Мазмұнға өту

Жаңа

Үшінші күн ))

Таң атты. Таңғы салқын леб мені оятып жіберді. Біз бүгін ҚР архивіне және Сәкен Сейфулин музейніне барамыз. Архивте (менің болжамым бойынша) құнды құжаттар мен және ерте кездегі жазулар бар деп ойлаймын. Ал Сакен атамыздың музейінде ескі заттарымен және баяндамалары бар деп ойлаймын. Ал ендеше кеттік!!!

Мінеки Архивке келдік. Бізді  жылы мейіріммен күтіп алды. Бізге бұл жерде Астананың құрылуы туралы баяндап берді. Сонымен қатар Қазақ жерінің басқа да астаналары туралы да айтылды. Мысалы: Алматы- это рассцветание Казахстана. Ал Астана- Еуразия жүрегі сияқты т.б. Және де бізге құнды құжаттардың көшірмесін көрсетті. Өкінішке орай суреттер жок(

Содан кейін біз Сәкен атамыздың музейіне бардық. Міне төмендегі суреттер сырты.

Бізге тындармаларға Сәкен ағамыздың қиын өмірі туралы мен заттарын көрсетті. Апай бізге Сәкен атамыздың қиыншылығы туралы. Оның балаларының көз жұмғаны туралы баяндап берді. Өте қызық болды.

Содан Тәуелсіздік үйіне бардық. экскурсия жүргізді. бізді 4д кинога апарды. ол кинода Астана туралы баяндап берді. Содан кейін Астананың EXPO-2017 қандай болатынын көрсетті. Өте қызық болды!!! Содан кыргыз суретшілерінің выставкасында бардық!!!

Содан соң біз бейбітшілік және келісім шарты үйіне келдік. Бізге бұл ғимараттың мағынасын және бұл жерде жиналыс болтынын айтты. Ал төменде суртеріміз тұр)

төменде конференц залда отырдық)

Мен және Балека)Содан кейін Байтерекке  бардық! Өте қызыты болды! сау болыңдар!!

2
0
969

«Туған елге тағзым» (1-күн)

Туған елге тағзым

Күлтегін - Бозоқ - Астана

Сонымен,"Туған елге тағзым" атты экспедициямыз басталды...Бұл экспедиция менің өмірімде алғаш рет болып отыр.

Сөйтіп,29 маусым күні Астанаға жол тарттық.

Астана - арман қала.Биыл Астанаға 15 жыл болады.Бұл мерекеде мен Астана қаласында болатыныма қатты қуанамын.

Менің Астанадағы көптеген көркем сәулет-үйлерінің көбейіп келуіне тағы да көзім жетті.

30 маусымда Астанаға жетіп,қаланы аралыдық.Көңіл-күйіміз өте тамаша. Қуанышымызда шек жоқ. Ең алдымен,біз Назарбаев Зияткерлік мектебінде болып шықтық.Бұл мектептің тарихымен,өзіндік ерекшеліктерімен,көптеген жетістіктерімен танысып,білдік.Самал және Зарина атты НЗМ оқушыларымен танысып, әңгімелестік.Олар өздерінің жұмыстарын көрсетті.

Біз олардан экспедицияның талаптары жайлы мағлұматтар алдық.Олар бізге қызықты мәліметтер берумен қатар, өздерінің ақыл - кеңестерін айтты.Ендеше,осы экспедициямыз ойдағыдай өтеді деп ойлаймын)))

Түскі ас...

Түскі астан кейін кешкі Астананың көріністерін бәріміз тамашаладық.Міне,бірінші экспедициямыз осылай басталды)

Назарларыңызға раахмеет))))


 
0
0
620

Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылық кеші

Астана. Конгресс-холл. Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығына арналған кеш.

Бүгін Конгресс-холда Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылық кеші өтті. Жүргізуші - Мәдина Сәдуақасова.

Маржан Сұлтанбаеваны концерттерде жиі кездестіріп жүрміз :)

Нағима Есқалиева да концертте Кеңес Дүйсекеевтің әнін орындады. Өз кезегін күтіп отыр :)

Жеңіс Ысқақова да қызу дайындық үстінде :)

Қызылордалық Бекзат Молдабергенов Кеңес Дүйсекеевтің "Аралым" әнін орындады.

Көптен көрінбей кеткен Нұрлан Өнербаев ағамыз да сахнаға шығатын өз кезегін күтіп отыр.

Маржан Арапбаева кішкентай шәкіртімен суретке түсуде :)

Концерт керемет өтті. Біздің порталдан осы концерттің видеосын күтіңіздер! :)

0
0
2094

екінші күн

Біздің бүгінгі саяхатымыз өте керемет өтті десем де болады.Оның себебін қазір сіздерге баяндап беремін. Біз таңертең өте ерте тұрдық. Әрине,ұйқымыз қана қоймады. Бірақ, экспедицияға деген құштарлығымыз жоғары деңгейде болғандығын жасырмай айта аламын. Астанадан 35 км алыс шақырым жерде орналасқан Қабанбай батыр кесенесіне жол тарттық. Жол бойы  Астананың әсем,жанға жайлы табиғатына куә болып,"осындай қаламыз бар біз бақыттымыз "деген мақтаныш сезімдер кеудемізді кернеп тұрды.Қас пен көздің арасында батыр ауылына да келіп жеттік.Бізді Камал қажы Абдрахман атты профессор жылы қарсы алды. Кесенеге кіре салысымен Құран бағыштап, барға қанағат етіп, ата-бабамызды бір еске алдық. Ал содан кейін сатырлаған сұрақтар қойылып, біреуі де жауапсыз қалмады. Менің білгенім, кесене 2000 жылдың  , 3 қарашасында бой көтерген.Архитекторлары:Ақжайық Сәуменов пен Сәдуақас Артаев.Биіктігі 21,5 м.Қабанбай батыр(1692-1770ж) бірнеше есімге ие болған елдің ұлы болыпты.Аңырақай,Аягөз,Алакөл т.б соғыстарға қан кешіп,елінің жауапкершілігін арқалап ,маңдай терімен қатысқан.Айта берсек ,әрине шегі бола қоймас.Оқушылар білгісі келген сұрақтарына жауап алған соң ,автобусқа жиналдық.Ендігі бағытымыз-толқыны тасыған ,қарасаң көздің жауын алатын Есіл өзені.Параходқа мініп ,Есілдің бойында қалқығанда ерекше әсер алдым.Астана мені табиғатына шынымен ғашық етті.
Есіл жағасында біраз демалдық.Қаншама адамдар отбасымен бірге келіп демалып жүр.Сондағы менің түсінгенім -Есіл адамдарды баурап алатын құдіретке ие.Біраз жүрек жалғап алғаннан кейін"Атамекен "этнопаркіне жол тарттық.Сонда менің өзім үшін жаңалық болған нәрсе:"Алтын Қыран"орденін дүние жүзінде 16 адам иеленіпті.Оны табыстайтын біздің Елбасы.Атамекенде Қазақстанның бүкіл облыстарымен таныс болдым.Ондағы әсем ғимарат макеттерін көріп ,біз таң-тамаша болдық.Көп ұзамай өзіміздің қонай үйге оралдық.Бүгінгі біздің түсінгеніміз:өткенді жасаған батырларымыз мен бүгінге жол салған жандарды ұмытпайық.Және туған жерімізге қанағат етіп ,қамқор болайық!

 
0
0
478

бірінші күн

Сәлем! Мен Ақтөбе қаласындағы  Назарбаев зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысымын. Біз мектебімізбен "Туған елге тағзым" атты экспедиция бойынша еліміздің бас қаласы Астана қаласына саяхатқа шыққан болатынбыз. Жол бойы Қостанай,Көкшетау қалаларының табиғатына тамсанып, Астананы көруге деген құштарлық кеудемізде жанып тұрды. Көп ұзамай маусымның 30-ыншы жұлдызында, сағат 14:30-да арайлы Астананың вокзалына келіп түстік. Бәріміздің ойымызда жас қаланың сұлу жерлерін көріп, тамашалау болды. Астана-арман қала.Оны көру әр баланың арманы. Бірақ та мен жыл сайын Астана қаласына келетінмін, сондықтан қасымдағы әріптестеріме білген жерлерімді айтып, көрсетіп жаттым. Айта кету керек, бізді  "Dana tour" туристік агенттігі күтіп алды. Содан соң автобуспен төрт жұлдызды "G - Empire" атты қонақ үйге келіп орналастық. Бізге яғни мен, Айсултан, Ертарғын, Ниязби, Абылайхан 703 деген люкс номер берді. Қонақ үй маған және басқа да балдарға қатты ұнады.  Біздің алғашқы сапарымыз біздің әріптестеріміз Астана қаласындағы НЗМ-нен басталды. Жол бойы Астанадағы сансыз биік, жаңадан салынған ғимараттарға қарап ерекше әсер алдық. Зәулім үйлердің біреуінде тұрсам деген армандап та қалдық. Тез арада  НЗМ-ге де келдік. Әрине мектеп Ақтөбе қаласындағы НЗМ-нен кішкентай, бірақ та Астана да жаңа дан НЗМ мектебі ашылғалы жатыр. Ал енді мектепге кіре салысымен бізге мектепті түгелімен таныстырды. Мектеп 2009 жылдан бері жас талантты өрендерге білім берумен жұмыс жасап келе жатыр. Содан соң бізді кешкі асты тамақтануға апарды. Тағы да айта кететінім бізге күніне үш рет тамақ береді. Ал енді ертен біз Қабанбай батырдың кесенесіне барамыз.oiYN2osgQ2g7KEk6n830aPu9KQ9jjm.jpg

0gIPhwZi7cs9VLEP6XY2T5djHwS7jZ.jpg

0
0
690

Джонни Депп заговорил по-казахски или В Астане прошел предпоказ фильма «Жалғыз рейнджер»

Буквально в минувшую пятницу Джонни Депп с шумом пиарил новый фильм "Одинокий рейнджер" в Москве. Этой ленте прочат огромные кассовые сборы. И вот уже во вторник фильм выходит в прокат на казахском языке в столичных кинотеатрах. Мне стало интересно, сколько фильм соберет в наших кинотеатрах? Торжественно прошу организаторов позже озвучить эти цифры. Не словца ради. Просто хочется знать, готовы ли наши люди ходить в кино на казахском языке.

Рецензии на "Жалғыз рейнджер" не ждите, так как я вновь не поняла половины диалогов. Точнее, чувствовала, догадывалась примерно о чем идет речь. Но сама дословно понимала только отрывками, где был бытовой казахский. Отдельное спасибо моему соседу - Нурболату Тилеуову за перевод отдельных сцен, так мне было понятнее местами.

Но сегодня я поняла одну очень важную вещь, которую, думаю, поймут и оценят скоро люди. Неважно, что я не понимала части слов, важно то, что так легче выучить казахский язык. Сегодня, например, я узнала много новых слов для себя и, думаю, вполне могу их использовать. Многие методики обучения языку сегодня рекомендуют именно так учить язык - песни и фильмы. На казахстанские фильмы я пока не рискнула бы сходить, но вот такие зарубежные и интересные фильмы вполне подходят для изучения языка. Тем более, на Джонни Деппа пойдут многие люди.

Отдельно хочу отметить Ассоциацию "Болашак", которые взялись за это дело - и начали переводить фильмы на казахский. Дело нелегкое, а когда определенная часть интернет пространства высказывается против, кажется, наоборот, нужно увеличивать количество качественных переводов. Еще предлагаю Ассоциации вот такую идею, сделать как в России - пусть некоторых героев озвучивают известные люди, может тогда можно будет ходить только ради голоса даже. У нас же есть певцы, певицы, которые вполне неплохо изъясняются на казахском. И им пиар, и вам может бесплатно :) Может, даже удастся привлечь к этому делу интересных политиков. Думаю, небольшую роль в 15 минут звука многие согласились бы озвучить.

0
0
522

Қазақстан мен Румыния арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

27 маусымда Румынияның Премьер-Министрі Виктор Понтаның Қазақстан Республикасына ресми сапарының шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Румынияның мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Аталған Келісім мұражай және кітапхана ісі, музыка, мәдени мұра салаларында әріптестік қатынастарды дамытуды көздеп отыр.

Келісімнің 8-бабына сәйкес Тараптар мәдени кұндылықтардың заңсыз тасымалына бірлесіп қарсы күресуге уағдаласты.

Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаны туралы румын Тарапының жазбаша хабарламасын қазақстандық Тарап алған күннен бастап күшіне енеді.

http://mki.gov.kz/kaz/press-sluzhba/novosti_ministerstva/?cid=0&rid=1674

 
0
0
502

Серік Қалиев – Оян қазақ!

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.
Алашағың аз ба мына дүниеден,
Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!
Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!
Ауырыңды арқала да, алға бас,
Бауырыңмен не көрінді жорғалап?!
Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ,
Ер мінезбен өр рухқа болма жат.
Ортасына жалғыз орыс кіргенде
Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ.
Атамыздан қалған асыл мұрамыз –
Туған жердің қақ төрінде тұрамыз.
Азаттығы ұмытылған ұлт болып,
Қазақ тілі қоғамдарын құрамыз.
Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз,
Сұмдық сіңген сүйекке де –
Қараңыз!
Тойланады мерекеміз жат жұртша,
Ойланады өзге тілде баламыз.
Құранды да, Құдайды да сүймейміз.
Сұлу көрсек оңашаға сүйрейміз.
Жыртаң-жыртаң, қалжың айтып күлеміз,
Тыртаң-тыртаң, тойға келсек, билейміз.
Біреу озса – күңкіл-күңкіл күндейміз,
Біреу тозса – дүркін-дүркін жүндейміз.
«Намыс!» деген сөзді жиі айтамыз,
Бірақ оның не екенін білмейміз.
Дүниенің пайдасына пысықпыз.
Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз.
Бауырларға арыстанбыз, барыспыз,
Басқаларға бас игенде – мысықпыз.
Мақтаншақпыз, өтірікші, даңғоймыз,
Түтіндейміз, үрлесе де жанбаймыз.
«Жер бетінде бізден ұлы ұлт жоқ!» деп,
Өзімізді-өзіміз көп алдаймыз.
Ісіміз жоқ еске алатын тамсанып,
Селтеңдейміз әуейі боп ән салып.
Тірі ағайын пәтер таппай жүргенде,
Өлгендерге әуреміз там салып.

«Қаным таза, жаным таза» дегенмен,
Көш соңында қалып қойдық неге
елден?
Мойындаған күллі адамзат неміз бар?
Не шығардық ел ынтыққан, еленген?
Бүкіл әлем өркендеуде дүрілдеп,
Ғарышты да игеруде бұрын кеп.
Кеме де емес, ұшақ та емес, біздерде
Белесебет жасай алар білім жоқ.
Шіренгенде үзеңгіні үземіз.
Мүйіздіміз мүйізсізді сүземіз.
Оралманға одырая қараймыз,
Келімсектен дірілдейді тіземіз.
Ертегіге есігін кең ашқаның,
Ертеңіне қатырмайды бастарын.
Қонағы би жаман үйдің тұрғыны,
Шеттерінен шел басқан көз, мес қарын.

Құдай берген мұнай, көмір, мысың да,
Біздікі емес, билігінде басқаның.
Сырт көзге сыр бермегенмен
тайраңдап,
Ақылымыз ашып бітті айран боп.
Қамқор Алла сақтамаса біздерді,
Қайран жұртта өзін қорғар қайран жоқ.
Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!…

 
0
0
2332

Еңбек: Жастардың әлеуметтік бейімделуінің негізгі факторы

Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кезекті ІІ съезінде берген тапсырмаларын заман талабының қажеттілігі екені баршаңызға мәлім. Осы орайда қабылданған «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының 2020 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» стратегиясы жастардың алдағы уақытта қандай басымдылықтарға назар аударуы қажеттігін айқындап берді.

Еліміздің болашағы – білімді де, білікті жас мамандар. Олардың табысты да, жемісті еңбек етуі болып табылады. Жастардың бойында отансүйгіштік сезімін дамыту, елі мен жері үшін аяндай еңбек етуі бір- бірімен тығыз байланысты деп білемін. Себебі «Ерім дейтін – ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» деген аталы сөз осында үйлесім табады. Мемлекет жастар үшін игі бастамалар мен жағдай жасаса, жастар елінің одан әрі дамуына жағдай жасайтыны хақ.

Қай заманда болмасын еңбек ұғымы жоғары тұратындығы белгілі. Елбасының 2012 жылғы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында «Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек» - деп шегелеп өтті.

Елбасының әрбір сөзі жастардың санасына сіңіріп, өмірлік ұстанымдарына айналуна тиіс. Тәуелсіз елімізді одан әрі дамыту барша азаматтың отан алдындағы борышы.

Абай атамыз айтпақшы «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан».  Осынау сөздің астарында үлкен философиялық мағына жатқандығын байқаймыз. Себебі, әр азамат өзінің кішкентай жүмысын аса сүйіспеншілікпен, асқан махаббатпен орындаса оның еңбегі үлкен болатындығы сөзсіз. Қазіргі таңдағы сапасыз білім, сапасыз құрлыстар мен азық-түліктер тағамдары адам баласының немқұрайлығы мен белден басылған жемқорлықтың салдары. Осы білім беретін ұстаздар балаға терең білім, жан-жақты қлыптасуына ықпал етсе, құрлысшы мен дәнекерлеуші өз құрлысын өзінің үйін тұрғызып жатырмын деп адалдықпен тұрғызса мұндай жайттар белең алмас еді.

Сол себепті жастарға дррыс идеялогиялық білім берілуі қажет деп санаймын. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы дегендей баланың тәрбиесіне мән беруіміз тиіс.

Баршаға күйе жағудан аулақпын. Елімізде дарынды да, таланты жастар баршылық. Сол жастарға билікте де, өнерде де аға буын өкілдері жол беруі тиіс деген ойдамын. Осы орайда Қытайдың мына мақалы еске түсуде. «Балаға қолына қармақ берде балық аулауды үйрет» деген. Олардың жаңа бастамалары мен игі істеріне қолдау көтсетуіміз қажет.

Жастары жалындаған елдің болашағы да жарқын болады. Осы мақсатта мемлекеттік жастар саясатын дамыту мақсатында 2020 жылға дейінгі жастар саясаты тұжырымдамасы қабылданды. Бұл бағдарламаның жастарға берері зор.

Елдегі ауқымды өзгерістер жағдайында жастарды инновациялық және өндірістік еңбекке араластыру басымдығы алдыңғы орынға шығады. Тек еңбек қана жастардың әлеуметтік бейімделуінің шешуші факторы болып табылады. Барлық экономикалық және мәдени байлық адам еңбегімен жасалады.

Сондықтан «Жас Отан» ЖҚ жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен олардың еңбек нарығына интеграциялануына қолайлы жағдай жасау үшін әрекет етеді. Жастардың еңбектік әлеуметтенуі қорғаншылық пен патернализмге емес, жастардың белсенділігін ынталандыруға, тиімді және өндірістік еңбекке деген ұмтылысқа құрылуға тиіс.

Бұл біздің Қазақстандағы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құруға қосар сүбелі үлесіміз болмақ.

 
1
0
934

Спорт журналистері федерациясының президенті сайланды

 

«Хабар» агенттігі спорт бөлімінің продюсері, аты аңызға айналған журналист Асхат Сәруәрбекұлы Жақаев Қазақстан Республикасы Спорт журналистері федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

«Жақаев «Қазақстан», «КТК» телеарналарында, «Наш спорт» интернет – порталында, «Қазақ радиосы» және «Русское радио Азии» радиостансаларында, «Караван» газетінде, «Футбольные вести» журналындағы сәтті жұмыстарының арқасында танымал болды», — делінген ақпаратта.

 
0
0
481