Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Astana Dakar ертең «Жібек жолы-2013» ралли-рейдіне шығады

 

Ертең, 5-ші шілдеді Astana Dakar Team командасы Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңнан «Жібек жолы-2013» халықаралық ралли-рейдіне шығады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихаты барысында  Astana Dakar Team  ралли-рейд бойынша команданың жетекшісі Артур Ардавичус мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі

«Дакарға дайындық көптеген жаттығу жиындары мен Әлем кубогының кезеңдерінен құралған. Біз Әлем кубогының кезеңдеріне жыл бойы шығып тұрамыз және кем дегенде үш кезеңіне қатысамыз. Ресейдегі жарыс Дакарға даярлық ретінде өтеді. Дегенмен, ол өз шарттары мен талаптары бойынша «Жібек жолы» ралли марафонынан еш қалыспайды», — деді А.Ардавичус.

Оның айтуынша, бүгін техникалық және әкімшілік тексерістер басталған. «Ертең 17,00-де Қызыл алаңда салтанатты түрде жарыстың сөресіне шығамыз. Менің командам жаңа құраммен шығып отыр. Біз Tatra автокөлігімен жарысқа қатысамыз», — деп толықтырды ол.


 
0
0
506

Осы тақырып бойынша

Astana Dakar ертең «Жібек жолы-2013» ралли-рейдіне шығады - Yvision.kz