Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыда «ИнтерСпорт – 2013» көрмесі ашылды

 

Алматыда 12-15 маусым аралығында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында спорттық киім, құрал-жабдық, аяқ киім көрмесі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Көрмеге жақын және алыс шет елдерден 40-тан астам компания қатысады. Олардың қатарында Technogym, Life Fitness, Maccaferri, JOMA, Bergans, MasterSki бар.

Көрме ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі және Алматы қаласы әкімдігінің көмегімен ұйымдастырылды.

Қатысушылардың арасында құрамына «Астана» велокомандасы, «Астана» баскетбол және футбол клубы, «Барыс» хоккей клубы мен «Астана Арланс» бокс клубы кіретін «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы бар.

Көрмеде спорттық киім мен аяқ киім үлгілері, спорттық тағам, жаттығу залдарындағы құрал-жабдықтарды жеткізушілер, түрлі спорттық керек-жарақтар көрсетілді.


0
0
337

«Қайрат» әйелдер футбол командасы «Шахтерді» ойсырата жеңді

Фото дереккөзі:andartists.com

 

«Қайрат» пен «Шахтер» футбол командаларының кездесуі 12:0 ұпаймен аяқталды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне алматылық команданың бапкері, футболдан спорт шебері Н. Дорошева хабарлады.

Матч ҚазЭУ стадионында әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Чемпионатының 11-ші туры аясыннда өткен. Жарысқа С.Байымбетов төрелік етті.

0
0
397

Тоғызқұмалаққа жанашырлық қажет-ақ

Тәуелсіздік алғалы елімізде бірде-бір то­ғыз­құмалақ клубының ашыл­мағанын айтпағанның өзін­де, ендігі кезекте шахмат клубтарының жанынан ашылған тоғызқұмалақ үйірмелерінен айрылып қалуымыз мүмкін Астана қаласында 2010 жылы тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионатыөтті. Бірінші рет өтсе де бұл бәсекеге 16 елдің спортшылары қатысып еді. Сол кезде ұлттық спорттың жанашырлары мен мамандары арқа-жарқа болып, көкейімізде енді зияткерлік өнеріміздің болашағына алаңдамаса болады деген жақсы үміттің ұялағаны анық. ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі және Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы тарапынан жасалып жатқан оңды істер де бұл ойымызға қанат бітіріп, елөңірлерінде жақсы бетбұрыстар басталған… Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Қауымдастығының құрылуы арқылы тоғызқұмалақтың бұқаралық сипаты ше…

0
0
622

Винокуров сыйлығына арналған велокөпкүндік аяқталды

Қызылжарда Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың сыйлығына арналған І республикалық велокөпкүндік өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Омбы облыстарынан барлығы 50 велошабандоз қатысты. Спортшылар бес күн бойы жарыс жолына шығып, өзара мықтыны анықтады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанғандары Олимпиада чемпионының қолынан марапатталды. Жекелей сайыста қызылжарлық Владислав Горбунов топ жарса, командалық есепте солтүстік қазақстандықтарға тең келер ешкім болмады. Владислав ГОРБУНОВ, велошабандоз: - Жарысқа мықтап дайындалық. Қарсыластар да осал болмады. Бап шаба ма, бақ шаба ма дегендей, біріміз жеңсек, екіншілері тізе бүкті. Енді, ел біріншілігіне қатысып, халықаралық жарыстарға шығуды жоспарлап отырмын. Владимир ПАРАХИН, Облыстық велоспор…

0
0
293

Алматы көшелері: Әліби Жангелдин

«Алматы көшелеріне саяхат» айдарының бүгінгі шығарылымы өз өмірін туған халқының бостандығы мен бақыты үшін күрескен қайраткерлеріміздің бірі Әліби Жангелдинге арналады. Жангелдин көшесі Түркісіб ауданында, Сүйінбай даңғылы мен Шемякина көшелерінің аралағында орналасқан. Ол Райымбек даңғылын, Шота Руставели, Бөлтірік шешен, Баянауыл көшелерін қиып өтіп Мақатаев көшесінде аяқталады. Бұл көше 1974 жылға дейін «Школьная» деп аталған. Бүгінгі күні Әліби Жангелдин көшесінің бойында: Әліби Жангелдин 1884 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, бұрынғы Торғай уезіндегі Қайдауыл елді мекенінде дүниеге келген. Қазақ халқының ардагер ұлы, табанды революционер-большевик, көрнекті партия және мемлекет қайраткері Әліби Жангелдиннің өмірі — өз халқына адал қызмет етудің үлгі-өнегесі. Әліби Жанг…

6
1
5261

Испания қорғаныс министрі «Қазақстан инжиниринг» ҰК» акционерлік қоғамына барды

Қазақстан Республикасына тұңғыш ресми сапарының барысында Испания Қорғаныс министрі Педро Моренес Эулате «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының кеңсесінде болды. Басқарма төрағасы – «Қазақстан инжиниринг» ҰК» акционерлік қоғамының Президенті Болат Смағұлов меймандарды компанияның құрылымымен, оның мақсаттарымен және міндеттерімен, жұмыс көлемімен таныстырды. «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы 10 жыл бұрын құрылған болатын. 2010 жылдан бастап ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің басқаруына көшті. «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ қорғаныс, қосарлы, азаматтық мақсаттағы өнім өндіру және сатуға мамандандырылған. Компания еліміздің мұнай-газ, теміржол агроөнеркәсіп, жылу энергетикасы, қорғаныс, кеме жасау салаларындағы 27 кәсіпорынды біріктіреді. Бүгінгі…

0
0
562

Қазақ шежіресіндегі Шыңғысханның орны.

Қазақ шежіресінде неге Шыңғысхан тиісті орнын алмаған. Исай Калашниковтың "Жестокий век" атты тарихи романын алар болсақ, қазіргі қазақ тайпаларының бас бірігуінің ұйтқысы болған сол Бөріжеген Қияттан шыққан Темуджин екеніне көз жеткіземіз. Ал керейлер болмаса, немесе Керейдің ханы Тоғырыл Есугей баһадурмен анда болмаса, онда Шыңғысханның болу болмасы екіталай болар еді. Бірақ, Шыңғысханды қазаққа жатқызуға болмайды, себебі ол кезде қазақ атауы да болмаған, бірақ қазақ "қайжақылық" жасауын сол кездерден бастаған деуге де болады. Жатжұраттық Темуджиннің андасы Жамқаның айтқан сөздері мен Шыңғысханға қарсы істеген қылықтары оның, еркіндік сүйгіш ер болғанын көрсетеді. Қайжақылық қазақтың қыршаңқылығы болса да, осы қасиетімен өз еркі бар, мен деген менмендігі бар маңызын көрсететіндей. Шежір…

0
0
1357

Бізбен байланысу жолдары!

Бізбен байланысу жолдары!
Бізбен белгілі бір форматта қалай байланысуға болатыны туралы сұрақтарды жиі қояды (телефон арқылы қоңырау шалу, пошта, әлеуметтік желілер).  Сұраққа толыққанды жауап беру үшін біз  инфографиканы дайындадық...

0
0
723