Тікелей эфир

«Интернет ақындары әдебиеттің салмағын төмен түсіріп бара жатыр»

Бүгінгі кейіпкеріміз «Алтын қалам 2011» Ұлттық әдеби жүлдесінің поэзия аталымы бойынша байқауының жеңімпазы, ақын, журналист - Олжас Қасым. Олжаспен бүгінгі поэзияның жағдайы, жаңа толқын ақындарының ерекшелігі, өз өлеңдеріндегі ұстанымдары жайында әңгімелесуді жөн көрдік.


- Олжас, алған жүлдең құтты болсын! Шығармашылығыңмен, өлеңдеріңмен жақсы таныспыз. Енді өзіңмен таныссақ деп едік.

- Рахмет! Семей қаласына қарасты Абай ауданының жанында бұрын алты ауылды округтен құралған Абыралы деген аудан болған. Қазірде аудан статусы алынып тасталған. Сол жерде бұрынғы атауы Аққора, қазіргі атауы Таңат деген кішігірім ауылда туылғанмын. Төлеужан Ысмайылов деген ақын ағамыздың атындағы орта мектепті бітіріп, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетіне оқуға түстім. Былтыр бакалавриатты бітіріп, енді магистратурада оқып жатырмын.

- Ең алғаш өлеңіңді қашан шығардың?

- Ең алғаш өлеңімді бірінші сыныпта шығарғанмын. «Көктем келді далаға» деген сияқты тапсырма бойынша шығарылған бір шумақ өлең ғой. Өлең деп айтуға да болмайды. Ал нағыз өлеңге 10-сыныпта келдім деп айта аламын.

- Жалпы, ақындар табиғаты түңілуге, пессимизмге жақын келеді ғой. Осы тұрғыда сенің ұстанымың қандай?

- Қазіргі жас ақындар екі бағытта кетіп бара жатыр. Біреуі – пессимизм бағытын ұстанса, екіншілері оған қарама-қарсы, оптимистік бағытта десек болады. Оған әсер еткен алдыңғы буындағы ағаларымыз бар. Біреуі - семейлік Тыныштықбек Әбдікәкімов болса, екіншісі – Есенғали Раушанов ағамыз. Қазіргі буынның барлығы осы екі ақынның артынан еріп барады. Түңілу бұрыннан да бар ғой, бірақ оның қазіргі мектебін қалыптастырған Тыныштықбек ақын. Оның артынан келіп жатқан жас буын келсін, келмесін түңіліп, түсініксіздеу жазсам, ақын боламын деп өз ойынан айрылып жатады. Бұл, әрине, дұрыс емес. Өйткені бүгінгі нарық заманында: ақыл, ұлттық құндылық ақшамен өлшенетін кезде пессимистік өлеңдер жазып, адамды түңілдіруге болмайды. Керісінше, халықты өлеңмен жылыту керек, еңсесін көтеру керек.

- Сенің екі-үш өлеңіңде қария образдары бар. Өлеңдеріңе арқау болатын қария өмірде бар ма, әлде ол жиынтық образ ба?

- Ақын өлеңінде қиялдан гөрі шынайылық басым болуы керек деп ойлаймын. Өлеңдерімдегі барлық адамдар өмірде бар. Мысалы, «Көнекөзімде» мектеп бітіргенімше көзін көрген, жанымда жүрген, ақылын тыңдап, оның жасаған жақсылығын қайталағым келген көрші атамыз туралы жазғанмын. Сондай-ақ көптеген ауыл қарияларының тәлімін көрдім. Кейін Алматыға келгенде солардан алған, санама түйген дүниелер қайта оралып, өлеңге ұласты. Әр ақынның өз тақырыбы болады екен. Мен өзімді күштеп, осы туралы жазайыншы деп қинаған емеспін. Осы қариялардың образы бірден келіп отырды.

- Тағы да қандай байқауларға қатыстың? Қандай жүлделерді қанжығаңа байладың?

- Ең алғаш Семейде М.О. Әуезов атындағы Университетте «Мұхтар Әуезов және әлемдік мәдениет» деген тақырыпта өткен байқауда және одан кейін Семей педагогикалық институтта Қайрат Рысқұлбеков атындағы байқауда поэзия бойынша екінші орын алдым. Сосын Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетіндегі Мұқағали Мақатаев атындағы мүшәйрада үшінші, 2 курста Қазақ Ұлттық Университетінде өткен «Жыр мүшәйрасында» бас жүлде, Ақсуда өткен «Ақындар мүшәйрасында» Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлық, т.б. марапаттарға ие болдым. Айта берсе, көп енді.

- Қазірде бас-аяғы қанша өлеңің бар?

- 75-80 өлеңдей бар.

- Оны кітап қылып шығару ойыңда бар ма?

- Жазушылар Одағының қолдауымен Мемлекеттік тапсырыс бойынша «Жалын» баспасына бес ақынға орын берілген. Соның біреуіне іліккенбіз, бұйыртса, келесі жылы шығуы мүмкін. Баспаға өткізіп қойдық.

- Ақындықпен қатар журналст болу қиынға соқпай ма? «Тілшілік деген тіршілік» деген бір сөзің бар екен. Түбі кім болып қаламын деп ойлайсың?

- Журналистикаға келген бетте ақын болсам деп ойлайтынмын. Бірақ Алматыда ақындықпен түбегейлі айналысуға уақыт ырық бермейді. Ал енді журналистикамен түбегейлі айналысамын десең, онда поэзияңды әлсіретіп аласың. Сондықтан екі жаққа да тартудың қажеті жоқ. «Арбаны да сындырмай, атты да өлтірмей» жүруді ойлап жүрмін. Қоғам өзі соны талап етіп жатыр. Журналистика да шығармашылығыма қосымша серпін береді деп ойлаймын.

Алдымыздағы буын ағаларымыз «біз жанкештіміз» дейді. Өйткені бұрынғылардың бір кітабы шықса, өмірінің соңына дейін пайдаланатын ақшасын түсіріп алатын. Мысалы, бұрын Қадыр Мырзалиев ҚазҰУ-да сабақ берген кезінде: «Сендерге сабақ беріп, алған ақшама қарағанда, бір өлең жазып-ақ көп ақша табамын» деген екен. Ол кезде заман сондай болған. Ал қазіргі әдебиет ешқандай ақшаны дәметпейді, пайда табудың жолдарын да ойластырып жатпайтын жанкешті адамдардан құралған.

- Әрбір шығармашылық адамына қойылатын сұрақ – шабытты қайдан, неден немесе кімнен аласың?

- Шабыт дегенді біреулер ұстап отырып жазамыз дейді, біреулер ол мезгіл таңдайтын нәрсе дейді. Меніңше, ол төрт мезгілде де келе береді. Бірақ өзінің орайлы сәті болады. Белгілі бір көңіл-күйге байланысты, бұрынғы өткен, санаңда сақталып қалған дүниелердің қайтадан айналып келіп, ішкі түйсігіңе тыным бермейтін сәттерде келеді. Осындай уақытта жазарыңды жазып қалу керек екен. Қадыр Мырзалиев ағамыздың тағы бір сөзі бар: «Мен өткен уақыттарыма емес, кеткен сәттеріме өкінемін» деген. Сондықтан әр ақынның өз сәті болады екен. Сол сәтті ұстап қалу керек. Өз басым, отыз жасқа дейін жазып қалу керек деп ойлаймын.

Шабыт дегенді әр түрлі нәрседен алуға болады: табиғат, айналаңда болып жатқан құбылыстар, өзіңе әсер ететін адамдар, т.б. Орыс ақындарын оқып отырсаң, вокзал, әуежай, көшедегі көліктерді өлеңге айналдырады, яғни қалалық бағыттағы өлеңдер. Мысалы, қазір де Ақберен ағамыздың өлеңдерін алып қарайтын болсаң, қалалық пейзажға тап боласың. Ал енді менің шығармашылығымда адам мен табиғат, жауабын таба алмай жүрген дүниелер қамтылады.

- Ақынды ақын қылатын өлеңі де емес, халық та емес, белгілі бір адамдар ғой. Өйткені ең алғаш өлеңіңде сенің ақын екеніңді байқай білген адам болмаса, жылы сөз айтып қолдау көрсетпесе, ары қарай өз-өзіңе сеніп, жазуың екі талай. Сенің ақындығыңды көре білгендер кімдер?

- 10-сыныпта «Қасқыр» туралы өлең жазғанмын. Оны ең бірінші әкем көріп, «сенен бір нәрсе шығады екен» деді. Үйдегі сөрелерде қаланып тұратын кітаптар көп болатын. Ең үстіңгі сөресінде әдеби сындар, ортасында поэзия, астыңғы жағында проза тұрады. Сонда әкем маған поэзиядан таңдап-таңдап, алты кітап әкеліп беріп, сол алтауын оқытқызды. Сол кезде санама ақын болу деген, өлең жазу деген сол кітаптардан келді десем болады. Кейін келе ес жинап, ақыл тоқтатқан кезде әкем ылғи мықты ақындардың кітабын бергенін түсіндім. Оның ішінде: Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Өтежан Нұрғалиев, Мерғали Ыбраев, Зейнолла Шүкіров сынды ақындар болды.

Одан кейін Семейге келгенде, Сәтжан Қасымжанұлы деген «Семей таңы», «Ертіс өңірі» газетінде қызмет істейтін ағамыз ықпал етті. «Сенің бойыңда бір ұшқын бар» деп, өлеңдерімді «Ертіс өңірі» газеттеріне басып тұрды. Одан Алматыға қарай ауыстық. Алматыда «өлеңдеріңде ой бар екен, жаз, көп оқы» деп ақыл айтып, қанаттандырған өзіміздің Мұрат Шаймаран, Ақберен Елгезек, Жәркен Бөлеш, Әбубәкір Қайран, Аманхан Әлім деген ақын ағаларымыз болатын.

- Бүгінгі қазақ поэзиясының жағдайы қандай? Ол тоқырау кезеңінде ме, әлде жаңа өрлеу кезеңінде ме? Жалпы қандай деңгейде?

- Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов, Өтежан Нұрғалиев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиевтер кезінде поэзияда үлкен қуатты ағыс болды. Олар айтарын айтып, әдебиетті жасап кеткен адамдар. Қазір әдебиетке келген қандай бір ақын болса да, алдымен солардың өлеңдерін оқиды. Одан кейінгі бағытта Исраил Сапарбай, Ғалым Жайлыбай, Аманхан Әлім, Есенғали Раушанов, Тыныштықбек Әбдікәкімовтер алдыңғы ағаларымыздың қалыптастырған арнасын басқа сипаттағы поэзияға айналдырып, оны дамытты. Ал енді кейінгі келіп жатқан толқынды Темірхан Медетбек, оның ішінде: Маралтай Райымбек, Алмас Темірбай, Дәурен Бердіқажыұлы ақындардың заманын «алтын көпір» деп атады. Бұдан кейінгілер, яғни біздің алдымыздағы 2000-шы жылдары келген Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс, Тоқтаралы Таңжарық, Құралай Омарлар «кері ағыс» деген атпен келді, яғни жаңа поэзия жасаушылар. Одан кейінгі біздің буын әлі толықтай қалыптасқан жоқ, әлі де даму үстінде.

Қазіргі поэзияға артылар салмақ әлсіреп бара жатқан сияқты. Аларын алып, асарын асап, жасарын жасап алған көп ағаларымыз өзінен кейін келген толқынды қолдаудан, қолпаштаудан алыстап бара жатыр. Сондықтан қазіргі поэзия аса дамып бара жатыр деп айтуға болмайды. Орташа қозғалыспен бәсеңсу дәуіріне өтуде.

Алматы ақындар ортасы ретінде бұрыннан қалыптасқан, алайда қазірде біздің буынның көбінде тіршілік қамымен жүріп, қосылуға, бас қосып, әдебиеттің жайын талқылауға жағдайы болмай жатады. Сондықтан Астана, Қарағанды, Семей сияқты қалаларда өзінше бір мектептер ашылып жатыр. Олар бір-бірін көп көрмесе де, әлсін-әлсін қатынасып тұрады.

- Бұрынғы заман ақындарынан жаңа толқын ақындарының ерекшелігі қандай?

- Бұрынғыдай қазірде қысым жоқ. Сөз бостандығын ақындар жақсы пайдаланып жатыр деп айтуға болады. Тәуелсіздіктен кейін ой да тәуелсіз болды, шығармашылық та халықпен бірге тәуелсіздік алды. Бүгінде ақпараттық технология заманында түрлі сайттарға, әлеуметтік желілерге, блогтарға кіре қалсаң, жарқ-жұрқ етіп, түрлі өлеңдер шыға келеді. “Интернет ақындары” пайда болды. Интернет - өзіңді насихаттаудың бір жолы екенін мойындаймын. Бірақ та “интернет ақындары” әдебиеттің салмағын төмен түсіріп бара жатқан сияқты. Бүгінде ақын да көп, жазушы да көп. Мысалы, эстрдаға бір адам келіп, бір ән шығарып, бейнебаян түсіріп, әнші болып жатады ғой. Ақындық та солай болып бара жатыр. Алайда оның бәрін уақыт таразылап, ішінен дұрыс поэзияны, ірі дүниелерді өзі сараптап алады. Біздің ұмтылысымыз - солардың қалың тобырының арасында қалып кетпей, өз бағытымызды айқындайтын, көптің ішінде дара болатын, «жағада біткен жалбыз сияқты, көптің ішінде жалғыз сияқты» болу.

- Бүгінде ақындардың оқырмандарымен байланысы қандай? Ол байланыс бар ма?

- Қазір ақындар мен халықтың байланысы өте тығыз емес. Оның бірден бір себебі – кітап оқымау. Маралтайдың «Кентавр» деген өлеңінде: «Келмейді мені мойындағысы өркениеттік ділдегі ынсап» деген жолдар бар. Сол «өркениеттік ділдегі ынсап» барлығымыздың кеудемізге қонып алған. Бірте-бірте әдебиеттегі бұл формация да түзеле жатар. Тек қалам ұстап, ұлы мұрат көздеген қаламгерлер уақыт сынына шыдайтын шығармалар жазса деген үкілі үміт бар.

Әңгімелескен Айжан Кәрібаева

Фото: Әлия Сембай

Алия Arsik
26 қазан 2012, 0:55
6498

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Қасым Олжастың өзі де интернет ақыны деп ойлаушы едім. Сұхбат жақсы, бірақ аталған буындардан біреуін де танымадым!
Айжан, Әлия суреттер керемет:)))
Arsik
1
0
Садық, сонда аталған ақындардың біреуін де танымайсыз ба))? Поэзияға қызықпайтын шығарсыз)) Рахмет!
Поэзияны жақсы көрем! Өзім де кішігірім жазып тұрамын. Бірақ аталған екі бағыттағы ақындар жетіліп келе жатқан ақындарға әсер етіп жатыр деп айта алмаймын. Олжас жақсы ақын. Бірақ сол жерлері жарнама сияқты көрінді.
:)) жарнама дегеніңіз қызық екен. Енді жеке пікір болған соң, біздің әр сөзіміз жарнама болуы мүмкін
суреттер сапалы шығыпт, жақсы верстка!
ПС: лого жаңа :)
Arsik
1
0
рахмет, Аида :)
Өлең "шығарылмайды" жазылады, туады. Тауарлар, күнделікті өнімдерр ғана заводтан шығарылады. Поэзия ондай өнім емес қой. Ал, шабыт жайлы ташама айтылған. Сөз өнері жайлы бағаны тек уақыт береді. Анау тізім де сондай.
kutyyktaim kerbez kyz!) jaksy makala!)

рахмет, Алма! қуаныштымын)
Әлгі сұлу қыздың жігіті бар бар ма екен а?:) Білетін жақсылар бар ма?:)
Arsik
1
0
сіз бүкіл соцсетьтерде құда түсіп, қоймайды екенсіз)))
Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды дейді ғо:))) Былай жеңгетайдың рөлін ойнап жіберсеңіз қарсы емеспіз:)))
Мен де Олжасты интернет ақын деп ойлаппын, оның тек керекинфоға жарияланған өлеңдерін білем. Керекинфо мені дұрыс қабылдай алмайды деп ренжімесін Олжас :) Сынға да шыдап бағу қиын...

Суреттер мен сұхбатқа рахымет, әдемі шығыпты.
Әдебиет - кішкене ғана топтың ермегі. Бұл тұрғыдан келетін болсақ, интернет әдебиеттің салмағын төмендетуі мүмкін емес. Себебі, интернет тезірек ақпаратты таратуға, түпкі оқырманына жылдамырақ жеткізуді ғана көздейді.

Әдебиет пен халықтың арасындағы байланыс ешқашан тығыз болған емес. Оны тығыз еткен советтік идеология ғана болған. Біздің көп интеллектуалдылықтың тұтқасын ұстағандар ара-жігін ажырата алмай дал болып жүргендей көрінеді.

Фотолар әдемі шығыпты! :)
Ооо, дәл ойымдағыны айттың, жарығым:)))) менен бір күржкі:)
Олжас бауырым ақындық бағытты жақсы сараптаған, десе де Төлегеннен қалған сағынышты қайта тірілткен қазақтың қазырғы жырауы Жәркен Бөдешұлы аталуы тиіс. Жәркен де өз мектебін қалптастырды, әсіресе соңғы буынынң ішінде Ұларбек Дәлей, Ұларбек Нұрғалым, Тоқтарәлі Таңжарық, Рысбек Дәбей, Қайсар Қауымбек қатарлы жас ақындардың сағынышты қуатты жырлары Жәркен мектебінің жемісі....
Ұларбек Нұрғалым керемет жігіт. Студент кезінен бастап танитын едім
Ұларбек Нұрғалым керемет жігіт. Студент кезінен бастап танитын едім
Zere
0
0
Үстіде көптеген ақындардың аты аталған екен. Бірақ көбіне көпшілік қауым танымайды. Теледидардан, интернеттен көрініп қалған ақындар болмаса қалғаны өз ортасында ғана танымал. Ақындар, жалпы өнер адамдары жаңа медияға қашан жетер екен...
Жаңа буын қазақтың ақындары интернетте жариялана ма? Қай жерден оқып, бақылауға болатынын айтып кетсеңіз, тамаша болар еді.
Arsik
0
0
мой мирда десем, реңжімейтін шығарсыз)), негізі бүгінгі поэзияны бақылап, жаңа есімдермен таныс адамдарға осындай сайт немесе блогта арнайы айдар жүргізу қажет. кім бастар екен..
Қазақша поэзиясына сұраныс жоқ деп те айта алмайсың, сол "мой мир"-да заманауи қазақ тіліне, соның ішінде қазақ поэзиясына шөлдеп жүрген қаншама жастар өздерін жоғалтып жүр. Сізге рахмет, осы мақаланың ішінде аталып кеткен есімдердің ешқайсысын естімегенмін. Болашақта да, мүмкін осындай сайт сіздің қолдарыңыздан шығар.
Arsik
1
0
рахмет, келешекте ақындардың өлеңдерін үнемі жариялаймыз деп жүрміз)
Finik
0
0
4 fotada kizik tusipsin! , bireu renjitip kalgandai!
Мәтінде аздаған қателіктер кетіпті. Тағы бір рет қарап, түзетіп жіберсеңіздер екен.
саламатсыздарма! мен теміртау қаласының тумасымын! болашақта журналист болғым келеді! өзімнің қолымнан өлең жазу жақсы келеді! Теміртау қаласында болып өткен қалалық Қасым оқуларында 3-ші орынды қанағат еттім! енді болашаққа жол тартқым келеді! әттең қолдың қысқалығы,,,

өз өлеңімді жарыққа шығарғым келеді! газет-журнал беттеріне! маған жол көрсетіңіздерші! ақын болғым келеді!


Дүниеге келер әлі талай Қасым!,,,
Arsik
1
0
Қайырлы күн, Арман! Ақын болу үшін журналистика факультетіне түсу міндетті емес. ҚарМУда филология факультетіне түсуге болады, ол жерде бұрын ақындардың үйірмесі ме, ұйымы ма, әйтеуір апта сайын жиналатын әдеті бар еді, қазір де жиналатын шығар. Жалпы қай мамандық иесі болсаңыз да, ақындықты қатар алып жүруге болады, тек сол ортамен танысуға тырысыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8981
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3246
  • 15
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3449
  • 56
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3373
  • 37
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 3207
  • 32
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2984
  • 10
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2589
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2275
  • 18