Мазмұнға өту

Жаңа

Астанаға Франциядан велосипедпен 7 мың шақырым жүріп өткен спортшы келді

Бүгін «The Sun Trip» веложарысының қатысушысы Раф Ван Холь  Астанаға бірінші болып жетіп, жоба жеңімпазы атанды деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыра.

  • Сурет EXPO 2017 Astana-ның Фейсбуктегі парақшасынан алынды

«The Sun Trip: Астана ЭКСПО-2017 бағытында» атты веложарыс 15 маусымда Францияның Савойя қаласында басталған еді. Савойядан шыққан әрбір жарысқа қатысушы Астанаға дейін жүріп өту жолын өзі таңдаған. Велошабандоздар Венеция, София, Бухарест, Одесса, Ыстамбұл. Сочи, Баку, Атырау және Ақтөбе қалаларында тоқтап өткен.

 

Жарыс мәресіне бірінші болып жеткен «Solar Wind» командасының өкілі Раф Ван Холь 38 күн ішінде 7 мың шақырымнан астам жерді «шайтан көлікпен» жүріп өткен.

«Еуропа жұртшылығының көпшілігі Қазақстанның қандай ел екенін және мұнда кең шалқар әсем дала бар екенін білмеген. Сол себептен мен өз көзіммен көріп, жақсы әсер алу үшін осы сапарға шықтым», — деді жарыс жеңімпазы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мәре сызығын екінші болып Франция тұрғыны Жордж Мойта кесіп өтеді деп күтілуде. Ал, қалған веложарыс қатысушылары Астанаға екі апта ішінде жетуі мүмкін. Жарыс қатысушыларының барлығын басы Астанаға жиналған соң, елордада веложарыс өткізу көзделген.

Автор Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА, фотоны түсірген Бауыржан ЖУАСБАЕВ.
 
0
0
329

Қарағандының «Шахтер» командасы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты

Футболдан Қарағандының »Шахтер» командасы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты, деп жазады Аламан спорт сайты.

«Қазақстан чемпионы БАТЭ (Белорусь) клубын ұтты. Борисов қаласында өткен кездесуде қарағандылықтар 1:0 есебімен ұтқан еді. Ал Қарағандыдағы кездесуде есеп ашылған жоқ. Біздің команда жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасады», деп көрсетілген жазбада.

68 минутта қонақтар сапынан Сергей Кривец пенальти соға алмады. Артынша «Шахтер» сапында ойынға жаңадан шыққан Игорь Зенькович 82 минутта керемет гол салып, үшінші кезеңнің жолдама мәселесін толық шешті. Осылайша екі ойында да жеңіске жеткен біздің чемпиондар еуротурнирдегі жолын ары қарай жалғастырады.

«Шахтер» келесі өз алаңындағы ойынын Астана арена стадионында өткізеді. Қарағандыдағы стадион УЕФА стандартына жауап бермейді. «Шахтердің» келесі қарсыласы түн ауа белгілі болады.

«Шахтер»  — БАТЭ (Борисов, Беларусь) 1:0 (0:0)

Гол: Зенькович 82 (1:0)

Пенальти соға алмады: Кривец 67

Ескертулер: Порываев 30, Джидич 54, Мокин 67, Малый 68, Симчевич 77 — Лихтарович 23, Родионов 68

«Шахтер»: Мокин, Василевич, Порываев, Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян (Зенькович 70), Каньяс (Байжанов 90), Финонченко (Габышев 87), Хижниченко

БАТЭ: Горбунов, Радьков, Бордачев (Юревич 81), Филипенко, Поляков, Лихтарович (Павлов 53), Володько А., Алексиевич, Кривец, Глеб (Концевой 75), Родионов

Төреші: Штефан Клосснер (Швейцария)

Бірінші ойын: 1:0.

 
0
0
359

Кукушкин келесі кезеңге өтті

Астана қаласында теннистен өтіп жатқан «Президент кубогында» жерлесіміз Михаил Кукушкин келесі кезеңге өтті. Ол Словакиядан келген теннисші Адриан Сикорды ( 7:5; 7:6; 7:2;) жеңді.

Михаил Кукушкиннің келесі кезеңдегі қарсыласы аустралиялық Дейн Проподжи болады. Дейн алғашқы кезеңде еліміздің атынан сынға түскен Алексей Нестеровты қапы қалдырды. Екі сетке созылған ойындағы есеп 6:3; 6:1 есебімен аустралиялық теннисшінің пайдасына шешілді.

Ерлер арасында жарыстың басты жүлдесіне үміткер Израильден келгенДуди Села тағы бір жерлесіміз Денис Евсеевты жарыс жолынан шығарды. Есеп 6:1; 6:2. Әйелдер арасында әлемдік рейтінгідегі көрсеткіші жоғары португалдық Мария Жоао Кохлер де келесі кезеңге сүрінбей өтті. Ол Тайландтан келген Нуднид Луаннды екі сет қорытындысы бойынша 6:1; 6:2 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетсек, теннистен «Президент кубогы» 22 шілде күні басталған болатын. Жарыс 28 шілде күні өз мәресіне жетеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

 
0
0
311

Футбол жаңалықтары

Еуропа алаңдарында трансфер маусымы қызып тұр. Футбол базарындағы соңғы ауыс-түйістерден хабардар болыңыздар!

Кевин Гамейро «Севильяға» ауысты


Францияның және «ПСЖ» клубының шабуылшысы Кевин Гамейроиспандық «Севильяға» ауысатын болды. Бұл туралы Le Parisien басылымы хабарлап отыр.

26 жастағы футболшы жақын күндері испандық команданың медициналық тексеруінен өтеді. Гамейроның трансферлік ауысым құны 28 миллион еуроға бағаланған.

2012-2013 жылғы маусымда Кевин Гамейро «ПСЖ» сапында 25 кездесуге қатысып, соның 8-де ерекше көзге түскен екен.

Нани «Манчестер Юнайтедтен» кететінін мәлімдеді


Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсететін португалдық жартылай қорғаушы Луи́ш Нани команда ауыстыратынын мәлімдеді.

Португалдық футболшы мен «қызыл сойқандар» арасындағы келісім-шарт 2014 жылға дейін жасалған болатын. Алайда қосалқы құрамда қалып жүрген футболшы команда ауыстырғанды жөн көрген секілді. Әзірге манчестерлік команда Наниды 10 миллион еуроға бағалап отыр.

Қазіргі таңда 26 жастағы жартылай қорғаушымен Францияның «Монако» клубы келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер Нани француз командасының жейдесін киетін болса, клуб басшылығы футболшыға жылына 7 миллион жалақы төлейтінін айтуда. Сонымен қатар, Еуропаның танымал «Интер», «Рома», «Тоттенхэм» және махчкалалық «Анжи» футбол ұжымдары да Наниге қызығушылық танытуда.

Роберто Сольдадо ағылшын жерінде доп тебуі мүмкін


Испаниялық «Валенсия» футбол командасының шабуылшысы Роберто Сольдадо жақын арада ағылшындық «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін. Бұл туралы испандық Marca басылымы хабар таратып отыр.

Испания құрамасының шабуылшысының трансферлік құны 30 миллион еуроны құрады. Алайда ағылшындық футбол клубының ұжымы «Валенсияға» 26 миллион еуро ұсынуда. Әзірге қос ұжым келіссөздер жүргізуде. Егер испандық шабуылшы «Тоттенхэм» сапын толықтыратын болса, футболшының жылдық табысы 3,5 миллион еуроны құрамақ.

Гонсало Игуаин  «Наполи» жейдесін киеді


Мадридтік «Реалдың» атақты шабуылшысы Гонсало Игуаин италияндық «Наполи» командасына ауысатын күн алыс емес. Осы уақытқа дейін аргентиналық шабуылшы үшін ағылшындық «Арсенал» клубы талас жүргізіп келген болатын. Алайда канонирлік команда «корольдік клубқа» 28 миллион еуродан артық шығындалмайтынын жеткізген-ді.

AS басылымының хабарлауы бойынша, «Наполи» басшылығы мадридтік клубқа 37 миллион еуро ұсынған. Егер аргентиналық шабуылшы команда сапында керемет көрсеткішке қол жеткізіп жатса, италияндықтар «Реалға» тағы да 3 миллион еуро беретінін жасырмады. 25 жастағы шабуылшы жақын күндері Италияға жол тартады. Игуаинның жылдық жалақысы 6 миллион еуроны құрап отыр. Бұдан шабуылшыға «корольдік клуб» төлеген жалақыдан 1 миллион көп екені анық.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 
0
0
787

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Үндістан Ұлттық қорғаныс университетінде оқуға кандидаттарды іріктеу жариялайды

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер Үндістан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетіне қабылдануға кандидаттарды іріктеу жүргізуде. Пуна қаласында орналасқан әскери академияда білім алуға тілек білдірушілер 15 шілде мен 26 тамыз аралығында жергілікті жердегі әскери комиссиариаттарға баруы тиіс.

Білім алуға арналған квоталар саны шектеулі, академия курсанты атануға барлық үміткерлердің ішінен тек бес қазақстандық мүмкіндік алады.

Кандидаттарғы мынадай бірқатар талаптар қойылады:

- Үндістан Ұлттық қорғаныс универсситетінде оқу ниет білдірушінің қабылдану сәтінде бойдақ, 17-23 жас аралығында болуы тиіс;
- орта білім туралы аттестаты болуы тиіс, ҰБТ тапсырғаны туралы сертификат міндетті емес;
- ағылшын тілін еркін меңгерген және оны растайтын сертификаттары немесе дипломдары боуы тиіс;
- әскери-дәрігерлік комиссиядан өту нәтижесі бойынша кандидат әскери қызметке жарамды болуы тиіс;
- үміткерлер толық арнайы тексеруден өтеді.

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер құжаттарды 2013 жылғы 26 тамызға дейін қабылдайды. Келесі кезең – ағылшын тілін білуге тестілеу және дене даярлығы бойынша сынақ тапсыру. Оның барысында үміткерлердің күші, шыдамдылығы мен ептілігі тексерілетін болады. Екі сынақ та Астанада өтеді. Іріктеуден өткен кандидаттармен Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Әскери атташесімен сұхбар ұйымдастырылатын болады.

Барлық кезеңдерден табысты өткен кандидаттар Қазақстан Қорғаныс министрлігіне сұхбаттасуға шақырылады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы бекіткен кандидаттар Үндістан Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға кетерге дейін тілдік даярлықтан өту үшін Құрлық әскерлері әскери инстититутына жіберіледі.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
415

Қазақстан Қарулы Күштерінде резервистерді даярлау жалғасуда

Семей қаласындағы оқу-жаттығу орталығының базасында лагерлік жиындардың кезекті кезеңі аяқталып, онда запастағы әскери міндеттілерді даярлау, запастағы сержанттар мен солдаттарды қайта даярлау және олардың әскери білімдерін жетілдіру жүргізілді.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде әскери қызметшілермен жиын өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жазғы оқу кезеңіндегі республикалық жұмылдыру даярлығы іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырылады.

Әскери міндеттілер даярлық барысында әскери білімдерін арттырып, қару-жарақ пен әскери техниканы және оларды ұрыста қолдану тәсілдерін зерделеді, сондай-ақ оларды пайдаланудағы практикалық дағдыларын жетілдірді.

-    Әскери міндеттілерді даярлауда негізінен әскери лауазымдар бойынша міндеттерді табысты орындау үшін қажетті қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану кезіндегі далалық машықтану мен практикалық дағдыларын бойға сіңіруге назар аударылады, - деп атап өтті лагерлік жиынның басшысы подполковник Файзолла Досанов.

Лагерлік жиындар әскери патриоттық тәрбие жөніндегі сабақтармен, Отан алдындағы әскери борыш, қызметке деген саналы көзқарас туралы сұхбатпен басталды.

Жиын барысында әскери бөлімнің офицерлері мен сержанттары запастағы әскери міндеттілермен саптық даярлық, дене даярлығы, жалпы әскери жарғылар бойынша бақтар өткізді. Содан соң әскери міндеттілерді даярлаудың негізгі кезеңі – әскери мамандықтар бойынша даярлау басталды.

Әскери міндеттілер оқу-жаттығу базасын барынша пайдалану арқылы арналған өз әскери мамандықтары бойынша үйретіледі. Тактикалық, атыс, техникалық  даярлыққа және жауынгерлік машиналарды жүргізуге айрықша назар аударылады. Әскери техникадағы іс-қимылдарға алғашқы үйрету тораптар, агрегаттар және оқу-жаттығу құралдарында жүргізіледі.
Даярлық барысында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, инженерлік, әскери-медициналық даярлық, әскери топография сияқты басқа пәндерді де зерделеуге көңіл бөлінеді.

Әскери міндеттілердің пікірінше олардың жиындарда өткізген уақыттары өздерінің шыдамдылықтарын, күштері мен әлеуеттерін тексеруге, атыс қаруынан атып, әскери техниканы жүргізіп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Әскери міндеттілер олар алған білім мен тәжірибе Отан қорғау үшін әрбір ер азаматқа қажет екеніне кәміл сенеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
315

Касса алдында болған нағыз ажиотаж!

Кеше әріптесімнің туған күнін атап, достардың үйіне қонып, бүгін таңертең жұмысқа шығып бара жатқанда, Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы орталық стадион кассасы алдында мынадай картинаны көрдім. Жергілікті Ақтөбе мен Норвегияның Хедд футбол клубтары арасында Еуропа лигасы шеңберінде өтетін матчқа билет сатылып жатыр екен. Бармайм ба, жақындап, кезекке тұрып. Сағат таңғы тоғыз. 5 касса ашылды, кезек жаймен бұзыла бастады, тіпті бір касса алдында екі кезек тізбегі пайда болды. Билет сатып алғандар, адам көптігі кесірінен кейін шыға алмай кассаның төбесімен және оның жанындағы ағашқа секіріп шығып жатты.

Одан кейін бұны көрген билет сатушылар кассаларды жапты, одан кейін полиция қызметкерлері келді, қайта ашты, қайтадан кептеліс басталды, қайта жапты кассаны. Солай 3-4 рет қайталанды. Содан кейін жергілікті телеарналардың тілшілері келіп, репортаждарын түсіріп, ашулы сатып алушылардан сұхбат алды. Полициялар әр кассаны бөліп тастаудың орнына, алдына көлденеңінен темір кедергілер қойып қойды, 1-ші және 2-ші касса алдына жиналғандар, біртіндеп алма-кезек кіріп билеттерін сатып алып жатты. Билет құны 1000 теңге және бір адамға бес билеттен артық сатылмайды. Мен 10 шақты билет сатып алатын болғандықтан, қасыма досымды шақырып алдым, ақша да сонда болатын. Әйтеуір әне-міне деп 15 билеттей сатып алдық. Бұрындары да кезек тізбегі ұзын болатын, алайда бұндай ажиотажды көруім бірінші рет. Қорытынды: Стадион кассасы алдына кезекке тұру мәселесін қолға алу керек. Ал енді мен түсіріп үлгерген аздаған фотосуреттер:

Және ең басты айыпкер:

Назарларыңызға рахмет!)

-4
0
821

Елбасы жолдауы –жарқын болашаққа бағдар

Елбасының бүгінгі Халыққа жолдауы біздің  болашақ өсуіміздің, өркендеуіміздің нақты бағдарламасы іспетті. Мұның өзі бұрыннан бері дәстүрге айналып келе жатқан игі жақсылық. Сондықтан да оны біз бар ынта-ықыласымызбен тыңдап, қызу қолдап отырмыз. Ел келешегінің айқын айнасы ретінде қабылдап отырмыз. Сонымен қатар осы жолдау алғашқылардан ерекше. Өйткені Елбасымыз «Қазақстан 2050» атты жаңа стратегия жариялаған болатын.

Нұрсұлтан Әбішұлы осы жолдауында дін мәселесіне айрықша тоқталған болатын. Өйткені соңғы кездері теріс бағыттағы діни ағымдар мәселесі қоғамда көптеген сұрақтар тудыруда. Осындай әр түрлі сұрақтарға жауапты Елбасы тапқан болатын. «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз.Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл – факт. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз – хаос. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс.Әркімнің таңдау құқығы бар. Діни таңдауға өте үлкен жауапкершілікпен қарау керек, өйткені, адамның өмірлік салты, тұрмысы, көп жағдайда бүкіл өмірі соған байланысты.Бүгінде, интернет пен жоғары технологиялар ғасырында, ақпараттар тасқындаған заманда, «сүзгі» адамның ішінде болу керек»-, деді Президент.

Көптеген теріс бағыттағы ағымдар біздің мемлекеттілігімізге, дәстүрімізге, мәдениетімізге қарсы келіп, қауіп төндіруде. Осы мәселеге де Елбасы тоқталған болатын: «Аналарымыз, әпке-қарындастарымыз, қыздарымыз орамалға оранып алып, басқа халықтардың киімін кигені бізге керек пе? Бізбен бір дастарқанда отырып тамақ ішпеуге тиіс пе? Көлік жүргізбеуі керек пе? Мұның бәрі – басқа елдердің орныққан дәстүрлері, біздің даламызда ондай дәстүрлер ешқашан болған емес. Классиканы оқыңыздар, фильмдерді көріңіздер».

Біздің ата - бабаларымыз ғасырлай бойы исламдағы өзіндік жолды, Әбу Ханифа мазһабын ұстанып келді. Осының арқасында қазақ халқы өзінің ұлттық ерекшелігін, мәдениетін, дәстүрін сақтай алды. Сондықтан да ата-баба жолын берік ұстану дұрыс болар. Бұл жайлы Президент былай деген еді: «...Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген.Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал...Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат. Ол Қазақстанның мұсылмандары ұстанатын ханафи мазһабына қарама-қайшы...».

Елбасының осы Жолдауы, еліміздің жаңа стратегиясы халқымыздың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап беріп, мемлекетімізді жарқын болашаққа бағыттайтын бағдар болып табылады. Президент Жолдауы Қазақстан халқының әлеуметтік толысуының, оның айнымас ұлттық бірлігінің, қоғамдық келісімі мен толеранттылықты нығайтудың Елбасы айналасына топтасуының негізінің бірі болып табылады.

0
5
5774

Мақсатыңды анықта

Нәтиже болу үшін, мақсат болуы шарт екендігі белігілі. Соған қатысты жасалынатын әрекеттерді анықтауға арналған жеті  сұраққа  жауап бер.

Бірінші сұрақ.

Қандай бес құндылық сенің өміріңе шын маңызды?
Бұл сұрақ саған, шындығында маңызды, аса маңызды емес, тіпті маңызды емес саған қатысты бағытты айқындауға көмектеседі. Өзіңе маңызды бес бағытты жазғаннан кейін, соның ішіндегі орындалыс тапсын деген қатарда, приоритетіне қарай орналастыр.Сенің құндылықтарыңды анықтау мен таңдау жасай білетіндік қабілетің мақсаттарыңды ашық ұстауға, оның орындалуына септігін тигізетіндігін ұмытпа. Сонымен қатар, сенің жеке құндылықтарың тұлғалығыңның бет пердесі, анықталған бағыттар алдыңды ашық көрсетіп, таңдау – өмір салтыңды өзгертуге әсер ететіндігін байқайсың.


Екінші сұрақ.
Дәл қазырғы таңда ең басты үш мақсатың қандай?
Бұл сұраққа жауапты 30 секунд ішінде бер. Бұл әлемдік практикада тексерілген әдіс. Егер сен осы азғантай уақыттың ішінде сол үш мақсатты анықтауға жұмыстансаң, ішкі түйсік тез арада саған ең керекті мақсатты айқындап береді. Сол отыз секундтың ішінде анықталған мақсат, саған екі сағат уақыт берілседе ойланып жазылған кездегідей  нақты әрі дәл болады.
Үшінші сұрақ.
Өмір сүруіңе алты ай ғана уақыт қалды десе, сен сол уақытты қалай жұмсар едің?
Саған шын мәнінде не маңыздыны анықтауға көмектесетін сұрақ. Уақыт шектеулі болғанда тек маңыздылық жұмыс жасайтындығының дәлелі, уақыттың саған қатынасы. Ал, сен осы алты ай уақытыңды неге арнар едің?
Төртінші сұрақ.
Бүгін сен лотореядан қырық миллион теңге ұтып алдың делік,не істер едің?
Жауап жазуға екі минут уақыт, сен өміріңді қалай өзгертер едің? не сатып алар едің? Керісінше нені жасауды қояр едің? Сол екі минуттың ішінде нені жазып үлгерсең, алатыныңда сол болады.
Бұл сұрақ, сенің сәтсіздіктен қорықпай, ақша мен уақыттың мәселесі шешілген уақытта айналысатын шаруаларыңды анықтауға көмектеседі. Мұнда сенің мүмкіншілігің шексіздікке артқан жағдайда, нақты немен айналысатындығыңды көруге болады, таңдаудың өзін талдап жасауға итермелейді.
Бесінші сұрақ.
Сенің жасағың келген, бірақ тәуекелге қарап, қорқыныштан жасамаған әрекетің қандай?
Бұл сұрақ қорқыныштың сенің бастамаларыңды тежейтіндігінің әсерін көрсетеді. Сонымен қатар
қорқынышты көруге, тәуекелді байқауда реттегіш.

Алтыншы сұрақ.
Саған шынында немен айналысқан ұнайды. Жеке бастың, ішкі сезімнің рахат алуына септігін тигізетін сенің жақсы көретін ермегің қандай? Шынайы ләззатты неден аласың?
Бұл сұрақпен сенің ішкі жандүниеңмен тілейтін, жеке қабілетің жететін әрекетті анықтауға болады. Жақсы көретін ісіңмен айналықанда ғана, адам шынайы бақыттырақ сезінетіндігі белгілі, ал сенің айналысатын шаруаңды сен қалап жасайсың ба?
Жетінші сұрақ.
Егер саған сәтсіздіктің әсері болмаса, сен өзіңнің ойыңның шарықтау шегінен туындаған қандай істі қолға алып, жүзеге асырар едің?
Көз алдыңа елестет, құмырадан Джинн шығып, сенің бір арманыңды орындаймын деді. Сен ең маңызды, ең бірінші нені айтар едің?
Міне, осы сұрақтарға нақты жауап қағаз бетіне түссе, міндетті түрде орындалады деп сенсең болады. Ия, соңғы сұрақтың жауабыда орындалады, тек оған өзің сенсең  ғана болғаны. Себебі қағазға жазылған жауаптарың секілді, оларда сенің санаңа нық орнатылып, мақсаттарың бекітілді. Енді алдыға қарай талпынып, қадамдарыңды осы мақсаттарға қарай жасау ғана қалды. Ал жазылғанды өзіңнен басқа ешкім оқымасын. Дегеніңе жет.

“Мақсат, әрекет, сосын нәтиже”

 
0
0
1437

Жайдарман. Жасыбай толқыны.

Павлодар облысы, Баянауыл ауданында Жайдарман ойындарының "Жасыбай толқыны" жазғы кубогы болды.

Ойынға жоғарғы лиганың да, премьер лиганың да командалары арасынан 13 команда қатысты.

Он үш команданың ішінде барлығы даәзілімен халықты қыран-топан күлкіге қалдырды. Жасыбай көлінің жағасында демалып жатқандарға керемет сыйлық болды бұл ойын :)

Командалардың ойынынан аз-маз суреттер:

"Жасыбай толқыны" жазғы кубогы Күлтегін командасы жеңіп алды.

Әрі керемет демалыс, әрі керемет ойынды ұйымдастырып қайтқан Жайдарманшылар Жасыбай көлінің жағасына жыл сайын келуді әдетке айналдырған.

Баянауылдың табиғаты да керемет. Көзді арбайды.

0
0
1976