Мазмұнға өту
Mediker

Mediker KAZ

@Mediker

Сайтта 2013 ж. 28 ақпанКазахстан, Астана

Медицинская сервисная компания \\\\"Медикер\\\\" www.mediker.kz

рейтинг

100

жазбалар

34

пікірлер

0

тіркелуші

5

жазылымдар

0

Еуропаның алтын стандартына сай операция жасайтын хирург бізде де бар

Ерболатов Нұрлан Құмарбекұлын Атырау тұрғындары жақсы біледі. «Медикер-Атырау» медициналық орталығында қызмет ететін ол – есімі ел аузына іліккен тәжірибелі хирург. Оташының шипалы емі мен дәрігерлік біліктілігін тек емделушілер ғана емес, әріптестері де айтып мақтанады. Нұрлан Құмарбекұлы асқазанға, өт жолына, бүйрекке жасалатын операцияларды кеңінен меңгерген. Алайда ол өз ісіне әбден машықтанып, біліктілігін арттыру мақсатында үнемі ізденіс үстінде жүреді. Сол ізденістің нәтижесі де бар. Жуық арада хирург бұрын соңды жасамаған операциясының бір түрін сәтті орындап шықты. Солардың бірі Еуропаның алтын стандарты болып табылатын – Мармар отасы. Ол ер адамдардың жыныстық мүшесінің қан-тамырлары кеңейген уақытта пайда болатын ауытқу – вирокоцелені емдеу үшін жасалатын хирургиялық ота түрі.…

0
0
1021

Қыз-келіншектерге темекі шегуді үйреткен кім екенін білесіңдер ме?

Қыз-келіншектерге темекі шегуді үйреткен адам – Эдвард Бернейс. Бұл 1929 жылы болған оқиға еді. Сол кездері Америка жұртшылығына өзінің неше түрлі қисынды-қисынсыз PR-акциялары арқылы танымал бола бастаған Эдвард Бернейске темекі бизнесінің өкілдері өтініш жасады. Өтініштері – «темекі бизнесін дамытудың жаңа әдістерін тауып бер» деу. Э.Бернейс бұған дейін «Дженерал Электрик» деген фирма үшін электр шамының қолданыла бастағанына 50 жыл толуына орай «Жарықтың алтын тойы» деген атаумен ең алғашқы халықаралық деңгейде мерекелік шара ұйымдастырған еді. Осы мерекелік шарадан кейін жұртшылықтың электр шамына деген қызығушылығы артқан екен. Көп ұзамай өзінің осы сияқты қызметтерімен Э.Бернейс бизнестік ортаның назарын аудара бастады. Өз ісін жақсы білетін асқан шебер маман ретінде танылып, енді о…

1
0
2461

Кондиционер – дос па, дұшпан ба?

Адамзаттың қолынан келмейтіні жоқ. Ғарышты бағындырып, небір заманауи технологияларды игеріп жатырмыз. Бүгінгі ХХІ ғасырда техниканың алуан түрі дамып, жайлы өмір сүруге барлық жағдай жасалған. Қолдан келсе адамзат ауа райын өзіне бағындырып, өзгертіп алуға да дайын. Бірақ табиғат-ананың құдіретімен күш сынасуға дәрменіміз қайдан жетсіз? Дегенмен қыстың қаһарлы аязы мен жаздың алқымнан алатын аптап ыстығына төзу үшін мамандар құрал-жабдықтардың небір түрін ойлап тапты. Солардың бірі – кондиционер. Ең бірінші өндірістік кондиционер 1902 жылы Америка жерінде пайда болған екен. Оны Уиллис Кэрриер есімді инженер Нью-Йорктың баспа үйінің таспырмасымен құрастырып шығарған көрінеді. Ең қызығы – ауа салқындатқыш қызметкерлердің еңбек ету жағдайын жақсарту үшін емес, баспа материалдарын қорғап, ша…

0
0
1901