ru
Default banner
Разное
426 635 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының тұсаукесеріне әйгілі футболшы Луиш Фигу қатысты

 

Бүгін Елордада «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының тұсаукесері өтуде. Оған әйгілі футболшы Луиш Фигу қатысып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Барселона» мен «Реал Мадрид» клубтарының құрамында болған, ФИФА нұсқасы (2001) бойынша ең үздік футболшысы Луиш Фигу, тұсауы кесіліп отырған Президенттік спорттық клубтың Қазақстандағы спорттың дамуына үлкен ықпалын тигізетініне сенімін білдірді.

 

«Астана» Президенттік клубының тұсаукесеріне қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Бұл спорттың, инфрақұрылымның және спорт менеджментінің дамуына оң ықпалын тигізеді», — деді ол баспасөз мәслихаты барысында.

Бұған қоса Луиш Фигу клубтың тұсаукесеріне қонаққа шақырғаны үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

«Спортты дамытуға, әсіресе футболға қатысты келгенде өз тарапымнан қолымнан келгеннің барлығын жасауға даярмын», — деп толықтырды ол.