Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматыда «Астана» командасының қатысуымен веложарыс өтті

 

«Астана» командасының велоспорт жұлдыздары Алматыда өткен жарысқа қатысты, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәстүрлі веложүріске салауатты өмір салтын ұстанған қала тұрғындарымен қатар Алматы әкімі Ахметжан Есімов, «Джиро д’Италия-2013» көпкүндігінің жеңімпазы – «Астана» капитаны Винченцо Нибали, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен клуб велошабандоздары: Андрей Зейц, Дмитрий Груздев, Валерио Аньоли, Паоло Тиралонго және Алессандро Ванотти қатысты.

А.Есімов көпкүндікте жоғары жетістіктерге қол жеткізген «Астана» командасын құттықтай келе, велошабандоздар мен жаттықтырушыларға алғыс айтып, қазақстандық спортшылар бұдан кейін де халықаралық ареналарда еліміздің беделін арттыра түседі деген сенімін жеткізді.

«Велоспорт – спорттың командалық түрі. Сондықтан Винченцо Нибалидің жеңісі – тұтас команданың жеңісі. «Астана» велоклубы – Қазақстанның брендтерінің бірі. Біздің спортшылардың жетістіктері елімізді әлемге таныта түседі. Алматылықтардың атынан мен сіздерге болашақта да жарқын жеңістер тілеймін», — деді әкім.

Ахметжан Есімов «Астана» командасына естелік сыйлықтар тапсырды. Клуб капитаны Винченцо Нибали Алматы әкімінің арнайы сыйлығына ие болды.

Веложүрістің жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары да жүлделер мен сыйлықтармен марапатталды. 2,5 жастағы Марк Акулов ең жас велошабандоз атанды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, веложүріске екі мыңға тарта адам қатысқан.


 
0
0
538

Осы тақырып бойынша

Алматыда «Астана» командасының қатысуымен веложарыс өтті - Yvision.kz