ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Азияға аттанатын өрендерге бата берілді

 

Таэквондо спортының жанашырлары Сары құрлық біріншілігінде біздің елдің атынан сынға түсетін жас спортшылардың рухтарын оятып, намыстарын жану үшін олармен ресми түрде кездесті. Мақсат – жас та болса, олардың да ел намысын қорғауға жарап қалғандарын түсіндіріп, сездіру.

Кеше Алматыда таэквондодан еліміздің жасөспірімдерқұрамасын алыс жолға шығарып салу рәсімі өтті.

20-23 маусым аралығында Индонезияда өтетін жасөспірімдер (15-18 жас) арасындағы VІІ Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын өрендерімізгеүлкендер бата беріп, ақ жол тіледі.

Таэквондодан Қазақстан жастар құрамасы 28 мамырдан бері Алматыдағы республикалық спорт колледжде оқу-жаттығу жиынын өткізіп, дайындықтарын пысықтап жатыр. Бұл жерде оларға барлық жағдай жасалды. Бұйыртса, 18 маусым күні осы жерден Индонезияға ұшпақ.

Таэквондо спортының жанашырлары Сары құрлық біріншілігінде біздің елдіңатынан сынға түсетін жас спортшылардың рухтарын оятып, намыстарын жануүшін олармен ресми түрде кездесті.

Мақсат – жас та болса, олардың да ел намысын қорғауға жарап қалғандарын түсіндіріп, сездіру. Джакартаға серуендеп бара жатпағандарын, тек қана тәжірибе жинақтап, шеберліктерін шыңдау үшін ғана емес, ел намысын абыроймен қорғап, мемлекетіміздің мәртебесін өсіру үшін Азия чемпионатына қатысатындықтарынқұлақтарына құю еді.

Бұл тұрғыда Алматыдағы «Республикалық спорт колледжі» мемлекеттікқазыналық кәсіпорнының директоры Амалбек Тшанов ағамыз жас таэквондошыларға ақ жол тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді. Спортта шүмектетіп тер төкпей, ерен жетістіке қол жеткізу мүмкін емес екендігін тәптіштеп айтты. Осындай жағдай жасалып, үміт артылып отырғанда қайсарлықтанытып, сенім үдесінен шығуларына тілектес екендігін сездіріп, оларды жігерлендіріп отырды.

Жас таэквондошыларға сәттілік тілеуге келген Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығының» директоры Қанат Жұрқаевжасөспірімдер құрамасына үлкен сенім артатындықтарын білдірді. Әріқолдарынан келгендерін жасап, спорттық киім-кешекпен де қамтамасыз еткендерін айтып өтті. Бәрі бірдей киінген бойжеткендер мен бозбалаларға, «сендер әлі жассыңдар ғой» демей, сапалы киім алып бергендерін тілге тиек етті.

«Мұндай киімді Лондон Олимпиадасына барған спортшыларымыз киген, енді сендер киіп отырсыңдар, Ұлыбританиядан жеті алтын әкелген олимпиадашыларымыздың жолдарын сендерге берсін, сендер де алтынды көпәкеліңдер», – деп түйіндеді өз сөзін.

Осы шараға ұйытқы болып жүрген Қазақстан таэквондосының ғана емес, ел спортының көрнекті қайраткері Сұлтанмахмұт Шоқпытов та ыстықықыласын білдіріп, жас жеткіншектердің өздеріне артылған сенім мен жауапкершілікті сезіне білулері маңызды екендігін меңзеді.

Айтпақшы, жуырда ғана ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі жәнеҚазақстан таэквондо федерациясы басшыларының шешімімен Джакартаға жол жүретін жасөспірімдер құрамасының бас бапкері болып Бақытжан Райбеков, аға жаттықтырушысы болып Мырзағали Сұранов тағайындалған. Екеуі де – Алматыдағы республикалық спорт колледждің қабырғасындағы «Барыс» таэквондо клубының білікті мамандары.

Аталмыш колледждің залында талай дарынды қыз-жігітті тәрбиелеп жүрген мамандар. Қазір өз қызметтеріне білек сыбана кірісіп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген жеткіншектерді 15-18 жас аралығындағы құрлық біріншілігіне дайындап жатыр.

Жалпы, негізгі меже –2014 жылы өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары.

Осылай қазақтың қара домалақтары көп спорт түріндегі өрендерімізді ұлттықсалт-дәстүрімізге сай құрмет көрсетіліп, бата беріп, ақ жол тілеу рәсімі өткізілді.

Бір әттеген-айы… Кешегі кездесуде Қазақстан таэквондо федерациясыныңбасшылығы тарапынан ешкім болмады. Жарайды, жұмыстары қауырт, қолдары тимеген болар…

Сонымен, Индонезияға аттанатын, беделді үлкен ағаларынан бата алған қыз-жігіттеріміздің тізімі төмендегідей:

ұлдар

45 келі: Артур Ким (Алматы)

48 келі: Арман Жайлыбаев (Алматы обл.)

51 келі: Ерасыл Қайырбек (Алматы)

55 келі: Бекболат Шымырқұл (Алматы)

59 келі: Диас Ерланов (Алматы)

63 келі: Амантұр Табылдиев (Атырау обл.)

68 келі: Әлихан Саймағанбетов (Ақтөбе обл.)

73 келі: Еркебұлан Әбілқас (Алматы)

78 келі: Саян Маулетканов (Алматы)

+78 келі: Смайыл Дүйсебай (ОҚО)

қыздар

42 келі: Нұрила Убайдуллаева ҚО)

44 келі: Тойжан Қыдырбекова (Алматы)

46 келі: Анна Трухина (Қарағанды обл.)

49 келі: Айнұр Есбергенова (Қызылорда обл.)

52 келі: Жазира Сапарбек (Қызылорда обл.)

55 келі: Фариза Алданғорова (Алматы)

59 келі: Ғания Әлзақ (ОҚО)

63 келі: Айна Имашова (Маңғыстау обл.)

68 келі: Айгүл Елубай (Атырау обл.)

+ 68келі: Жұлдыз Бүркітова (Атырау обл.)

Естеріңізге сала кетейік, былтыр таэквондодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Вьетнамның Хошимин  қаласында өткен.  Өткен жылғы құрлықбіріншілігінде жеткіншектеріміз бір күміс және бір қола медальмен шектелген болатын. Ал биыл бапкерлеріміз «жүлделер санын артырып, алтын медаль еншілеп қайтсақ» деп отыр.

Біздің де тілегіміз – сол. Қазақтың қара домалақтарынан жасақталған құрама олжалы оралса екен дейміз. 90-жылдардың басында қазақ топырағына дәнін Мұстафа Өзтүрік ағамыз әкеліп сепкен таэквондо өнері тамырын тереңге тартып, мәуелі ағашқа айналып, жемісін бере берсе, нұр үсітіне нұр. Жоғарыда есімдері жазылған қыз-жігіттеріміздің Азия чемпионатында алаштың намысын абыроймен қорғап, жеңіспен оралуларына тілектеспіз.