Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Биылғы Азия біріншілігінде баскетболдан Қазақстан құрамасы «D» тобына түсті

vesti.kz сайтының суреті

 

Бүгін Манилада баскетболдан ерлер арасындағы 2013 жылғы Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы «D» тобына түсті. Қарсыластарымыз – жеңуге болатын командалар, деп жазады alasharena.kz.

«1-11 тамыз аралығында Манилада (Филиппин) өтетін ХХVІІ Азия чемпионатының жеребесі тартылып, Қазақстан құрамасы «D» тобына түсті», деп көрсетілген жазбада.

 

Нақтырақ айтқанда, Үндістан, Бахрейн және електік сындағы Оңтүстік-шығыс аймағының жеңімпазымен бір топта сынға түсетін болды.

Жалпы, Азия чемпионатындағы төрт топ төмендегідей:

«А» тобы: Филиппин, Иордания, Тайпей, Сауд Арабиясы.

«B» тобы: Ливан, Катар, Жапония, Гонконг.

«C» тобы: Қытай, Иран, Корея және Оңтүстік-шығыс аймағында екінші орын алған құрама.

«D» тобы: Қазақстан, Үндістан, Бахрейн және Оңтүстік-шығыс аймағының жеңімпазы.


 
0
0
356

Осы тақырып бойынша