Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстандық әскери дзюдошылардың қоржыны тағы екі қола жүлдемен толықты

Бұрын хабарлағанымыздай Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатының кеше өткен сайыстарында қазақстандық әскери қызметшілер Өтеулиев Қажымұқан мен Тен Алина қола жүлдеге ие болды.
Ерлер арасындағы 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды кореялық, екінші орынды қытайлық спортшы иеленсе, үшінші орын тұғырына қазақстандық және бразилиялық балуандар бірге көтерілді.
Қыздардың 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бразилиялық спортшы жеңімпаз атанып, италиялық екінші, ал қытайлық және қазақстандық балуан қыздар үшінші орынға ие болды.
Бүгін чемпионаттың соңғы күні ауыр салмақ дәрежелеріндегі спортшылар күш сынасады. Түстен кейін әлемдік доданың қорытындысы шығарылатын болады.
0
0
404

Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Астана көшелерін әуенге бөлейді

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Астана күнін мерекелеу құрметіне Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін қомақты бағдарлама дайындап, өнер көрсетпек.

Бүгін 5 шілде күні түске дейін сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін әскери музыканттар қала әкімдігінің алдындағы орталық алаңда плац-концерт өткізеді.
Осы күні кешке сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін сол жақ жағалаудағы «Бәйтерек» кешені жанында Band-marafon болады.
Келесі күні, 6 шілдеде таңертеңгі сағат 11-де Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Республика даңғылы бойынша марш-парад жасайды. Музыкалық шерудің басы Самал шағын ауданынан басталып, ал соңғы нүктесі әкімдік жанындағы орталық алаң болмақ.
Түстен кейін Орталық әскери оркестр басқа творчестволық ұжымдармен бірге Қазақ Елі алаңындағы гала-концертке қатысады.
Өнер көрсету барысында әскери марштар мен классикалық әуендер әуелеп, қазіргі заманғы композициялар да ойналатын болады. Астаналықтар әскери музыканттардың кәсіби шеберліктерін өз көздерімен көре алады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
434

«Аңшы бала». Балалар фильмі. («Қазақфильм», 2011 ж.)

Голливудта «Ең үздік драма» жүлдесін иеленген, ТМД елдері бойынша «Ең үздік балалар фильмі» атанған режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың фильмі Ұлттық арнада. Азулы жыртқыш пен үрейді жеңген он екі жастағы Қамбар туралы «Аңшы бала» фильмі бүгін, сағат 13:20-да тамашалаңыздар.

0
0
468

Новини в світі автомобілів

Будь автоводії, будь то початківець або ж професіонал, хоче дізнаватися найсвіжіші новини про авто якщо не щодня, то раз на тиждень. І в наш час, час високих технологій, час свободи слова, їх і не так-то важко впізнати. Але, правда, не завжди ці новини достовірні і перевірені журналістами.

Зараз дуже популярна всесвітня павутина - Інтернет. Більшість інформації, на жаль, яка знаходиться на сторінках газет і журналів, та й в інших носіях інформації, друкується саме з Інтернету. Звичайно, є трохи і перевірених новин про авто. Але такі видання просто загублені в «світі брехні».

Але не так-то все й погано. Адже навіть в Інтернеті є сайти, які спеціалізуються і описують найсвіжіші новини про авто. Вони всі дуже детально розписують, описують не тільки новинки брендів авто, але і всі зміни, які вносяться до правил дорожнього руху, а також всі про дороги, стоянках, пробках. І це лише невеликий перелік того, що можна прочитати і бути впевненим у достовірності.

Ще є відмінні періодичні видання, в яких всі найсвіжіші новини про машини перевірені. У більшості випадків у таких виданнях працюють фахівці, які добре розбираються в автомобілях. Тому можна прочитати багато цікавої та корисної інформації і навіть знайти відповіді на необхідні питання, або ж просто написати в редакцію і отримати свою відповідь.

Також є ще й багато інших способів, за допомогою яких можна дізнатися про найсвіжіші новини про авто. Наприклад, радіо, телебачення. І це дуже зручно і просто. У будь-який час доби, коли виникне потреба, можна включити улюблене телешоу або передачу.

Найсвіжіші новини про авто можна дізнатися з будь-яких зручних джерел. Головне, щоб вони були достовірні і несли тільки перевірені факти, яким дійсно можна довіряти.

0
0
419

Що робити при появі зеленої води в акваріумі

Одноклітинні водорості, відомі під назвою евглена, нерідко ставлять у безвихідь навіть бувалих акваріумістів, заполоняючи акваріум і приводячи до сильного позеленіння води. Завдяки здатності швидко розмножуватися ці водорості за наявності сприятливих умов здатні перетворити акваріум в зелене квітуче болото. До стрімкого росту і розмноженню евглени здатні привести занадто високий рівень освітленості, часті і масові підміни води, застосування хімічних засобів, здатних впливати на процеси обміну речовин і фільтрації у воді.

Найчастіше вода зеленіє в тільки запущених акваріумах, в яких ще не відбулося встановлення стабільного азотного циклу. Після першої появи зеленої води від неї складно позбутися остаточно: надмірний догляд за акваріумом, що виражається в частих підмінах води, надмірне освітлення здатні викликати нові й нові спалахи зростання водоростей, змушуючи воду в акваріумі зеленіти, раз за разом розбудовуючи власника.

Для того, щоб убезпечити себе від такої неприємності, рекомендується при запуску нового акваріума користуватися водою з старого, вже усталеного акваріума. Також ефективним буде використання картриджа із старого акваріума. Не рекомендується тримати включеним освітлення акваріума протягом тривалого часу - декількох годин на день буде цілком достатньо.

Для лікування від уже з'явилася зеленої води ефективним буде використання ультрафіолетового світла. Спеціалізовані стерилізатори дозволять дуже швидко знищити водорості. Спеціальні фільтри на основі мікронових картриджів також досить ефективні.

Один з найпростіших і дешевих способів позбавлення від зеленої води - залишити акваріум на тиждень без освітлення. Прикривши акваріум від надходження світла, ви зупините ріст і розмноження водоростей. Протягом цього періоду також не слід годувати риб. Через тиждень, видаливши мертві водорості і підмінивши близько чверті води, ви переможете у війні з водними бур'янами.

0
0
656

«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының тұсаукесеріне әйгілі футболшы Луиш Фигу қатысты

 

Бүгін Елордада «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының тұсаукесері өтуде. Оған әйгілі футболшы Луиш Фигу қатысып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Барселона» мен «Реал Мадрид» клубтарының құрамында болған, ФИФА нұсқасы (2001) бойынша ең үздік футболшысы Луиш Фигу, тұсауы кесіліп отырған Президенттік спорттық клубтың Қазақстандағы спорттың дамуына үлкен ықпалын тигізетініне сенімін білдірді.

 

«Астана» Президенттік клубының тұсаукесеріне қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Бұл спорттың, инфрақұрылымның және спорт менеджментінің дамуына оң ықпалын тигізеді», — деді ол баспасөз мәслихаты барысында.

Бұған қоса Луиш Фигу клубтың тұсаукесеріне қонаққа шақырғаны үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

«Спортты дамытуға, әсіресе футболға қатысты келгенде өз тарапымнан қолымнан келгеннің барлығын жасауға даярмын», — деп толықтырды ол.


 
0
0
411

Қапашағайда ашық суда жүзуден VI Азия чемпионаты өтті

 

Қапашағай су қоймасындағы «Неаkеn» демалыс орны маңында ашық суда жүзуден VI Азия чемпионаты өтті, деп хабарлады BNews.kz тілшісі облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасына сілтеме жасай отырып.

Чемпионаттың ашылу салтанатына ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов қатысты.

Алматы облысында мұндай жарыстар алғаш рет өткізілді. Қазақстан атынан жүзуден 10 спорт шебері: 5 ер және 5 әйел қатысты. Гонгконгтан чемпионатта 8 әйел мен сонша ер адамнан тұратын команда өнер көрсетті. Оманнан 4 жүзгіш, Иран, Қырғызстан мен Өзбекстаннан екі спортшы және Сириядан бір-бірден қатысты.

Ерлер арасында 5000 метрге жүзуден қазақстандық Виталий Худиков бірінші болып мәреге жетті, екінші болып сириялық Мухаммед жетсе, ал үздіктер үштігін тағы бір қазақстандық спортшы Бекше Жұмағали түйіндеді.

Қыздар арасындағы жүлделі үштік төмендегідей: 1-орын — Гонконгтан келген Наташа Терриге тиесілі, ал екі қазақстандық спортшылар Ксения Романчук 2-орын, ал Мария 3-орынды иеленді.

Біздің спортшылардың жеткен жетістікерінің арқасында Қазақстан құрамасы ашық суда жүзуден Азия чемпионатында жалпыкомандалық бірінші орынға қол жеткізді.


 
0
0
427

Дзюдодан әлем додасының бірінші күні қазақстандық әскери қызметшілер 3 медаль иеленді

Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты жеке сайыстарының бірінші күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери қызметшілері бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады ҚР ведомствоның баспасөз қызметі.

«66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарын тізе бүктірген АОСК мерзімді қызмет қатардағы жауынгері Елдос Жұмақанов алтын медальді жеңіп алды. 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде АОСК мерзімді қызмет қатардағы жауынгері Мейірлан Баймаханбетов күміс медальді иеленді. Әйелдер арасында 52 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қызметкер Олеся Куценко қола жүлдені жеңіп алды», — делінген ақпаратта.

АОСК өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда белгіленген төменгі меже бағындырылды: медальдар жинағына қол жеткізілді. Бүгін 73, 81 кг дейінгі салмақ дәрежелеріндегі белдесулер өтуде.

Барлығы чепионатқа 28 елден араларында әлемнің мықты дзюдошылары бар 200-ден астам спортшы қатысуда.

Чемпионат 5 шілдеде аяқталады. Осы күні чемпионат қорытындысы жасалып, жүлдегерлердің есімі жарияланады


 
0
0
405

Astana Dakar ертең «Жібек жолы-2013» ралли-рейдіне шығады

 

Ертең, 5-ші шілдеді Astana Dakar Team командасы Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңнан «Жібек жолы-2013» халықаралық ралли-рейдіне шығады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихаты барысында  Astana Dakar Team  ралли-рейд бойынша команданың жетекшісі Артур Ардавичус мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі

«Дакарға дайындық көптеген жаттығу жиындары мен Әлем кубогының кезеңдерінен құралған. Біз Әлем кубогының кезеңдеріне жыл бойы шығып тұрамыз және кем дегенде үш кезеңіне қатысамыз. Ресейдегі жарыс Дакарға даярлық ретінде өтеді. Дегенмен, ол өз шарттары мен талаптары бойынша «Жібек жолы» ралли марафонынан еш қалыспайды», — деді А.Ардавичус.

Оның айтуынша, бүгін техникалық және әкімшілік тексерістер басталған. «Ертең 17,00-де Қызыл алаңда салтанатты түрде жарыстың сөресіне шығамыз. Менің командам жаңа құраммен шығып отыр. Біз Tatra автокөлігімен жарысқа қатысамыз», — деп толықтырды ол.


 
0
0
539

Алматыда үздік мерген анықталды

 

Алматыда КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем және Еуропа чемпионы Александр Асановтың құрметіне X халықаралық турнир басталды, деп хабарлады BNews.kz тілшісі sk-sport.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

 

Жарыста алтын медальді павлодарлық Виталий Куликов жеңіп алды. Қазақстандық мергендермен қатар Қырғызстан, Өзбекстан өкілдері жарысқа түсті. Асановтың құрметіне ұйымдастырылған қазіргі турнир еліміздің Кубогының екінші кезеңі болды. Келесі кезеңдер Астана мен Алматыда өтеді.

 
0
0
458