің кітабыңыз халыққа жетті, таралды деген сөз сіздің поэзияңыз оқырманға жетті, сіздің өлеңдеріңізді ел оқиды деген сөз. Ағалар қолдап отырса, мемлекет кітабыңды басып, түрлі мүшәйра, іс-шараларда елеп-ескеріп, тиесілі орныңды беріп жатса. Осыдан артық қандай көмек керек.

— Жас ақын ретінде жастар поэзиясына қандай сын айтар едің?

— Нақты кесіп айту қиын, сан алуан пікір айтылады. Өз басым қолдан тағдыр жасағанды, ах ұрып күңіренгенді ұната бермеймін. Бәрі шынайы болу керек қой. Түңілу, қамығу өз шеңберінде болғаны дұрыс. Жас болған соң еліктейміз, үлгі аламыз, бірақ кімнен нені үйрену керек екенін білген жақсы. Біреудің атын атап, түсін түстеп айту менің өз табиғатымда жоқ нәрсе. Өйткені, Аманхан ағам айтатын: «Қандай да бір нашар ақын жақсы оқырман бола алады. Өйткені оның көңілі, оның жүрегі поэзияға арналған», — деп. Сондықтан қандай да бір қолына қалам ұстаған жас болсын, аға буын болсын, олардың ешбіреуіне мін айта алмаймын. Әркімнің өз бағыты, өз ұстанған танымы бар.

Бірақ менінше біздің поэзиямызда ұлттық бояу, ұлттық болмыс қашанда қанық болу керек.

— Бүгінгі күні екі кітабың жарыққа шықты. Осы кітаптарыңа тоқталып кетсең...

— 2011 жылы «ҚазАқпарат» баспасының қолдауымен «Қара-ала сырмақ» деген тұңғыш жыр жинағым шықты. Бұл кітап екі бөлімнен тұрды. Біріншісі — Сонар. Яғни, аңшының аңға шығатын уақыты, қанжығам майлы болсын, олжалы болармын деген оймен бала кезде жазылған балғын өлеңдерден тұрды. Екінші бөлім — Соқпақта. Бұл бөлімде университетте оқып жүрген кезімде шығарған өлеңдерімді топтастырдым. Әрине, ең алғашқы кітабымның артық-кемі барын жасырмаймын. Әсіресе бірінші бөлімде балғын өлеңдер көп, шынымды айтсам, оларды қазір оқып, өзім де қысылып жатамын. Бірақ не дегенімен бұл өзіме бір тұңғышым, бірге өсіп, бірге келе жатқан досым сияқты өте ыстық кітап. Сол кітапты шығармағанда мүмкін екінші кітабымды шығарарда кемшіліктер мен кемелдіктерді артық-кем бағамдай алмас едім. Осы кітапты шығарарда сол кітапқа қарап ойланған болармын, салыстырған шығармын. Сондықтан қалай болса да «Қара-ала сырмақ» өз деңгейінде өнерге енді келген 21 жасар, әлі оңды-солын танып болмаған, поэзияның ортасына биссмилләсін айтып қадамын басқан жас ақынның алғашқы кіл кітапшасы ретінде өзіме құнды.

Екіншісі — жақында шыққан жинағым «Жапырақ жауған күз» деп аталады. Бұл университетті аяқтағалы жатқандағы соңғы бір жарым жылдағы өлеңдерден тұрады. Кітапты екі бөлімге бөліп қарастыруға болады. Бірі — махаббат лирикалары, екіншісі — ел, туған жер туралы өлеңдер. Кітаптарымды қолына алған оқырмандар бағасын айта жатар.

— Оқу бітіріп жатырсың, болашаққа қандай жоспарларың бар?

— Дайындық факультетін қосқанда 5 жыл қарашаңырақ Қазақ Ұлттық университетінен білім алдым, Алланың берген бағы болар, бақыты болар, екінің біріне бұйыра бермейтін мемлекеттік грантты иелендім. Соның арқасында өз күнімізді өзіміз көріп, біреуден ілгері, біреуден кем университетті бітіріп барамыз. Жоспар дегенде бірінші дипломымды қорғайын, сосын оны қолға алғаннан кейін біраз тыныстап алып, үлкен өмір, тірлік басталары анық. Бәрі уақыттың еншісінде...


Әңгімелескен: Айнұр Ракишева


ҚАРА-АЛА СЫРМАҚ

Көңілімнен айығар сырғақ-күдік,
Бала күнді толғансам жырлап тұнық.
Анам сонда жүретін тым асығып,
Ою салып, өрнектеп, сырмақ тігіп.

Балалықтың аңсадым құлынды әнін,
Қайда қалдың тым тентек жұлынған үн!?
"Келіншек алып берем!",- дейтін анам,
«Қайтесің, — деп сұрасам, — мұның бәрін».

Армандаумен өткеріп таңды кілең,
Бір қиял көкірегімде жанды білем.
«Келіншек алу үшін, — деп ойладым,-
Өрнекті сырмақ керек алдыменен».

Бәрі де сақталыпты есте берік,
Сырмақтар тігілген соң кестеленіп.
«Көршінің кенже қызын алып бер», — деп,
Қыйғылық салдым бір күн кешке келіп.

Шағым ол ойламайтын тереңдей тым,
Қайғының сезінбеген керең кейпін.
Үйіне барсам ылғи әкесі де,
«Қызымды саған ғана берем!», — дейтін.

Гүл-балалық құшағын тұрады ашып,

Естуге шат күлкіні құлақ асық.

Әйтеуір, жалған-шынын біле алмадым,
Анашым келді бір күн құдаласып.

Қуаныш үн көңілді көтерді асқақ,
Енді бәрін көзіммен өтем жасқап.
Жүрдім сосын сыртынан иемденіп,
Ауылда жігітте жоқ бөтен-бастақ.

Елітіп жастығымның күй ырғағы,
Аңсадым арман жолын қиырдағы.
Тігіліп қанша сырмақ бітсе дағы,
Қайтейін сол көрші қыз бұйырмады.

Малданып белең берген жырға қылаң,
Кеудемде шертілгенмен сырғалым ән.
«Олжасыз» барғанымда, анашым-ау,
Ұялам сол қарала сырмағыңнан.

8
3
4551