Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Астана көшелерін әуенге бөлейді

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Астана күнін мерекелеу құрметіне Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін қомақты бағдарлама дайындап, өнер көрсетпек.

Бүгін 5 шілде күні түске дейін сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін әскери музыканттар қала әкімдігінің алдындағы орталық алаңда плац-концерт өткізеді.
Осы күні кешке сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін сол жақ жағалаудағы «Бәйтерек» кешені жанында Band-marafon болады.
Келесі күні, 6 шілдеде таңертеңгі сағат 11-де Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Республика даңғылы бойынша марш-парад жасайды. Музыкалық шерудің басы Самал шағын ауданынан басталып, ал соңғы нүктесі әкімдік жанындағы орталық алаң болмақ.
Түстен кейін Орталық әскери оркестр басқа творчестволық ұжымдармен бірге Қазақ Елі алаңындағы гала-концертке қатысады.
Өнер көрсету барысында әскери марштар мен классикалық әуендер әуелеп, қазіргі заманғы композициялар да ойналатын болады. Астаналықтар әскери музыканттардың кәсіби шеберліктерін өз көздерімен көре алады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
396

Осы тақырып бойынша

Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Астана көшелерін әуенге бөлейді - Yvision.kz