Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматыда ММА ALASH- PRIDE FC бойынша ауыр салмақты спортшылар гран-приі өтеді

 

7-ші шілде күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ММА ALASH- PRIDE FC бойынша ауыр салмақты спортшылар сынға түседі.

Додада 10 спортшы «Әлем алыбы» атағын сарапқа салмақ. Жарысқа Корея, Түркия, Ресей, Молдова, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Қазақстан өкілдері қатысады.

Қатысушылардың арасында дағыстандық «Горец» пен шешеннің «Вайнах», қазақстандық ММА жұлдыздары «Найман» Қуат Хамитов, «Арлан» Ержан Естанов пен «Қазақ» Қайрат Ахметов бар.

Турнир Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен өткізіледі.

   
0
0
302

Осы тақырып бойынша

Алматыда ММА ALASH- PRIDE FC бойынша ауыр салмақты спортшылар гран-приі өтеді - Yvision.kz