Мазмұнға өту
erketay

Еркебұлан Әлімханұлы

@erketay

Сайтта 2013 ж. 16 наурызКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

9

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Түркиядағы толқулар және түрік көктемі

Түбі бір түрік жұрты Анадолыдағы бауырластарымыздың еліндегі ереуілдердің басталғанына он күннен асса да толастар түрі байқалар емес. Бастапқыда Стамбұл қаласының орталық алаңдарының бірі Таксимде орналасқан парктің шетінде көңіл-көтеру орталығын (тарихи мұрайжай да бар) салуға қарсылық ретінде пайда болған толқулардың соңы саяси мақсатқа ұласып кетті. Стамбұл қаласының әкімшілігі ол жерге ғимарат салу туралы шешімді бұрынырақта қабылдап қойған еді, толқулар тек құрылысты бастау үшін парктегі ағаштарды «қазып алып, басқа жаққа отырғызу» (көшіруге келмейтін бірнешеуін қырқу) жұмыстары басталған кезде ғана бұрқ ете қалды. Негізінен солшыл жастардан құралған топ (арасында жасылдар да, анархияшылдар да, коммунистер де бар) құрылыс жұмыстарына кедергі келтіргеннен кейін, полиция оларды тарату…

0
0
1048

Иран-Орталық Азия байланыстары

Орталық Азия Иранның сыртқы саясатындағы маңызды векторлардың бірі. Иран аймақ елдерімен қарым-қатынасты жандандырып, аймақтың геосаяси маңызына жете мән беруде. Иранның аймаққа лидер боларлық АҚШ, Ресей, Қытай немесе ЕО сияқты державалық қуаты жоқ, дегенмен Тегеран этникалық және діни жақындықты пайдаланып аймақта белгілі бір дәрежеде болсын өз ықпалының болғанын қалайды. Өйткені Иранның аймақтағы жағымды имиджі оның халықаралық аренадағы беделіне оң сипат береді, әрі өз мүддесін қорғауға көмектеседі.[1] Иран Орталық Азия елдері үшін энергетика тасымалдауға, мұхитқа шығуға мүмкіндік беретін ара ел рөлін атқара алады. Алайда оның Батыс елдерімен арадағы қатынасы қиын болғандықтан бұл территория арқылы логистиканы дамыту Орталық Азия елдерінен үлкен тәуекелділікті талап етеді. Сондықтан ке…

0
0
2412

ҚАЗАҚСТАН-ИРАН ҚАТЫНАСТАРЫ (жалғасы)

3. Иранның уранды байытуына Қазақстанның көзқарасы қандай болуы керек? Қазақстанның соңғы бірнеше жылға дейін Иранның уран байыту бағдарламасын қолдамаса да, оған қатысты «бейтарап» позицияда болып келгендігін жоғарыда атап өттік. Алайда 2012 жылдан бастап Астана бұл позициясын өзгертіп, Иранның уран байыту бағдарламасын қолдамайтындығын ашық білдіре бастады. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан (ядролық қарудан алғаш бас тартқан ел ОАР), оның зардабын шеккен ел ретінде Иранның атом бағдарламасын сынауға көшті. Астананың бұлай позициясын өзгертуі қаншалықты орынды? Халықаралық қауымдастық түрлі санкциялар салғанына қарамастан Иран уранды байытуды жалғастырып келеді және райларынан қайтар түрі де байқалмайды... Ресми Тегеран өздерінің «бейбіт мақсатта, яғни энергетикалық мақсат…

0
0
561

«ҚАЗАҚ» ҰЛТЫ МА, ӘЛДЕ «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ» ПА? немесе өтпелі кезеңнің ұлттық саясатынан өтетін кез келді

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі Қазақстанның негізгі мақсаттарының бірі – өзінің мемлекеттілігін сақтап қалу үшін ішкі тұрақтылықты мейлінше қамтамасыз етуге күш салу болды. Мемлекеттің идеологиялық машинасы осы бағытта жұмыс істеді: «нанымызды амалдап тауып жерміз, тек елде тыныштық болса болғаны» деген қанатты сөз жиі айтылатын. Әрине, жүзден аса құрама ұлттардан құралған мемлекетте тыныштықты сақтау оңай еместін, сондықтан, олардың арасындағы консенсусты ұстап тұрудың жолдары қарастырылды. Осындай ойдың арқасында, «қазақстандық ұлт» жобасы өмірге келді. Мойындау керек, осы бір идеологияның Қазақстандағы тұрақтылықты сақтап қалуға қосқан үлесі өлшеусіз. Соған қарамай, оны кіндік, яғни, мемлекет құрушы ұлт саналатын қазақтар өре тұрып, қарсылықпен қарсы алғаны да рас. Алайда, қазі…

0
1
1392

Түрік мемлекеттері одағын құру ақиқат па, аңыз ба?

1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіздігін алған түрік тілдес мемлекеттерді ең алғаш болып таныған мемлекет Түркия Республикасы еді. Осыдан кейін жаңа тәуелсіз мемлекеттер мен Түркия арасындағы байланыс нығайып, халықтар арсындағы барыс-келіс артты. Бұл қарым-қатынастың тереңдеуі түрік инвестициясының көптеп құйылуына, Орталық Азиялық жастардың Түркияда білім алуына, мәдени байланыстардың артуына жағдай туғызды. Түрік халықтары арасындағы тамырластықтың тереңдеуіне Н. Назарбаев, Т. Өзал, Г. Әлиев, А. Ақаев, С. Демирел сияқты президенттер мен олардың премьер-министрлерінің сіңірген еңбегі зор. Осы кезеңде түрік тілдес халықтардың бірлігі туралы сөз қозғалды, тіпті бұл мемлекеттердің арасындағы саяси және экономикалық ықпалдастықты арттыратын одақ құру да күн тәртібіне қойылды. Сол кезе…

0
0
2529

Қазақстандағы идеологиялық қайшылық: ағымдар мен топтар

Қазақстан халқы да басқа елдер сияқты өз ішінде әлеуметтік, этникалық, генеологиялық, діни және идеологиялық тб ерекшеліктерге байланысты жіктелген, бөлшектенген қоғамға жатады. Осылардың ішінде идеологиялық ұстанымына байланысты халықтың қандай ағымдар мен топтарға бөлінетініне тоқталуды жөн көрдік. Осы мақсатпен сызылған ағаш бізге мәселені анығырақ анықтауға мүмкіндік береді. Діни мотивациялы (ислам діні): бұл топқа өзін және өзгені танытуда (идентификация) дінді бірінші орынға қоятын адамдар жатқызылды. Бұл топтың өз ішінде тағы да көптеген ағымдарға бөлінетіні жасырын емес. Оларды үш ірі топқа жинастырып қарастыруға болады; Радикалдар – мақсаты халифат немесе шариғат заңдарына негізделген мемлекет орнатуды көздейтін және өз жамағатындағы адамдардан басқаларды «адасқандар» ретінде сан…

0
0
5406