Берешегі барлар жарысқа қатыспайды
Керісінше, додада мықтылар ғана қалса, бәсекелестік күшейеді. Бәсекелестік болған жағдайда ойыншылардың шеберлік деңгейі өседі. Расында да ел біріншілігінде материалдық жағдайы жақсы, бапкерлер мен ойыншылардың алдында еш берешегі жоқ ұжымдар ғана ойнауға тиіс. Қазақстан футбол одағында жағымды бір жаңалық бар. Келесі жылдан бастап, ойыншылар мен бапкерлерге берешек ақшалары бар командалар ел біріншілігінеқатыстырылмайды. Осы мәселеге орай кәсіби футбол лигасының төрағасы Михаил Гурман былай деп түсінік берді: «Бұған дейін біз олардың проблемасына түсінушілікпен қарауға тырыстық. Қарызы бар ұжымдардың жарысқақатысуы енді осымен тыйылады. Премьер-лигада тек өз-өзініңқажеттілігін толықтай қамтамасыз ете алатын командалар ғана ойнауға тиіс». Бұл жаңалыққа біз кәдімгідей қуандық. Өйткені ел ф…
