ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қапашағайда ашық суда жүзуден VI Азия чемпионаты өтті

 

Қапашағай су қоймасындағы «Неаkеn» демалыс орны маңында ашық суда жүзуден VI Азия чемпионаты өтті, деп хабарлады BNews.kz тілшісі облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасына сілтеме жасай отырып.

Чемпионаттың ашылу салтанатына ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов қатысты.

Алматы облысында мұндай жарыстар алғаш рет өткізілді. Қазақстан атынан жүзуден 10 спорт шебері: 5 ер және 5 әйел қатысты. Гонгконгтан чемпионатта 8 әйел мен сонша ер адамнан тұратын команда өнер көрсетті. Оманнан 4 жүзгіш, Иран, Қырғызстан мен Өзбекстаннан екі спортшы және Сириядан бір-бірден қатысты.

Ерлер арасында 5000 метрге жүзуден қазақстандық Виталий Худиков бірінші болып мәреге жетті, екінші болып сириялық Мухаммед жетсе, ал үздіктер үштігін тағы бір қазақстандық спортшы Бекше Жұмағали түйіндеді.

Қыздар арасындағы жүлделі үштік төмендегідей: 1-орын — Гонконгтан келген Наташа Терриге тиесілі, ал екі қазақстандық спортшылар Ксения Романчук 2-орын, ал Мария 3-орынды иеленді.

Біздің спортшылардың жеткен жетістікерінің арқасында Қазақстан құрамасы ашық суда жүзуден Азия чемпионатында жалпыкомандалық бірінші орынға қол жеткізді.