Мазмұнға өту

Жаңа

тақпақ

Би үстінде Құс боп ұшып, берілдің бе көңілге, Аққудай жүзе алдың ба сен көлде!? Міне,міне самғап енді ұшарсың, Көңіл-күйді тәуелді етсең сезімге. Мың бұралу аз екен бұл өнерде, Балқу керек жан-дүниеңмен әуенге. Бар сезімді көрерменге жеткізу, Мақсат екен орындалған әр биде. Бұл өнердің де тарихы бар өзіндік, Білесің бе реформаны Новерлік?! Ал Мария Тальони ше әйгілі, Балеттің жұлдызы ғой әлемдік! Әкеме Өмірдің түзу жолын сен көрсеттің, Саған бақыт биік шыңға жеткенім. Адал болғын,ақ ниетті көздеген, Деп соғады, әке, сенің жүрегің. Жан әке, асқар тауым сен менің, Өрлігінен қуат алып келемін. Мен –тал шыбық,сен – ормансың қорғаным, Көкке бойлап өсу менің арманым. Өзің барда қуаныш та, бақ та бар Мен гүл болсам,сен –құнарым нәр алар. Мендегі бар ізгіліктің ұшқыны Әке, сенің тұнығыңнан бастал…

0
0
5055

Әскерге шақыру жалғасуда

Астана қаласында жастарды кезекті әскерге шығарып салу рәсімі қалалық жиын пунктінде өткізілді. Жастарға жылы лебіздерін білдіруге олардың ата-аналары мен бірге Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, Астана қаласы әкімшілігінің өкілдері қатысты. Жиналғандарға қаланың музыкалық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. «Көктем-2013» әскерге шақыру науқаны да аяқталуға жақын. Сәуір айында басталған бұл шара бүгінгі күнге дейін жоспар бойынша жүзеге асырылды. Көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде армияға 15 мыңнан астам бозбаланы аттандыру жоспарланған. Оның жеті мыңнан астамы Қазақстан Қарулы күштерінің қатарын толықтырды. Ал қалғандары басқа әскери құрылымдарға Республикалық Ұланға, ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара әскерлеріне, Төтенше жағдайлар…

0
0
455

Сенат жаңартылмалы энергияға қатысты заң жобасын қабылдады

Парламент Сенатының депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/06/3125-72/

0
0
304

Қазақстан армиясы резервистермен толығады

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз гарнизонында резервистер жиыны – солдаттар мен сержанттар құрамдарының қажетті мамандықтары бойынша қайта даярлау өткізуде. Жиынға Шығыс Қазақстан облысының бірнеше аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен 300-ге жуық адам шақырылған. Олардың арасында оқытушылар, жүргізушілер, механиктер және т.б мамандықтардың өкілдері бар. Резервистер іс жүзінде атыс, саптық, дене, мемлекеттік-құқықтық және арнайы даярлық сабақтарында іс жүзінде дағдылануда. Олар әскери бөлімнің полигонындағы шатырлар лагерінде орналастырылған және белгіленген нормаларға сәйкес заттай мүлікпен (киім-кешекпен), тамақпен қамтамасыз етілген. Әскери жиынға шақырылғандардың жұмыс орындары мен жалақысы сақталады. Әскери оқытылған резервті даярлау және осы жиыннның жұмысын ұйымд…

0
0
445

Алматыда «ИнтерСпорт – 2013» көрмесі ашылды

 

Алматыда 12-15 маусым аралығында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында спорттық киім, құрал-жабдық, аяқ киім көрмесі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Көрмеге жақын және алыс шет елдерден 40-тан астам компания қатысады. Олардың қатарында Technogym, Life Fitness, Maccaferri, JOMA, Bergans, MasterSki бар.

Көрме ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі және Алматы қаласы әкімдігінің көмегімен ұйымдастырылды.

Қатысушылардың арасында құрамына «Астана» велокомандасы, «Астана» баскетбол және футбол клубы, «Барыс» хоккей клубы мен «Астана Арланс» бокс клубы кіретін «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы бар.

Көрмеде спорттық киім мен аяқ киім үлгілері, спорттық тағам, жаттығу залдарындағы құрал-жабдықтарды жеткізушілер, түрлі спорттық керек-жарақтар көрсетілді.


0
0
336

«Қайрат» әйелдер футбол командасы «Шахтерді» ойсырата жеңді

Фото дереккөзі:andartists.com

 

«Қайрат» пен «Шахтер» футбол командаларының кездесуі 12:0 ұпаймен аяқталды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне алматылық команданың бапкері, футболдан спорт шебері Н. Дорошева хабарлады.

Матч ҚазЭУ стадионында әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Чемпионатының 11-ші туры аясыннда өткен. Жарысқа С.Байымбетов төрелік етті.

0
0
395

Тоғызқұмалаққа жанашырлық қажет-ақ

Тәуелсіздік алғалы елімізде бірде-бір то­ғыз­құмалақ клубының ашыл­мағанын айтпағанның өзін­де, ендігі кезекте шахмат клубтарының жанынан ашылған тоғызқұмалақ үйірмелерінен айрылып қалуымыз мүмкін Астана қаласында 2010 жылы тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионатыөтті. Бірінші рет өтсе де бұл бәсекеге 16 елдің спортшылары қатысып еді. Сол кезде ұлттық спорттың жанашырлары мен мамандары арқа-жарқа болып, көкейімізде енді зияткерлік өнеріміздің болашағына алаңдамаса болады деген жақсы үміттің ұялағаны анық. ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі және Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы тарапынан жасалып жатқан оңды істер де бұл ойымызға қанат бітіріп, елөңірлерінде жақсы бетбұрыстар басталған… Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Қауымдастығының құрылуы арқылы тоғызқұмалақтың бұқаралық сипаты ше…

0
0
621

Винокуров сыйлығына арналған велокөпкүндік аяқталды

Қызылжарда Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың сыйлығына арналған І республикалық велокөпкүндік өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Омбы облыстарынан барлығы 50 велошабандоз қатысты. Спортшылар бес күн бойы жарыс жолына шығып, өзара мықтыны анықтады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанғандары Олимпиада чемпионының қолынан марапатталды. Жекелей сайыста қызылжарлық Владислав Горбунов топ жарса, командалық есепте солтүстік қазақстандықтарға тең келер ешкім болмады. Владислав ГОРБУНОВ, велошабандоз: - Жарысқа мықтап дайындалық. Қарсыластар да осал болмады. Бап шаба ма, бақ шаба ма дегендей, біріміз жеңсек, екіншілері тізе бүкті. Енді, ел біріншілігіне қатысып, халықаралық жарыстарға шығуды жоспарлап отырмын. Владимир ПАРАХИН, Облыстық велоспор…

0
0
291

Алматы көшелері: Әліби Жангелдин

«Алматы көшелеріне саяхат» айдарының бүгінгі шығарылымы өз өмірін туған халқының бостандығы мен бақыты үшін күрескен қайраткерлеріміздің бірі Әліби Жангелдинге арналады. Жангелдин көшесі Түркісіб ауданында, Сүйінбай даңғылы мен Шемякина көшелерінің аралағында орналасқан. Ол Райымбек даңғылын, Шота Руставели, Бөлтірік шешен, Баянауыл көшелерін қиып өтіп Мақатаев көшесінде аяқталады. Бұл көше 1974 жылға дейін «Школьная» деп аталған. Бүгінгі күні Әліби Жангелдин көшесінің бойында: Әліби Жангелдин 1884 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, бұрынғы Торғай уезіндегі Қайдауыл елді мекенінде дүниеге келген. Қазақ халқының ардагер ұлы, табанды революционер-большевик, көрнекті партия және мемлекет қайраткері Әліби Жангелдиннің өмірі — өз халқына адал қызмет етудің үлгі-өнегесі. Әліби Жанг…

6
1
5258