ru
Default banner
Разное
426 635 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінде әскери медиктерді құттықтады

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталінде әскери медиктердің салтанатты  жиыны болып өтті. Госпитальдегі әріптестерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының өкілдері құттықтады.

 

 

Әскери медицина әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын қорғайтын, медициналық жәрдем көрсететін, жеке құрамның денсаулығын сақтау және нығайту мақсатындағы жүргізілетін кешенді іс-шаралардың кепілі, сондай-ақ әскерлердің санитарлық тазалағын қолдайтын және қажетті медициналық жәрдем көрсететін құқықты жүзеге асыруды жүргізетін  мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

   

Қорғаныс министрлігінің әскери-емдеу мекемесі қазіргі заманғы медициналық технологиялар мен емдеу әдістерін қолдану арқылы жоғары мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетеді.

   

Әскери медицинаны одан әрі дамыту мақсатында ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының басшылығы әскери-медициналық бағыттағы ғылыми зерттеулерді, телемедицинаның бағдарламалық-техникалық жүйесін, әскери қызметшілердің денсаулық жағдайы мониторингінің ақпараттық жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.

   

– Әскери-медициналық бөлімдер мен мекемелерге қазіргі заманғы жоғары сапалы медициналық жәрдем көрсетуді енгізу мен қолдану Қарулы Күштерде  жетекші медциналық мамандардың білімі мен тәжірибесін пайдалануды қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков. – Соның нәтижесінде, бұл әскерлердің ұдайы әзірлігін қамтамасыз ететін медициналық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

   

Жыл сайын әскери емдеу мекемелерінде 27 мыңға жуық адам стационарлық ем қабылдайды. Оның ішінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері, Қорғаныс министрлігінің зейнеткерлері және азаматтық персонал бар.

   

Әскери қызметшілерге жоғары сапалы медициналық жәрдем көрсетуде ҚР Қорғаныс министрлігінің Астанадағы Бас әскери клиникалық госпиталы жетекші рөл атқарады.  Онда әскери дәрігерлер мен медициналық персоналдың әлеуетті құрамы жұмыс істейді.

   

Әскери денсаулық сақтау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы әскери медицина жұмысының сапасын жетілдіруге және әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі