Мазмұнға өту

Жаңа

Гидронысандарды жөндеу мәселесі талқыланды

Энергияның жаңартылған көздерін қолдану, тың технологияларды енгізу, инфрақұрылымды жаңғырту бағытында жобаларды жүзеге асырса, Шығыс Қазақстан облысының «Жасыл экономикаға» көшуге мүмкіндігі мол. Өйткені, аймақ табиғи ресурстарға өте бай.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/06/3125-25/

0
0
289

Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу өткізілетінін хабарлайды.

Тіркеуге өтініш пен құжаттар осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 461 қаулысымен бекітілген балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларына сәйкес қабылданады.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/06/3125-19/

0
0
298

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың Шығыс Қазақстан облысына іссапары

6-7 маусым күндері ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың Шығыс Қазақстан облысына іссапармен барып қайтты.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/06/3125-23/

0
0
325

«Тарихта қалған ойын». Тарихи драма (АҚШ, 2005 ж.)

Гольф ойынынан өткен біріншілікте 20 жасар бозбаланың тәжірибелі ойыншы жеңіп шығуымен бұл ойын тарихта қалды. Бүгін Ұлттық арнадан сағат 23.50-де «Тарихта қалған ойын» тарихи драмасын тамашалаңыз!

0
0
471

«Ақсауыт».Әскери-патриоттық бағдарлама.

Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктер, Каспий айлағындағы теңдесі жоқ отандық кеме, кеме жасау ісінің орталығы - Оралдағы «Зенит» зауыты туралы 9 маусым күні сағат 11.20-да «Ақсауыт» әскери-патриоттық бағдарламасынан көріңіз!

0
0
324

Қазақстандық спортшы Татьяна Потемкина Еуропа рекордын жаңартты

 

Ирландияның Вестфорт қаласында әйелдер мен ерлер арасындағы кір көтеру спортынан Еуропа чемпионаты аяқталды, оған 250-ден астам спортшы қатысқан. Теміртаулық Татьяна Потемкина жеңіске жетіп қана қоймай, Еуропаның рекордын жаңартты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Татьяна Потемкина 10 минутта жұлқи көтеруден 24 келі кірді 169 рет бағындырды. Бұл көрсеткіш Еуропаның жаңа рекордына айналды. Қазақстандық спортшы осы уақыт аралығында кірді 142 рет жұлқи көтерген ресейлік қарсыласының бұған дейінгі рекордынан басым түсті.

«Бұл менің және Еуропа чемпионатының жаңа рекорды. Рекорд деген спортшыға оңайлықпен келмейді, бұл менің үздік көрсеткішім. Әрине, қиын болғаны рас, мен бұл сәтке өте ұзақ дайындалдым», — дейді Татьяна Потемкина.

Еуропа чемпионаты 22 мен 29 мамыр аралығында өтті. Татьянаның айтуынша, қарсыластары да осал болмаған.

«Атап өту керек, қарсыластарымыз қол қусырып отырған жоқ, әр жарыс сайын олардың деңгейі де артып отырады. Сондықтан олардың арасынан алға суырылып шығу үшін біраз тер төгу керек болды. Екінші орынды ресейлік спортшы Оксана Загребина алды, ол кірді 160 рет көтерген, үшінші орын фин спортшысы Кристина Лалеге бұйырды – 155», — деп нақтылады Потемкина.

Еуропа чемпионатына барлығы 12 мемлекет қатысқан. Қазақстан командасы осы тізімде жалпыкомандалық көрсеткіш бойынша үшінші орынға табан тіреді. Біздің спортшыларымыздың қоржынында 2 бірінші орын және 6 екінші орын бар.


 
0
0
442