Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Қарулы Күштерінде резервистерді даярлау жалғасуда

Семей қаласындағы оқу-жаттығу орталығының базасында лагерлік жиындардың кезекті кезеңі аяқталып, онда запастағы әскери міндеттілерді даярлау, запастағы сержанттар мен солдаттарды қайта даярлау және олардың әскери білімдерін жетілдіру жүргізілді.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде әскери қызметшілермен жиын өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жазғы оқу кезеңіндегі республикалық жұмылдыру даярлығы іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырылады.

Әскери міндеттілер даярлық барысында әскери білімдерін арттырып, қару-жарақ пен әскери техниканы және оларды ұрыста қолдану тәсілдерін зерделеді, сондай-ақ оларды пайдаланудағы практикалық дағдыларын жетілдірді.

-    Әскери міндеттілерді даярлауда негізінен әскери лауазымдар бойынша міндеттерді табысты орындау үшін қажетті қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану кезіндегі далалық машықтану мен практикалық дағдыларын бойға сіңіруге назар аударылады, - деп атап өтті лагерлік жиынның басшысы подполковник Файзолла Досанов.

Лагерлік жиындар әскери патриоттық тәрбие жөніндегі сабақтармен, Отан алдындағы әскери борыш, қызметке деген саналы көзқарас туралы сұхбатпен басталды.

Жиын барысында әскери бөлімнің офицерлері мен сержанттары запастағы әскери міндеттілермен саптық даярлық, дене даярлығы, жалпы әскери жарғылар бойынша бақтар өткізді. Содан соң әскери міндеттілерді даярлаудың негізгі кезеңі – әскери мамандықтар бойынша даярлау басталды.

Әскери міндеттілер оқу-жаттығу базасын барынша пайдалану арқылы арналған өз әскери мамандықтары бойынша үйретіледі. Тактикалық, атыс, техникалық  даярлыққа және жауынгерлік машиналарды жүргізуге айрықша назар аударылады. Әскери техникадағы іс-қимылдарға алғашқы үйрету тораптар, агрегаттар және оқу-жаттығу құралдарында жүргізіледі.
Даярлық барысында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, инженерлік, әскери-медициналық даярлық, әскери топография сияқты басқа пәндерді де зерделеуге көңіл бөлінеді.

Әскери міндеттілердің пікірінше олардың жиындарда өткізген уақыттары өздерінің шыдамдылықтарын, күштері мен әлеуеттерін тексеруге, атыс қаруынан атып, әскери техниканы жүргізіп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Әскери міндеттілер олар алған білім мен тәжірибе Отан қорғау үшін әрбір ер азаматқа қажет екеніне кәміл сенеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
277

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Қарулы Күштерінде резервистерді даярлау жалғасуда - Yvision.kz