Сүйікті мекен: Жапония, Фукуока
Әлемдегі ең сүйікті мекеніңіз қандай? Бұл сұраққа әр адам әр түрлі жауап берер: біреулер салтанатты Парижге асықса, біреулер Лондонның жаңбырын армандайды, үшіншісі Бомбейді қызық көрсе, төртіншісі туған ауылын сағынып отырады. «Екпін» жобасы жазғы демалысты пайдаланып, оқырмандарының әлемдегі сүйікті мекендері жайында сұрастырып көрді. Алғашқы кейіпкеріміз: алматылық Токио тұрғыны Жанна Карчиганова. Жапониядағы ең сүйікті қалам - Фукуока қаласы. Алғаш Жапонияға келгенде бұл қалада бір жылдай тұрдым, сондықтан Жапониядағы туған жерім дей аламын. Фукуока транспорт жүйесі көбіне автобустарға бағынышты. Себебі метро жүйесі аса дамымаған. Бірақ бір кереметі, қала орталығынан аэропортқа метромен 11 минутта жетуге болады. Мұндай қолайлылықты басқа еш жерден кездестірген емеспін. Ал автобустары…