ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Электронды цифрлық қолтаңба – бүгінгі күнгі заман талабы»

Қазақстан Республикасында «Электронды әкімдікті» құру мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асыру мақсатында елімізде «Электронды үкімет» порталының табысты жұмыс атқарып келе жатқандығына бірнеше жылдың жүзі болды.

«Электронды үкімет» порталы дегеніміз – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат ала алатын, сонымен қатар, онлайн режимде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және айыппұл төлеуге мүмкіндік  беретін бірыңғай ресурс.

Порталда экономикалық, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімдерде 2000 аса ақпарат қызмет түрлері көрсетіледі.

«Электронды үкімет» арқылы халыққа көрсетілетін электрондық қызметтердің түрлері қарапайым тұрғындарға жеңіл әрі қол жетімді қылып жасақталған. Аталмыш порталға кіру үшін тек азаматта эелектронды цифрлық қолтаңба болса болғаны. ҚР «Электронды құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370-ІІ заңымен реттеледі.

Электрондық цифрлық қолтаңба дегеніміз - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электроңдық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандары.

Электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда табыс етілген және электрондық цифрлық колтаңба арқылы куәландырылған құжат болып табылады.

Электронды құжаттар халықтың үйден шықпай-ақ өзіне қажеттісін алуға мүмкіндік беруде. Онда заңды және жеке тұлғаларға арналған қызмет түрлері күннен-күнге жаңғыртылуда және оңтайландырылып келеді.